Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:
Қашықтықтан оқыту системасы

Жеткізушелердің тауарлық несиесін сақтандыру


1. Бағдарлама мәнін баяндау (атауы, іске асырушылар, жобаға қатысушылар қандай жетістікке қол жеткізеді).

Сақтандырудың бұл түрі арқылы Сіз шетелдік контрагенттердің (серіктестің) қаржылық міндеттемелерін орындамауынан келтірілген шығындарды өндіріп ала аласыз.

Сақтандыру талаптары:

1.1. Сақтандыру өтемі:

· коммерциялық тәуекелдер бойынша – келтірілген шығын сомасынан 80% дейін;

· саяси тәуекелдер бойынша – келтірілген шығын сомасынан 90% дейін.

1.2. Сақтандыру құны:

· Сақтандыру полисінің құны ел тәуекелін, шетел контрагентімен байланысты тәуекелді және төлемді кейінге шегеру талаптарын есепке ала отырып, жеке есептеледі;

· Тауарларды/жұмысты/қызмет көрсетуді экспорттау кезінде сақтандыру құны 0,3%- тен 5% құрайды ; белгілі бір кезеңде экспорттың барлық жоспарланған көлемін сақтандыру кезінде мәнді жеңілдіктер ұсынылады;

· Сіз сақтандыру құнын арнайы калькулятор көмегімен жеке бағалай аласыз.

1.3. Сақтандыру кезеңі:

· Қысқа мерзімді –12 айға дейін;

· Орта мерзімді – 1 жылдан 5 жылға дейін;

· Ұзақ мерзімді – 5 жылдан аса.

Сақтандыру талаптары туралы нақтырақ Экспорт несиелерін сақтандыру ережесінен біле аласыз.

Бағдарлама операторы:

«ҚазЭкспорт Кепіл» экспорттық несиелік сақтандыру корпорациясы» АҚ

2. Бағдарламаға кім қатыса алады?

Бағдарламаның мақсатты тобына шикізаттық емес тауарлармен, жұмыстармен, қызмет көрсетумен айналысатын қазақстандық барлық экспорттаушылар кіреді.

2.1. Корпорация сақтандыру өтемін жүзеге асырады, егер:

2.1.1. Коммерциялық тәуекелдер бойынша:

· шетел контрагенті банкротқа ұшыраса;

· шетел контрагенті келісім - шарт талаптары бойынша өзінің қаржылық міндеттемелерді орындамаса.

2.1.2. Саяси тәуекелдер бойынша:

· Шетел контагенті елінің немесе қазақстандық тауарлар тасымалы белгілеген елдің немесе транзиттік елдің мемлекеттік орган ы тауарды мәжбүрлеп тәркілесе/алып қойса, экспорттаушының жеке меншігіндегі орындаған жұмыс нәтижесіне немесе тауарға меншік құқығын шектесе;

· Шетел контрагенті болып табылатын шет мемлекеттің мемлекеттік органы біржақты тәртіпте келісім - шартты бұзса (негізсіз) немесе келісім - шартты орындамаса;

· Қазақстаннан тысқары шетел агентіне өз қаржылық міндеттемелерін орындауға кедергі келтірген соғыс, азаматтық толқу, жаппай тәртіпсіздік сияқты форс-мажор лық оқиғалар болса;

· Шетел контрагенті елінің мемлекеттік орган ы валютаны еркін айырбастауды және/немесе төлемді аударуды шектесе немесе тыйым салса.

3. Бағдарламаға қатысу жолдары – толтыру үлгілері, байланыс ақпараты, қажетті құжаттардың тізілімі бар сатылы нұсқаулық.

3.1. Сақтандыру оқиғасының алгоритмі:

Сақтандырудың бұл тәсімі экспорттық келісім - шартты жасағаннан бастап сақтандыру оқиғасы басталған жағдайға дейінгі тәртіпті суреттейді:

3.1.1. экспорт таушы шетел контрагентімен төлемді кейін шегеру талабымен экспорттық келісім - шарт жасайды;

3.1.2. экспорт таушы «ҚазЭкспорт Кепілмен» сақтандыру шартын жасайды;

3.1.3. экспорт таушы шетел контрагентіне тауар тасымалдайды;

3.1.4. Егер шетел контрагенті алған тауарына коммерциялық және саяси тәуекелдер нәтижесінде төлем жасамаса, онда Корпорация экспорттаушыға сақтандыру өтемін жасайды.

3.2. «ҚазЭкспорт Кепілмен» сақтандыру шартын жасау алгоритмі:

3.2.1. Сіз тауар несиеңізді сақтандыру үшін «ҚазЭкспорт Кепіл» корпорациясына белгіленген нысан бойынша сақтандыру өтінішімен жүгінуіңіз керек. Маңызды: өтініш тауар тасымалынан, қызмет көрсетуден, жұмыс жасаудан бұрын берілуі керек.

3.2.2. Өтініш екі апта бойы қаралады.

3.2.3. Оң шешілген жағдайда Сізбен сақтандыру шарты жасалады.

Қосымша ақпаратты Корпорацияның маркетинг және сату департаментінен мына байланыс телефондары арқылы алуға болады: (727) 250 00 21 ( ішкі 150–155).

4. Бағдарламаға қатысуды мерзімінен бұрын тоқтату талаптары. Бағдарлама қатысушыларының жауапкершілігі.

Сақтандыру шарты мерзімінен бұрын тоқтатылған болып есептеледі, егер:

· Сақтандыру нысаны (экспортталушы тауар/қызмет көрсету) әрекет етуін тоқтатса;

· Сақтанушы сақтандыру нысанын бөтеннің меншігіне берсе;

· Сақтанушы кәсіпкерлік қызметпен айналысуды тоқтатса;

· Сақтандыру оқиғасының пайда болу мүмкіндігі жойылу және сақтандыру тәуекелінің әрекет етуі тоқтатылса.

5. Бағдарламаға қатысушылардың алдында ашылатын жаңа мүмкіндіктер.

6. Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ-парақ)

Сұрақ: «Келтірілген шығын мөлшері қалай бағаланады?»

Жауап: «Сіз тәуелсіз сарапшының қызметін пайдаланып бағалауды өзіңіз жасауыңызға болады».

Сұрақ: «Егер сақтандыру оқиғасы туындаса, онда сақтандыру өтемін қаншалықты күтемін?»

Жауап: «Күту кезеңі, яғни сақтандыру оқиғасы мен саяси тәуекелдер бойынша «ҚазЭкспортКепіл» тарапынан сақтандыру өтемін төлеу арасы 120 күнге дейін. Егер контрагент өзінің қаржылық міндеттемелерін орындауға қабілетсіз болса – 180 күнге дейін. Егер шетел контрагенті банкротқа ұшыраса, онда күту кезеңі қолданбайды, яғни сақтандыру өтемін тез арада төлейді».

7. Бағдарлама бойынша статистика (басталған сәттен қатысушылардың жалпы саны, аяқталған жобалардың саны, игерілген қаражаттардың ақшалай көлемі, жиынтық экономикалық тиімділік, аймақ бойынша қатысушылар статистикасы және компаниялардың шамасы (шағын/орта/ірі бизнес).


Назад

ҚР ҰБ валюта бағамы
  • USD АҚШ доллары 333.32
  • EUR Евро 392.58
  • CNY Қытай юані 50.02
  • RUB Ресей рублі 5.64
  • GBP Ағыл. фунты 426.58
Хабарландыру тақтасы