Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:

Сауда миссиялары


1. Жобаның мәнін баяндау (атауы, іске асырушылар, жобаға қатысушылар қандай жетістікке қол жеткізеді).

Шет елдердегі сауда миссияларына қатыса отырып, Сіз өз тауарыңызды таныстырасыз және өткізудің жаңа нарығын табасыз. Жоба аясында Сіздің өнімдерге қызығушылық танытқан сатып алушылармен кездесу және келіссөздер жүргізесіз. Сіздің серіктестер таңдау мен сапарыңызды KAZNEX INVEST агенттігінің мамандары ұйымдастырады. Іскерлік сапарға лайық елдер бұл мемлекеттердің импортын талдау негізінде таңдалады. Сауда миссиялары шет елдерде тауарды жылжыту және серіктестіктер іздестірудің тиімді құралдарының бірі.

Сіздің компанияңыз үшін ашылатын мүмкіндіктер:

· Сіз әлеуетті сатып алушылармен тікелей байланыс орната аласыз;

· Сіз шет елдердің мемлекеттік құрылымдары өкілдерімен Сіздің өнімдеріңізді елдің аумағына енгізу бойынша әңгімеге қатыса аласыз;

· өнімдерді шет елдік әлеуетті сатып алушылар алдында өз компанияңызды насихаттап, таныстыру жүргізе аласыз;

· ұзақ мерзімді экспорттық келісімшарттар жасайсыз.

Жоба аясында келесідей көмек көрсетіледі:

Оператор қатысушылардың төмендегі шығындарын өтейді:

· шет елде қонақ үйде тұру шығыны;

· миссия өтетін ел ішіндегі тасымалдау;

· аудармашылық қызметтер;

· залды жалға алу;

· сондай-ақ әуе-жай билеттерін броньдау және визаларды рәсімдеуге көмек көрсету;

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!! Қатысушы әуе жолы және виза шығындарын өзі төлейді.

Қызмет операторы: Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі» АҚ.

2. Жобаға кім қатыса алады/кім қатыса алмайды.

2.1. Жобаға кім қатыса алады:

Экспорт қызметін жүзеге асыратын немесе сыртқы нарыққа шығуды жоспарлайтын компаниялар.

3. Жобаға қатысу жолдары – толтыру үлгілері, байланыс ақпараты, қажетті құжаттардың тізілімі бар сатылы нұсқаулық.

Сауда миссияларына қатысу үшін Сізді қатысуға өтінімді толтырып, келесі факс нөмірі арқылы: 8 (7172) 79 93 92 немесе электронды поштаға: aisulu@kaznexinvest.kz и aisulu_22@mail.ru жіберулеріңізді сұраймыз.

Барлық сұрақтар бойынша Экспортты жылжыту Департаментінің менеджері Айсұлу Сұлтанмұратоваға хабарласуыңызға болады. Тел.8 (7172) 79 93 93 ішкі 1003, ұялы байланыс тел: +7 702 422 01 10.

4. Жобаға қатысуды мерзімінен бұрын тоқтату шарттары. Бағдарлама қатысушыларының жауапкершіліктері.

5. Жобаға қатысушылардың алдында ашылатын жаңа мүмкіндіктер:

6. Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ-парақ)

Сұрақ: Іскерлік визит жасауға лайық елдер қандай ұстанымдар бойынша таңдалады?

Жауап: елдер шет елдік мемлекеттердің импортын талдау негізінде таңдалады. Отандық өндірушілердің сұраныстарымен қызығушылықтарын жетекшілікке ала отырып Қазақстан экспортшылары үшін ең ұтымды позициялар таңдалады.

Сұрақ: Сауда миссиялары жиі өткізіле ме?

Жауап: Жыл сайын бірнеше жоспарланған сауда миссиялары жүзеге асырылады.

7. Жоба бойынша статистика (іске қосылған сәттен бастап қатысушылардың жалпы саны, аяқталған жобалардың саны, игерілген қаражаттардың ақшалай көлемі, жиынтық экономикалық тиімділік, аймақтар мен компаниялардың көлемі бойынша қатысушылардың статистикасы (шағын/орта/ірі бизнес)).

KAZNEX INVEST ұлттық агенттігі 20 - дан астам елдерге талдау жүргізді. Зерттеу нәтижесінде қазақстандық өнімдерді өткізуге Қырғызстан, Ресей, Беларусь, Түркменстан,Украина және Қытай елдерінің нарығы лайықты болып танылды. Бұл елдер импортының талдамасы белгілі бір тауарлар категориясын енгізудің ұлғайғандығын анықтады. Аталған елдерге өздерінің өнімдерін өткізу үшін қазақстандық өндірушілерге сауда миссияларына қатысу ұсынылды. Бүгінде - 7 компания

2012 жылы 6 сауда миссиялары ұйымдастырылып, келесі елдерде өткізілді:

-Қырғызстан Республикасы;

- Тәжікстан Республикасы;

- Беларусь Республикасы;

- Ресей Федерациясы;

- Польша Республикасы;

- Қытай Халық Республикасы.

Қазақстандық делегация құрамына машина жасау, химия, фармацевтикалық, құрылыс және тамақ саласының 50-ге тарта кәсіпорындары енді. Нәтижесінде 22 отандық компаниялар қазақстандық өнімдерді жеткізіп берудің жалпы соммасы 117,6 млн. АҚШ долл. құрайтын 25 экспортты келісімшарт/мақсатты хаттамаларына қол қойды.

KAZNEX INVEST жыл сайын әр түрлі елдерде 6 сауда ұйымын өткізеді. 2009 – 2011 жылдары 10 елде, 14 сауда миссиясы ұйымдастырылып, өткізілді:

· Индия

· Оңтүстік Корея

· Ресей

· Қытай

· Тәжікстан

· Түркменстан

· Грузия

· Румыния

· Әзербайжан

· Иран

Аталған кезеңде машина жасау, химия, фармацевтикалық, құрылыс, тамақ саласы және жеңіл өнеркәсіп саласы бойынша 280 қазақстандық өндірушілер қатысты. Өткізілген сауда миссиясы нәтижесінде жалпы соммасы 59 млн. АҚШ долл.экспорттық келісімшартқа қол қойылды.

2011 жылы 6 сауда миссиясы өткізіліп, оған 466 компания қатынасты. (қазақстандық және шет елдік) Сауда миссиясын өткізу нәтижесінде машина жасау, химия, фармацевтикалық, құрылыс және тамақ және жеңіл өнеркәсіп және ауыл шаруашылығының өнімдерін жеткізіп берудің жалпы соммасы 31,9 млн. АҚШ долл.құрайтын экспортты келісімшарттарға қол қойылды.

2010 жылы сауда миссиясын өткізу қортындысы бойынша жалпы соммасы 17,9 млн. АҚШ долл.құрайтын қазақстандық өнімдерді (трансформаторлар, металл трубалар, құрылыс және химия материалдары, кондитерлік бұйымдар, сүт және сүт май өнімдері, ұн, күріш жармалары) жеткізу жөнінде келісімшартқа қол қойылды. 397 компания қатысты.


Назад

ҚР ҰБ валюта бағамы
  • USD АҚШ доллары 314.4
  • EUR Евро 343.83
  • CNY Қытай юані 45.6
  • RUB Ресей рублі 5.51
  • GBP Ағыл. фунты 406.74
Хабарландыру тақтасы