Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:

Экспортық қызметке үйрету


1. Бағдарламаның мәнін баяндау (атауы, іске асырушылар, жобаға қатысушылар қандай жетістікке қол жеткізеді)

Экспорттық қызметке оқыту бағдарламасына қатыса отырып, Сіз маркетинг негіздері мен экспортты басқару туралы білім аласыз. Оқыту кәсіпорында да, оның сыртында да ұйымдастырылады. Тегін тренингтер әр түрлі тақарыптар бойынша жыл бойы өткізіледі.

Оқу нәтижесінде Сіз:

- қаржыландыру, логистика, экспортты бюджеттеу, тауарларға қойылатын техникалық талаптар жайлы мәселелерді жете түсінетін боласыз;

- перспективалық нарықтар мен тауарларды анықтай аласыз;

- елдердің экономикалық дамуы мен тауар нарықтарындағы үрдістерді зерттеп, талдау жүргізе аласыз;

- тактикалық шешімдер қабылдай аласыз;

- өз кәсіпорындарыңыздың экспорттық әлеуетін бағалай аласыз;

- компанияның сыртқы нарықтарға шығуын қамтамасыз ете аласыз;

- өз мамандық деңгейіңізді жоғарылата аласыз.

Бағдарлама операторы:

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің «KAZNEX INVEST» Ұлттық эспорт және инвестициялар агенттігі» АҚ

2. Бағдарламаға кім қатыса алады:

Сіз бағдарламаға келесі жағдайларда қатыса аласыз:

· Сіз сыртқы нарықтарға шығуды жоспарлаған немесе сыртқы нарықтарға шығып, өз өнімін экспорттайтын компанияның маманы болсаңыз;

· Сіз экспорт және импорт; сыртқы экономикалық қызметті жоспралау; тауар өнімдерін жоспарлау; тауарды өткізу және оны жарнамалау; маркетолог; тауар белгісін жасайтын маман; көрмелер ұйымдастыратын маман; өнім бойынша менеджер; компанияны дамыту мен алға жылжыту маманы; бас инженер, өндірісті басқарушы, қызметкерлермен жұмыс істеуші сияқты сырқы экономикалық қызмет саласында шешім қабылдай алатын маман немесе менеджер болсаңыз.

3. Бағдарламаға қатысу жолдары – толтыру үлгілері, байланыс ақпараты, қажетті құжаттардың тізілімі бар сатылы нұсқаулық.

Бағдарлама аясында оқу тренингтеріне қатысу үшін Сізге:

3.1. консультация алу үшін Экспорттық стратегиялар департаментінің менеджерімен келесі телефон арқыры хабарласу қажет: +7 (7172) 79 93 93, қос. 1048.

3.2. Өтінімді толтырып, +7 (7172) 79 93 92 факс нөміріне немесе adekenova@kaznexinvest.kz e-mail -на жіберу қажет. Өтінімді келесі сілтеме бойынша алуға болады: http://www.kaznexinvest.kz/napr/export/files/zayavka_new.doc

4. Бағдарламаға қатысуды мерзімінен бұрын тоқтатудың шарттары. Бағдарламаға қатысушылардың жауапкершілігі.

5. Бағдарламаға қатысушылардың алдында ашылатын жаңа мүмкіндіктер:

6. Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ-парақ).

7. Бағдарлама бойынша статистика (іске қосылған сәттен бастап қатысушылардың жалпы саны, аяқталған жобалардың саны, игерілген қаражаттардың ақшалай көлемі, жиынтық экономикалық тиімділік, аймақтар мен компаниялардың көлемі бойынша қатысушылардың статистикасы (шағын/орта/ірі бизнес)).

2012 жылы KAZNEX INVEST 32 отандық экспорттаушы кәсіпорынның 42 маманы үшін «Экспорттық қызметті басқару» тақырыбында мамандандырылған курс өткізді. Тренинг тұжырымдамасы халықаралық сауданың дамуы мен қазіргі заманғы өзгерістерін есепке ала отырып жасалған.

Оқу курсына экспорт және маркетинг жайлы 14 тақырып кірді:

· Экспорттық қызметтің перспективаларын бағалау. Кедендік одақ, Дүниежүзілік сауда ұйымы нарықтарының даму перспективаларын бағалау, аймақтық ынтымақтастық. Ешетл нарығын таңдаудың талаптары;

· Сыртқы нарықта өнімді кастомизациялау;

· Шетел нарықтарында қызмет жасаудың нормативтік-құқықтық негізі;

· Экспорттық қаржыландыру ерекшеліктері;

· Экспорттық қызметті бюджеттеу;

· Экспорттық қызмет үшін тауарды қаптау;

· Логистика ерекшеліктері;

· Кедендік рәсімдер мен ережелер;

· Халықаралық сауда жүйелерімен қарым-қатынас орнату;

· Шетелдік серіктестермен қарым-қатынасты дамыту;

· Халықаралық жәрмеңкелер мен іс сапарлары. Брошюр алар, баспа жарнама өнімдері;

· Экспорттық қызметке ғаламтор мүмкіндіңтерін пайдалану;

· Кәсіорын сайты – алға бастыру құралы ретінде;

· Келіссөз жүргізу психологиясы.

2011 «Экспорт қызметін жүргізу тәжірибесі» тақырыбындағы тренинтер62 отандқ кәсіпорынның 1 15 мамандары үшін өткізілді. Курс Астана, Алмата, Шымкент, Павлодар және Орал қалаларында өтті.

Курс келесі тақырыптарды қамтыды:

· Халықаралық бизнестің салалық ерекшеліктер;

· Экспортты жоспарлау;

· Экспорттық қызметті ұйымдастыр;

· Экспортты кедендік-тарифтік реттеу және салық салу;

· Халықаралық нарыққа шығу стратегиялары;

· Халықаралық нарықтарды зерттеу;

· Халықаралық жеткізулерді басқару;

· Халықаралық сауданы қаржыландыру.

2010 жылы «Кәсіпорынның экспорттық стратегиясын жасау» семинар-тренингі әзірленіп, өткізілді. Тренингтерге тамақ, машина жасау, химия, фрамацевтика және құрылыс салалрындағы 41 компанияның 56 маманы қатысты.


Назад
Жақындағы оқиғалар

ҚР ҰБ валюта бағамы
  • USD АҚШ доллары 310.4
  • EUR Евро 347.06
  • CNY Қытай юані 45.3
  • RUB Ресей рублі 5.5
  • GBP Ағыл. фунты 398.62
Хабарландыру тақтасы