Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:

ҮИИДМБ шеңберінде саудалық қаржыландыру


1. Бағдарлама мәнін баяндау (атауы, іске асырушылар, жобаға қатысушылар қандай жетістікке қол жеткізеді).

«ҮИИДМБ шеңберінде саудалық қаржыландыру» бағдарламасы Сізге қаржылық қолдау ұсынады және шетелдік сатып алушыға экспорттық төлем жасауда аса қолайлы және пайдалы, аккредитивтік жағдайлар (FAQ қара) ұсынуға көмектеседі.

1.1. Қаржыландыру талаптары:

· мерзімі: 1 жылға дейін;

· мақсаты: экспорт тық келісім шарт;

· қаржыландыру құны: импорттаушының шетел банкі үшін 6–7%;

· Жеткізілген тауар түсімі экспорттаушының банкілік шотына тауарды жіберу фактісі және экспорттаушының банкке сәйкесті құжаттарды ұсынуы бойынша түседі;

· бағдарлама импорттаушы үшін қазақстандық өнімді сатып алу мөлшерлемесінің анағұрлым төмендеуін қарастырады. Ол экспорттың өсімін ынталандырады және тұрақты сұранысты қалыптастырады;

· Қазақстандық өнімдерді экспорттаушыға және импорттаушыға несие тарихы бар қызмет көрсететін банктері арқылы есептер жүргізеді, ал бұл олардың арасындағы мәмілелерді жүргізу бойынша операциялық шығындар мен уақыт шығынын анағұрлым азайтады;

· коммерциялық және саяси сипаттағы сыртқы тәуекелдерді бағдарлама операторы өтейді.

Бағдарлама операторы:

«ҚазЭкспортКепіл» экспорттық несиелік сақтандыру корпорациясы» АҚ.

2. Бағдарламаға кім қатыса алады?

Бағдарламаның мақсатты тобына қазақстандық шикізаттық емес өнімдерінің барлық экспорттаушылары жатады.

2.1. «КазЭкспортКепіл» корпорациясы сақтандыру өтемін жүзеге асырады, егер:

2.1.1. Коммерциялық тәуекелдер бойынша:

· шетел контрагенті банкротқа ұшыраса;

· шетел контрагенті келісім-шарт талаптары бойынша өзінің қаржылық міндеттемелерін орындамаса.

2.1.2. Саяси тәуекелдер бойынша:

· Шетел контагенті елінің немесе қазақстандық тауарлар тасымалдауы белгілеген елінің немесе транзиттік елінің мемлекеттік орган ы тауардды мәжбүрлеп тәркілесе/алып қойса, экспорттаушының жеке меншігіндегі орындаған жұмыс нәтижесіне немесе тауарға меншік құқығын шектесе;

· Шетел контрагенті болып табылатын шет мемлекеттің мемлекеттік органы біржақты тәртіпте келісім-шартты бұзса (негізсіз) немесе келісім-шартты орындамаса;

· Қазақстаннан тысқары шетел агентіне өз қаржылық міндеттемелерін орындауға кедергі келтірген соғыс, азаматтық толқу, жаппай тәртіпсіздік сияқты форс-мажорлық оқиғалар болса

· Шетел контагенті елінің мемлекеттік органы валютаны еркін айырбастауды және/немесе төлемді аударуды шектесе немесе оған тыйым салса.

3. Бағдарламаға қатысу жолдары – толтыру үлгілері, байланыс ақпараты, қажетті құжаттардың тізілімі бар сатылы нұсқаулық.

3.1. Шартты жасау алгоритмі:

3.2.1. Бағдарламаға қатысу үшін экспорттаушы «ҚазЭкспортКепіл» корпорациясына белгіленген нысан бойынша сақтандыру өтінішімен жүгінуі керек. Маңызды: өтініш тауар тасымалынан, қызмет көрсетуден, жұмыс жасаудан бұрын берілуі керек.

3.2.2. Белгіленген нысандағы өтінішті, сонымен қатар қосымша ақпаратты Корпорацияның маркетинг және сату департаментінен алуға болады. Департамент телефондары: (727) 250 00 21 (ішкі 150–155).

3.2.3. Экспорттаушы бағдарламаға қатысу үшін Корпорациямен шарт жасасқан банктердің біріне жүгіне алады :

· Казкоммерцбанк: Біржан Әстаев, тел.: (727) 2585 280, e-mail: bastaev@kkb.kz;

· БТА Банк: Динара Ибраева, тел.: (727) 250 40 88, e-mail: DIbrayeva@bta.kz;

· Банк ЦентрКредит: Қарлыға Ниязақынова, тел.: (727) 2597352, e-mail: karlyga.niyazakynova@centercredit.kz ;

· Халық Банкі : Айнұр Тұяқбаева, тел.: (727) 330 17 93, е-mail: AinurT@halykbank.kz;

· Темiрбанк: Жігер Атчабаров, тел.: (727) 259 05 28, моб.: +7 777 702 55 79, е-mail: AtchabarovZ@temirbank.kz;

· Цесна Банк: Зульфия Мұратова, тел.: (717) 277 02 44, моб.: +7701 775 52 38, e-mail: z.muratova@tsb.kz.

3.2. Қаржыландыру алгоритмі:

· экспорттаушы экспорттық келісім-шартты импорттаушымен төлемді кейін шегеру талабымен экспорттық келісім-шарт жасайды;

· импорттаушы өз банкіне аккредитив шығару үшін өтініш береді;

· импорттаушының банкі аккредитивті шығарады және экспорттаушы банкіне бекіту үшін сұраныс жібереді;

· экспорттаушының банкі «ҚазЭкспортКепілмен» сақтандыру шартын жасайды;

· экспорттаушының банкі аккредитивті бекітеді;

· экспорт таушы импорттаушыға тауар жеткізіп береді;

· экспорт таушы тауар тасымалдау туралы құжаттарды өз банкіне береді;

· экспорттаушының банкі «ҚазЭкспорт Кепілге» құжаттарды жолдайды;

· «ҚазЭкспорт Кепіл» экспорттаушының ұсынған құжаттарында көрсетілген сомаға сәйкес экспорттаушының банкіне ақша аударады;

· экспорттаушының банкі тасымалданған тауар фактісі бойынша экспорттаушыға төлем жасайды;

· экспорттаушының банкі импорттаушының банкіне құжаттар жібереді;

· импорттаушының банкі экспорттаушы банкіне қаржыландыру сомасын пайызбен өтейді.

4. Бағдарламаға қатысуды мерзімінен бұрын тоқтату талаптары. Бағдарлама қатысушыларының жауапкершілігі .

ОПЕРАТОРҒА - АҚПАРАТТЫ ҰСЫНУ ӨТІНІШІ

5. Бағдарламаға қатысушылардың алдында ашылатын жаңа мүмкіндіктер.

ОПЕРАТОРҒА - АҚПАРАТТЫ ҰСЫНУ ӨТІНІШІ

6. Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ-парақ).

Сұрақ: «Аккредитивті жағдайы дегеніміз не?»

Жауап: «Аккредитив – бұл, импорттаушы өтінішімен экспорттаушыға төлем жасау үшін банктің міндеттеме құжаты».

Сқрақ: «Егер мен экспорттаушы болсам, онда жеткізілген тауармен сатып алушы есептесе алмаса, тасымалдаған тауар үшін түсімді ала аламын ба?»

Жауап: «Сіз тасымалдап болғаннан кейін жіберген тауар үшін бәрібір ақша аласыз. Импорттаушы тауар үшін төлемді өз банктерінен жасағанына немесе жасамағанына тәуелсіз».

Сұрақ: «Егер сақтандыру оқиғасы туындаса, онда сақтандыру өтемін қаншалықты күтемін?»

Жауап: «Сақтандыру оқиғасы туындаған кезде, сақтандыру өтемін Сізге жіберген тауар үшін түсімді аударған банк алады».

7. Бағдарлама бойынша статистика (басталған сәттен қатысушылардың жалпы саны, аяқталған жобалардың саны, игерілген қаражаттардың ақшалай көлемі, жиынтық экономикалық тиімділік, аймақ бойынша қатысушылар статистикасы және компаниялардың шамасы (шағын/орта/ірі бизнес).

2013 ж. 1 шілдесіндегі қолдауға ие болған жобалар

Банк атауы

Сомасы, теңгемен

Сомасы

(USD)

Жоба саны

БТА

321 570 771

2 136 399

5

ККБ

4 166 833 713

27 679 225

130

БЦК

131 950 926

879 920

5

Темір Банк

1 488 699 222

9 890 375

6

Жалпы

6 803 712 986

44 864 576

146


Назад

ҚР ҰБ валюта бағамы
  • USD АҚШ доллары 311.89
  • EUR Евро 339.02
  • CNY Қытай юані 45.3
  • RUB Ресей рублі 5.59
  • GBP Ағыл. фунты 399.97
Хабарландыру тақтасы