Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:

Факторингтік операцияларды сақтандыру


1. Бағдарлама мәнін баяндау (атауы, іске асырушылар, жобаға қатысушылар қандай жетістікке қол жеткізеді).

Егер Сіз банк немесе факторингтік компанияның (яғни қаржы агенті) өкілі болсаңыз, «Факторингтік операцияларды сақтандыру» бағдарламасы экспорттаушы ұсынған тауар несиесі үшін шетел контрагенті тарапынан төлем жасамау тәуекелінен қорғауды ұсынады. Қаржы агенті үшін осы қызмет көрсетудің артықшылығы болып жоғалған пайданы есепке ала отырып, шығынды өтеу кепілдігі болып табылады.

Сақтандыру талаптары:

1.1. Сақтандыру өтемі:

· коммерциялық тәуекелдер бойынша – келтірілген шығын сомасынан 80% дейін;

· саяси тәуекелдер бойынша – келтірілген шығын сомасынан 90% дейін.

1.2. Сақтандыру құны:

· Сақтандыру полисінің құны ел тәуекелін, шетел контрагентімен байланысты тәуекелді және төлемді кейінге шегеру талаптарын есепке алып жеке есептеледі;

· Сіз сақтандыру құнын арнайы калькулятор көмегімен жеке бағалай аласыз.

Бағдарлама операторы:

«ҚазЭкспорт Кепіл» экспорттық несиелік сақтандыру корпорациясы» АҚ

2. Бағдарламаға кім қатыса алады/кім қатыса алмайды?

Бағдарламаның мақсатты тобына барлық факторингтік компаниялар және шикізаттық емес тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетуді тасымалдау экспорттық келісім - шарттармен жұмыс жасайтын банктер жатады.

2.1. Сақтандыру өтемін корпорация жүзеге асырады, егер:

2.1.1. Коммерциялық тәуекелдер бойынша:

· шетел контрагенті банкротқа ұшыраса;

· шетел контрагенті келісім - шарт талаптары бойынша өзінің қаржылық міндеттемелерін орындамаса.

2.1.2. Саяси тәуекелдер бойынша:

· Шетел контагенті елінің немесе қазақстандық тауарлар тасымалдауы белгілеген елінің немесе транзиттік елінің мемлекеттік орган ы тауарды мәжбүрлеп тәркілесе/алып қойса, экспорттаушының жеке меншігіндегі орындаған жұмыс нәтижесіне немесе тауарға меншік құқығын шектесе;

· Шетел контрагенті болып табылатын шет мемлекеттің мемлекеттік орган ы біржақты тәртіпте келісім шартты бұзса (негізсіз) немесе келісім шартты орындамаса;

· Қазақстаннан тысқары шетел агентіне өз қаржылық міндеттемелерін орындауға кедергі келтірген соғыс, азаматтық толқу, жаппай тәртіпсіздік сияқты форс-мажорлық оқиғалар болса;

· Шетел контагенті елінің мемлекеттік органы валютаны еркін айырбастауды және/немесе төлемді аударуды шектесе немесе тыйым салса.

3. Бағдарламаға қатысу жолдары – толтыру үлгілері, байланыс ақпараты, қажетті құжаттардың тізілімі бар сатылы нұсқаулық.

Сақтандыру оқиғасының алгоритмі:

Сақтандырудың бұл сызбасы экспорттық келісім - шартты жасағаннан бастап сақтандыру оқиғасы басталған жағдайға дейінгі тәртіпті суреттейді:

· экспорттаушы шетел контрагентімен төлемді кейін шегеру талабымен экспорттық келісім - шарт жасайды;

· қаржы агенті (банк) «ҚазЭкспортКепілмен» сақтандыру шартын жасайды;

· э кспорт таушы шетел контрагентіне тауар тасымалдайды;

· экспорт таушы қаржы агентіне жіберілген тауардың/жасалған жұмыстың/көрсетілген қызметтің құжаттарын ұсынады;

· қаржы агенті экспорт таушыға тасымалданған тауар/жасалған жұмыс/көрсетілген қызметі үшін экспорт таушыға 90% дейін сомасын төлейді.

· егер шетел контрагенті коммерциялық және саяси тәуекелдер салдарынан алынған тауар үшін қаржы агентіне төлем жасамаса, онда «ҚазЭкспортКепіл» қаржы агентіне сақтандыру өтемін жасайды.

3.2. «ҚазЭкспортКепілмен» сақтандыру шартын жасау алгоритмі:

3.2.1. Сіз тауар несиеңізді сақтандыру үшін «ҚазЭкспортКепіл» корпорациясына белгіленген нысан бойынша сақтандыру өтінішімен жүгінуіңіз керек . Маңызды: өтініш тауар тасымалынан, қызмет көрсетуден, жұмыс жасаудан бұрын берілуі керек.

3.2.2. Өтініш екі апта бойы қаралады.

3.2.3. Оң шешілген жағдайда Сізбен сақтандыру шарты жасалады.

Қосымша ақпаратты Корпорацияның маркетинг және сату департаментінен мына байланыс телефондары арқылы алуға болады: (727) 250 00 21 (ішкі 150–155).

4. Бағдарламаға қатысуды мерзімінен бұрын тоқтату талаптары. Бағдарлама қатысушыларының жауапкершілігі.

Сақтандыру шарты мерзімінен бұрын тоқтатылған болып есептеледі, егер:

· Сақтандыру нысаны (экспортталушы тауар/қызмет көрсету) әрекет етуін тоқтатса;

· Сақтанушы сақтандыру нысанын бөтеннің меншігіне берсе;

· Сақтанушы кәсіпкерлік қызметпен айналысуды тоқтатса;

· Сақтандыру оқиғасының пайда болу мүмкіндігі жоғалса және сақтандыру тәуекелінің әрекет етуі тоқтатылса.

5. Бағдарламаға қатысушылардың алдында ашылатын жаңа мүмкіндіктер.

6. Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ-парақ)

Сұрақ: «Келтірілген шығын мөлшері қалай бағаланады?»

Жауап: «Сіз тәуелсіз сарапшының қызметін пайдаланып бағалауды өзіңіз жасауыңызға болады».

Сұрақ: «Егер сақтандыру оқиғасы туындаса, онда сақтандыру өтемін қаншалықты күтемін?»

Жауап: «Күту кезеңі, яғни сақтандыру оқиғасы мен саяси тәуекелдер бойынша «ҚазЭкспортКепіл» тарапынан сақтандыру өтемін төлеу арасы 120 күнге дейін. Егер контрагент өзінің қаржылық міндеттемелерін орындауға қабілетсіз болса – 180 күнге дейін. Егер шетел контрагенті банкротқа ұшыраса, онда күту кезеңі қолданбайды, яғни сақтандыру өтемін тез арада төлейді».

7. Бағдарлама бойынша статистика (басталған сәттен қатысушылардың жалпы саны, аяқталған жобалардың саны, игерілген қаражаттардың ақшалай көлемі, жиынтық экономикалық тиімділік, аймақ бойынша қатысушылар статистикасы және компаниялардың шамасы (шағын/орта/ірі бизнес).


Назад

ҚР ҰБ валюта бағамы
  • USD АҚШ доллары 315.55
  • EUR Евро 338.93
  • CNY Қытай юані 45.73
  • RUB Ресей рублі 5.53
  • GBP Ағыл. фунты 391.09
Хабарландыру тақтасы