Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:

Бизнестің ауылшаруашылық емес түрлерін (БАШЕТ) несиелеу


1. Бағдарлама мәнін баяндау (атауы, іске асырушылар, жобаға қатысушылар қандай жетістікке қол жеткізеді).

«БАШЕТ несиелеу» бағдарламасы а уылдық жерлерде кәсіпкерлік қызметтің ауылшаруашылық емес түрлерін қаржыландыра отырып, Сізге өз ісіңізді дамытуға қажетті құралдарды алуға мүмкіндік береді.

Несиелеу шарттары:

· Несие валютасы: теңге.

· Қарыз сомасы: 3 млн. те ң ге ден 8000 АЕК дейін (2013 жылы Қазақстанда 1 АЕК – 1 731 теңге).

· Несие мерзімі: 5 жылға дейін;

· Несие бойынша бастапқы мөлшерлеме (FAQ қараңыз): 14%.

· Сыйақының тиімді мөлшерлемесі (FAQ қараңыз): 16, 4 % дейін.

· Несиені өтеу бойынша жеңілдетілген кезең (несие бойынша негізгі борыш сомасы өтелмейтін қосымша уақыт мерзімі; несие өтеуді бастау мерзімін кейінге қалдыру): 1 жылға дейін.

· Кепілдікті қамтамасыз ету міндетті.

Бағдарлама операторы:

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ (бұдан әрі - Қоғам).

2. Бағдарламаға кім қатыса алады/кім қатыса алмайды?

Бағдарламаның мақсатты тобына: туризм, қонақ-үй бизнесі және жол бойындағы сервис; жеңіл және тағам өнеркәсібінің өндірісі; балық өнімдерін көбейту, өсіру және қайта өңдеу, халыққа қызмет көрсету, ауылда сауда нүктелерін, қоғамдық тамақтану орындарын ұйымдастыру және кеңейту саласында жұмыс істейтін жеке және заңды тұлғалар (шаруа қожалықтары, фермерлік шаруашылықтары, жеке кәсіпкерлер) жатады.

Сіз бағдарламаға келесі жағдайларда қатыса аласыз:

· Сізде жұмыс жасап тұрған бизнес бар;

· өтінім берген күніне салық және бюджетке төленетін басқа де міндетті төлемдер бойынша қарызы жоқ;

· өтінім берген күніне банктер және өзге де қаржылық ұйымдар алдында мерзімі өтіп кеткен берешегі жоқ;

· жағымды несие тарихы бар (FAQ қараңыз);

· қарызды алғаннан кейінгі үш ай ішінде несиенің мақсатты пайдалануын растайтын барлық қажетті құжаттарды Қоғамға ұсыну.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Жоғарыда аталған талаптардың қандай да болмасын біреуін орындамаған жағдайда қарыз алушыға несие берілмеуі мүмкін.

3. Бағдарламаға қатысу жолдары – толтыру үлгілері, байланыс ақпараты, қажетті құжаттардың тізілімі бар сатылы нұсқаулық.

«БАШЕТ несиелендіру» бағдарламасына қатысу үшін қарыз алушы тұрғылықты жері /қызмет орны бойынша «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ филиалына жүгінуі және келесі құжаттарды ұсынуы тиіс:

· қарыз алу өтініші:

жеке тұлғалар үшін;

заңды тұлғалар үшін.

· Қарыз алушы сауалнамасы:

жеке тұлғалар үшін;

заңды тұлғалар үшін.

· несие алу үшін құжаттар тізімі.

Өтінімді қарау және ол бойынша несие комитетінің шешімін қабылдау үдерісі 5-10 жұмыс күн аралығында (жобаның күрделілігіне байланысты өтінімді қарау мерзімі ұзартылуы мүмкін) жүзеге асырылады.

Оң шешім қабылдаған жағдайда қарыз және кепіл шарттары жасалады, кепіл өкілетті органдарда тіркеледі және қарыз алушының шотына ақша қаражаттары аударылады.

4. Бағдарламаға қатысуды мерзімінен бұрын тоқтату талаптары. Бағдарлама қатысушыларының жауапкершілігі.

· Бағдарламаға қатысуды мерзімнен бұрын тоқтату несиені толық өтеген жағдайда өтініш негізінде жүзеге асырылады;

· Несие бойынша шарттың талаптарын бұзғаны үшін комиссиялар мен айыппұлдарды төлету туралы шешім Қоғамның кредиттік комитетімен қабылданады.

5. Бағдарламаға қатысушылардың алдында ашылатын жаңа мүмкіндіктер.

Өз ісіңізді ұйымдастыру немесе кеңейту, әл-ауқатыңызды арттыру, ауылдық жердің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосу мүмкіндігіне ие боласыз.

6. Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ-парақ)

Сұрақ: «Жағымды несие тарихы нені білдіреді?»

Жауап: «Егер Сіз бұрын қандай да бір қаржылық мекемеден несие алып, оны дұрыс өтесеңіз, төлем төлеудің белгіленген мерзімін қатаң ұстансаңыз, уақытында несиені өтесеңіз, яғни, сізде жағымды несие тарихы бар. Егер несие алып, оның өтелуіне жауапсыз қарасаңыз, яғни берешек болсаңыз, қасақана борышкер болып табылсаңыз, Сізде жағымсыз несие тарихы бар. Сіздің құжаттамаңыз несие бюросында сақталады және Біздің несие комиссиясына қолжетімді болып табылады».

Сұрақ: «Бөлінген ақшаны пайдалануда шектеу бар ма?»

Жауап: «Міндетті талап – бөлінген ақшаны мақсатты пайдалану».

7. Бағдарлама бойынша статистика (іске қосылған сәттен бастап қатысушылардың жалпы саны, аяқталған жобалардың саны, игерілген қаражаттардың ақшалай көлемі, жиынтық экономикалық тиімділік, аймақтар мен компаниялардың көлемі бойынша қатысушылардың статистикасы (шағын/орта/ірі бизнес).


Назад

ҚР ҰБ валюта бағамы
  • USD АҚШ доллары 340.11
  • EUR Евро 407.93
  • CNY Қытай юані 51.61
  • RUB Ресей рублі 5.91
  • GBP Ағыл. фунты 461.22
Хабарландыру тақтасы