Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:

Инновациялық гранттарды беру


1. Бағдарлама мәнін баяндау (атауы, іске асырушылар, жобаға қатысушылар қандай жетістікке қол жеткізеді).

Бұл бағдарламаға қатыса отырып, Сіз өндіріс көлемін және тиімділігін арттыру және/немесе өз өндірісіңіздің энергия шығынын төмендету бойынша инновациялық технологияларды енгізу үшін мемлекеттен грант ала аласыз. Қаражат қайтарымсыз беріледі. Бағдарлама шеңберінде компанияға 363 миллион тенгеге / 2,5 млн. долл. дейін грант беріледі.

1.1. Инноваци ялық грант тар келесі басым бағыттарға беріледі:

· минералды және көмірқышқыл шикізатын іздеудегі, өндірудегі, тасымалдаудағы және өңдеудегі прогрессивті технологияларға;

· тау – металлургиялық кешеніндегі прогрессивті технологияларға;

· агроөнеркәсіп кешеніндегі прогрессивті технологияларға;

· биотехнологияларға;

· химия және мұнай - химия прогрессивті технологияларына;

· жаңа материалдарды пайдалануды қосқанда машина құрылысындағы прогрессивті технологияларға;

· баламалы энергетика және энергия тиімділігі технологиясына;

· инфокоммуникациялық технологияға;

Нақтырақ мына жерден қараңыз. http://www.natd.gov.kz/pdf/NPB-1.pdf

1.2 Грант алу түрлері мен талаптары:

Өтінім беруші

Грант түрлері

Мөлшері

Кезеңі , айы

Пайдалану бағыты

Қаржыландыру талабы

1

Заңды тұлға

Шетелде инженерлік-техникалық персоналдарының біліктілігін көтеру

2 млн.

тенге

3

жол ақысы, тұру, ұйымдастыру қызметі

факт бойынша өтеу, 40%

2

Заңды тұлға

Жоғары білікті шетел мамандарын тарту (квот адан тыс)

9 млн.

тенге

12

мамандар қызметі, жылына 3 -еуден артық емес

күнтізбелік жоспарға сәйкес өтеу, 40%

3

Заңды тұлға

Консалтингтік, жобалық, инжинирингтік ұйымдарды тарту

5 млн.

тенге

6

консалтинг

факт бойынша өтеу, 40%

30 млн.

тенге

18 инжиниринг факт бойынша өтеу, 30%

4

Заңды тұлға

Басқару және өндіріс технологиясын енгізу

15 млн.

тенге

12

енгізу жөніндегі шара

факт бойынша өтеу, 40%

5

Жеке және Заңды тұлға

Өнеркәсіптік зерттеу

30 млн.

тенге

20

еңбек ақы төлеу, құрал - жабдықтар және т.б.

күнтізбелік жоспарға сәйкес өтеу, 40%

6

Жеке және Заңды тұлға

Жоғары технологиялық өндірісті қолдау

50 млн.

тенге

36

құрал - жабдықтар және өндіріс ғимараттары, т.б.

күнтізбелік жоспарға сәйкес өтеу, жоба құнының 70%

7

Жеке және Заңды тұлға

Шетелде патенттеу

6,25 млн.

тенге

< 36

1) өтінім беру

2) патент

3) патентті қолдау

1) 95%, 0,75 млн. тг. артық емес,

2) 95%, 2,5 млн. тг. артық емес.

3) 90%, 3 млн. тг. артық емес.

8

Жеке және Заңды тұлға

Технологиялар алу

150 млн. тенге

< 36

лицензия / патент

Енгізу фактісі бойынша өтеу, 50%

9

Жеке және Заңды тұлға

Технологияларды коммерциализациялау

30 млн. тенге

< 30

1) тұжырым

2) өнді. прототип

1) 95%, 5 млн. тг . артық емес.

2) 95%, 25 млн. тг . артық емес.

Бағдарлама операторы:

«Технологияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ

2. Бағдарламаға кім қатыса алады/кім қатыса алмайды?

2.1. Бағдарламаға кім қатыса алады:

Экономиканың басым бағыттарында жаңа технологияларды ендіруге, өндірісті жетілдіруге, жаңа өнімді, тауарды немесе қызмет көрсетуді қалыптастыруға ниетті жеке және заңды тұлғалар. Жеке тұлғалардың (жеке кәсіпкерлердің) қазақстандық банкте шоттары болуы тиіс. Бағдарламаға қатысу үшін өтінім берушінің жобасы мемлекеттік қолдаудың басым бағыттарына сәйкес болуы тиіс. Тізім Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылдың 18 шілдесіндегі № 800 қаулысымен бекітілген.

2.2. Бағдарламаға кім қатыса алмайды:

Бағдарламаға қатыса алмайды: тарату үдерісі қолданылып жатқан, банкрот деп танылған және мүлкіне тыйым салынған және (немесе) экономикалық қызметі тоқтатылған компаниялардың иесі және бірінші басшылары, меншік иелері. Банкрот деп танылған және мүлігіне тиым салынған жеке тұлға.

3. Бағдарламаға қатысу жолдары – толтыру үлгілері, байланыс ақпараты, қажетті құжаттардың тізілімі бар сатылы нұсқаулық.

3.1. Грант беру тәртібі келесі сатылардан тұрады:

· өтінім қабылдау және оларды басым бағыттарға және талаптарға сәйкестігін қарау. Өтінім беру үшін Сіз «ТДҰА» АҚ Сараптамамен қамтамасыз ету орталығына жүгінуіңіз керек. Дүйсенбіден жұмаға дейін, 9.00 -дан 19.00 -ға дейін, мына мекен-жай бойынша: Астана қ., Достық көшесі, 18, бизнес- орталық «Москва-Парк», 7 қабат , 734 бөлме; үзіліс 12.30 -ден 14.30 -ға дейін, немесе телефон дары: 8 (71 72) 57 10 14; 8 (7172) 57 1012 (ішкі . 422, 443, 442, 477, 312)

· өтінімдерге тәуелсіз сараптама жасау;

· өтінімде көрсетілген шығындардың растығын тексеру;

· гранттарды ұсыну немесе бас тарту туралы шешім қабылдау;

· Сізбен инноваци ялық грант беру туралы шарт жасау.

3.2. Грант алу үшін қажетті негізгі құжаттар:

· грант алу өтініші;

· өтініш беруші сауалнамасы;

· жоба төлқұжаты;

· күнтізбелік жоспар жобасы;

· шығындар сметасының жобасы;

· заңды тұлғалар үшін – салық төлеушінің салықтық берешегінің және төлеу мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда, өтінім беру күнінің алдыңдағы үш айдан артық жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешегінің жоқтығы немесе болуы туралы анықтамасының түпнұсқасы;

· жеке тұлғалар үшін - салық төлеушінің салықтық берешегінің жоқтығы немесе болуы туралы салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы;

· өтінім берушінің банк алдында 3 айдан артық емес мерзімі өтіп кеткен берешегінің жоқ екендігі туралы банк (банктер) анықтамасының бірінші басшы немесе оны алмастыратын тұлғаның қолтаңбасы қойылып, мөрі басылған түпнұсқасы. Егер, өтінім беруші бірнеше банктің клиенті болса, олардың әрбірінен анықтамалар ұсыныды;

· қосылған құн салығына есепке қою туралы куәліктің түпнұсқасы мен көшірмесі, салыстырып-тексеру жүрізілгеннен кейін құжаттың түпнұсқасы өтініш берушіге қайтарылады. Пошта арқылы түскен жағдайда қосылған құн салығына есепке қою туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;

· заңды тұлғалар үшін - өтініш берушінің Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес соңғы 2 (екі) жылдағы қаржылық есептілігінің көшірмесі, егер заңды тұлға 2 (екі) жылдан кем қызмет етсе, соңғы жылдағы қаржылық есебі ұсынылады;

· заңды тұлғалар үшін - өтінімді қолма-қол ұсынған жағдайда мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) куәлігі мен жарғысының түпнұсқасы және көшірмелері тексерілгеннен кейін түпнұсқа өтініш берушіге қайтарылады. Пошта арқылы түскен жағдайда мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) куәлігі мен жарғысының нотариалды куәландырылған көшірмесі;

· заңды тұлғалар үшін - заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған бірінші басшының тағайындалуы/сайлануы туралы құжаттың көшірмесі;

· заңды/жеке тұлғалар үшін - басшы болып табылмайтын тұлғаға өтінім беру, қол қою және инновациялық грант беру туралы шартқа қол қою құқықтары берілген құжат;

· жеке тұлғалар үшін - өтінімді қолма-қол ұсынған жағдайда жеке басын куәландыратын құжатының, әлеуметтік жеке код беру туралы куәліктің, Қазақстан Республикасының салық төлеушісі куәлігінің түпнұсқалары мен көшірмелері, салыстырып-тексеру жүргізілгеннен кейін түпнұсқалар өтініш берушіге қайтарылады. Пошта арқылы түскен жағдайда жеке басы куәлігінің не паспорттың, әлеуметтік жеке код беру туралы куәліктің, Қазақстан Республикасының салық төлеушісі куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмелері;

· лицензиялардың, патенттердің, куәліктердің, дипломдардың, сертификаттардың және өтініш берушінің ғылыми-техникалық саладағы жұмыстарды орындауға біліктілігін растайтын құжаттардың көшірмелері мен түпнұсқалары (бар болған жағдайда). Салыстырып-тексеру жүргізілгеннен кейін түпнұсқалар өтініш берушіге қайтарылады. Өтінім пошта арқылы түскен жағдайда өтініш берушінің ғылыми-техникалық саладағы жұмыстарды орындауға біліктілігін растайтын лицензиялардың, патенттердің, куәліктердің, дипломдардың, сертификаттардың және өтініш берушінің ғылыми техникалық саладағы жұмыстарды орындауға (болған жағдайда) біліктілігін растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;

Гранттардың әрбір түрі үшін құжаттардың тізімін мына жерден жүктей аласыз. Өтінімді дайындаған кезде check-list мәлеметтерімен тексеру ұсынылады . Қатысу шарттары , т алаптары , тетіктері , қажетті құжаттар тізімімен және толтыру үлгісімен 2012 жылдың 9 тамызындағы № 1035 , 1036 , 1037 ҚР Үкіметі қаулысымен бекітілген ережелерде жазылған.

4. Бағдарламаға қатысуды мерзімінен бұрын тоқтату талаптары. Бағдарлама қатысушыларының жауапкершілігі.

Грант беруден бас тарту келесі жағдайларда жүзеге асады:

· ұсынылған құжаттардың сәйкес еместігі анықталса;

· тәуелсіз сарапшылардың теріс қорытындысы болса;

· өтінім беруші күмәнді ақпарат ұсынса.

Мерзімінен бұрын тоқтату талаптары және грант алушылардың жауапкершілігі 2012 жылдың 9 тамызындағы ҚР Үкімет қаулыларымен бекітілген № 1035 , 1036 1037 ережелерінде көрсетілген. Олар агенттіктің сайтында орналасқан : http://natd.gov.kz/6month-test/npb/.

5. Бағдарламаға қатысушылардың алдында ашылатын жаңа мүмкіндіктер.

6. Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ- парақ)

Сұрақ: «Инновациялық грант дегеніміз не?»

Жауап: Инноваци ялық грант – бұл, индустриал ды -инноваци ялық жобаларды іске асыру үшін қайтарымсыз берілетін бюджеттік қаражат.

Сұрақ: «Грант алудың жаңа артықшылықтары туралы айтыңызшы?»

Жауап: - 2012 жылдың 9 қаңтарындағы №534-IV «Индустриалды -инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» жаңа заңның қабылдануына байланысты инновациялық грант тардың түрлері 4 тен 9 дейін болды;

- егер бұрын конкурстың басталғаны туралы хабарлама шыққаннан кейін 1 ай бойына өтінім жылына бір рет қабылданса, енді өтінім қабылдау тұрақты негізде жүреді;

- мемлекет инновациялық гранттарды қосақаржыландыру жағдайында ұсынады және жобаны іске асыру шығындарын өтейді. Бұл өтінім берушілердің жобаны іске асыруда табысқа жету жауапкершілігін көтереді, бюджет қаржысын мақсаттан тыс пайдалану мүмкіндігін төмендетеді;

- өтінімді бағалау үшін тәуелсіз шетел сарапшыларын тарту міндеттерін заңнамалық деңгейде бекітеді;

- гаранттарды беру үдерісінде бірінші рет бюджеттік жылмен қатаң байланысты емес және 31 желтоқсанға дейін грант алушыға берілмеген қаражат келесі жылға өтеді. Осыған байланысты бағдарламаны қаржыландыру үзілмейді және жылына 12 ай бойы жүзеге асырылады. Нақтырақ қараңыз . http://www.natd.gov.kz/pdf/2.pdf

Сұрақ: «Қазақстанда заманауи өндірісті ұйымдастыру және құрылыс жобасын іске асыру үшін инвестиция іздеп жүрмін. Сіздің компания осындай жобалармен айналыса ма?»

Жауап: Перспективті жобаларды және инновацияны қолдау үшін мемлекет кәсіпорындарға грант береді. Инновациялық гранттар беру басым бағыттар шеңберінде жүзеге асырылады. Негізгі бағыттар мен ережелер келесі құжаттарда:

- 2012 жылдың 9 тамызындағы № 1036 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Технологиялар алуға, өнеркәсіптік зерттеулер жүргізуге, дамудың бастапқы сатысында жоғары технологиялық өнімдер өндірісі жөніндегі қызметтерді қолдауға, шет елдерде және (немесе) өңірлік патенттік ұйымдарда патенттеуге инновациялық гранттар ұсыну ережесінде;

- 2012 жылдың 9 тамызындағы № 1037 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген технологияларды коммерциялауға инновациялық гранттар ұсыну ережесінде жазылған;

Сонымен қатар, мемлекеттік қолдаудың маңызды құралы болып венчурлық және жобалық қаржыландыру табылады. Инвестиция агенттікпен келесі бағыттарды жүзеге асырылады:

1) индустриалды -инновациялық қызмет субъектілерінің жарғылық капиталына қатысу жолымен индустриалды -инновациялық жобалар;

2) инвестициялық қорларды құру немесе қатысу жолымен индустриалды -инновациялық жобалар (ҚР аумағында және шетелде);

3) технопарктерді, технологияларды коммерциялау орталықтарды, салалық конструкторлық бюроларды, технология трансфертінің халықаралық орталықтарын құруда, басқаруда және үйлестіруде.

Агенттік и ндустриалды -инновациялық жобаларды жобалық компанияның жарғылық капиталында бақылаушы емес үлеспен (49% артық емес) қатысу арқылы қаржыландырады. Аталған қаржыландыру шартында өтінім беруші жобалық компанияның жарғылық капиталында 51% кем емес қатысуы болжанады. Сонымен қатар, патентпен куәландырылатын зияткерлік меншік нысанына құқық жарнасы жобалық компанияның жарғылық капиталының 20% астам мөлшерінде жол беріледі. Индустриалды-инновациялық жобаларды қаржыландыру мүмкіндігін қарастыру үшін агентікке индустриалды-инновациялық жобаларды қаржыландыру өтінімін беру және қарастыру ережелеріне сәйкес құжаттар топтамасын ұсыну қажет. Қаржыландыру құралдарымен нақтырақ агенттік сайтынан таныса аласыздар www.natd.gov.kz/

Сұрақ: «Шет елде патенттеу мақсатында грант алу үшін қандай құжаттар керек? Грант қандай мерзімге беріледі? Қазақстандық патент болуы керек пе немесе бір уақытта ҚР және шет елде патент алуға өтінім беруге болады?»

Жауап: Өтінім беруші инновациялық грант алуға өтінімді инновациялық гранттар ұсынудың басым бағыттарына сәйкес болған жағдайда белгілі бір жобаға өтінімді тікелей ТДҰА бере алады. Инновациялық грант беру туралы шешімді тәуелсіз сарапшының оң қортындысының және инновациялық грант бойынша өтінген шығындарының дәлелдігі негізінде агент қабылдайды.

Осыған байланысты, Сіз шет елдерде және (немесе) өңірлік патенттік ұйымдарда патенттеуге грант алу мерзімдері мен талаптары, қажетті құжаттар көрсетілген № 1036 ережесімен танысуыңыз қажет. № 1036 ереженің мәлеметтерімен нақтырақ агенттік сайтындағы www.natd.gov.kz/ " Инноваци ялық гранттар" бөліміндегі "Нормативті - құқықтық база" тармақшасынан таныса аласыз.

Сұрақ: «Грант алу бойынша кеңес алғым келеді. Қандай телефон нөміріне хабарлассам болады?»

Жауап: Барлық сұрақтар бойынша Сіз мына мекен жайға хабарласа аласыз: Астана қ., Достық көшесі, 18, бизнес-орталық «Москва», 7 қабат, 734 бөлме, тел.: 57-10-14; 57-10-12 (вн. 422), сонымен қатар электронды пошта: Asel.Karbayeva@natd.gov.kz, Maxim.Choporov@natd.gov.kz»

Сұрақ: «Егер өнертабысқа өтінім берілгенімен, патент алынбаса, грант алу үшін өтінім беруге болады ма?»

Жауап: Егер, бұл жағдай - технологияны коммерциялау гранты туралы айтылып отырса, онда, болады. Сонымен қатар, аталған грант қаражаты есебінен патенттеу шығындарын ішнәра өтеуге болады (жобаны іске асыру шығындарынан 10% артық емес мөлшерде). Бұл жағдайда , құжаттарды беру кезінде патент алу өтініші жеткілікті болып табылады.

Сұрақ: «Мен қызмет көрсету саласында бірнеше бағытпен айналысамын, гранттар туралы сөйлесіп, нақтырақ білгім келеді?»

Жауап: Саламатсыз ба! Сіз «ТДҰА» АҚ Сараптамамен қамтамасыз ету орталығындағы кез -келген сарапшыдан дүйсенбіден жұмаға дейін , сағат 9.00 -дан 19.00 -ге дейін, мына мекен-жай бойынша: Астана қ., Достық көшесі, 18, бизнес- орталық «Москва-Парк», 7 қабат , 734 бөлме; үзіліс: 12.30 -ден 14.30 -ға дейін , немесе мына телефон дар арқылы: 8 (71 72) 57 10 14; 8 (7172) 57 1012 ( ішкі 422, 443, 442, 477, 312) кеңес ала аласыз.

7. Бағдарлама бойынша статистика (басталған сәттен қатысушылардың жалпы саны, аяқталған жобалардың саны, игерілген қаражаттардың ақшалай көлемі, жиынтық экономикалық тиімділік, аймақ бойынша қатысушылар статистикасы және компаниялардың шамасы (шағын/орта/ірі бизнес).

Инновациялық гранттарды беру 2010 ж. басталды. 2010 – 2013 жылдар аралығында 1 200 өтінім қаралып , олардың арасынан 197 жоба алынып, нәтижесінде жалпы сомасы 9,3 млрд. тенге гранттар берілді.

02.09.2013 ж. жағдай бойынша «ӨНІМДІЛІК -2020» бағыты бойынша инновациялық гранттар ұсыну» және «Ұлттық инновациялық жүйе институттар қызметін төлеу» бағдарламаларының жиынтық есебін мына жерден жүктей аласыз


Назад
Жақындағы оқиғалар

ҚР ҰБ валюта бағамы
  • USD АҚШ доллары 310.4
  • EUR Евро 347.06
  • CNY Қытай юані 45.3
  • RUB Ресей рублі 5.5
  • GBP Ағыл. фунты 398.62
Хабарландыру тақтасы