Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:

Гуманитарлық сатып көмек нарығына жылжыту


1. Бағдарламаның мәнін баяндау (атауы, іске асырушылар, жобаға қатысушылар қандай жетістікке қол жеткізеді)

«Гуманитарлық көмек нарығына жылжыту» бағдарламасына қатысу Сізге өніміңізді халықаралық гуманитарлық ұйымдарға сату мүмкіндігін береді. БҰҰ немесе Қызыл Крест тұрақты түрде әр түрлі тауарларды сатып алады (азық-түлік, дәрі-дәрмектен бастап, құрылыс материалдарына дейін). Мемлекеттік қолдаудың осы түрі мелекеттік «Экспорт 2020» бағдарламасынынң аясында көрсетіледі.

Бағдарлам аясында Сіз келесі көмек ала аласыз:

· Сіздің кәсіпорныңыз әлеуетті жеткізушілердің базасында тіркеледі ( www.ungm.org );

· Сіздің кәсіпорныңыз гуманитарлық ұйымдар арасында таратылатын «Relief Items From Kazakhstan» атты каталогына кіреді;

· Сіз мамандандырылған семинарлар мен «В 2 B» кездесулеріне (бизнес пен бизнес) қатыса аласыз. Осы кездесулерге халықаралық гуманитарлық ұйымдар мен көтере сатып алу компанияларының өкілдері қатысады;

· Сіз AIDF, Вашингтон қ., (www.aidforumonline.org), DIHAD, Дубай қ., ( www.dihad.org ), AIDEX, Брюссель қ., ( www.aidexpo.com ) сияқты халықаралық мамандандырылған көрмелерге қатыса аласыз;

· Сіз тұрақты түрде халықаралық, аймақтық, мемлекеттік сатып алу тендерлері туралы ақпаратты аласыз.

Бағдарлама операторы:

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің «KAZNEX INVEST» Ұлттық эспорт және инвестициялар агенттігі» АҚ.

2. Бағдарламаға кім қатыса алады/қатыса алмайды.

2.1. Егер Сіздің компанияңыз халықаралық стандарттарға сәйкес келсе, яғни кәсіпорныңызда келесілер:

- сапаны басқару стандарттары;

- қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау жүйес;

- өндіріске арналған шикізатты, материалдарды, қосалқы құралдарды кірісте бақылау;

- дайын өнімді шығыста бақылау;

- санитарлық-гигиеналық мөлшерлердің жалпы ережелері енгізілген болса, Сіз бағдарламаға қатыса аласыз.

Гумани тарлық ұйымдардың өнімдер мен жеткізушілерге қоятын талаптарымен келесі сілтеме арқылы танысуға болады: http://www.kaznexinvest.kz/napr/export/files/request_gum.pdf

3. Бағдарламаға қатысу жолдары – толтыру үлгілері, байланыс ақпараты, қажетті құжаттардың тізілімі бар сатылы нұсқаулық.

3.1. Гуманитарлық жеткізулер нарығына шығу үшін Сізге:

3.1.1. белгілі бір халықаралық ұйымның қандай тауарлар сатып алатынын білу керек. Мысалы, БҰҰ Дүниежүзілік Азық-түлік бағдарламасы (БҰҰ ДАБ) бойынша, БҰҰ жоғарғы комиссарының босқындар ісі жөніндегі басқармасы (БҰҰ ЖКБІЖК) азық-түлік сатып алынады.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!! Пайдалы сілтемелер:

· Орталық Азияда гуманитарлық көмекті бас сатып алушылар:

http://www.kaznexinvest.kz/napr/export/files/zakupshiki_gum.pdf

· Гуманитарлық көмек тауарлары спцификацияның анықтамалығы

http://www.kaznexinvest.kz/napr/export/files/spravochnik_gum.pdf

· БҰҰ гуманитарлық сатып алуларынынң бірқатар заңды аспектілері

http://www.kaznexinvest.kz/napr/export/files/pravovye_aspect.pdf

· Гуманитарлық ұйымдар сайттарына сілтемелер

http://www.kaznexinvest.kz/napr/export/files/links_gum.pdf);

3.1.2. гуманитарлық/халықаралық ұйым қоятын талаптарға Сіздің компанияңыз сәйкес келетіндігін білу керек. Дайындық дәрежесін Сіз: Определить степень готовности компании Вы можете:

· сауалнамаға (checklist) жауап беру арқылы біле аласыз. Осы сауалнамада гуманитарлық ұйымдардың негізгі талаптары белгіленген. Сауалнаманы мына сілтеме арқылы жүктеп аласыз: http://www.kaznexinvest.kz/napr/export/files/questionare_gum.pdf;

· тәуелсіз аудиторлық және инспекциялық компаниялармен компанияңыздың диагностикасын өту арқылы біле аласыз. Егер тәуелсіз аудит өту барысында талаптарға сай келмеушілік, кемшіліктер айқындалған болса, оларды жою қажет.

· Бағдарламаға ары қарай қатысу үшін қанағаттанарлықсыз бағалаудан кейін, барлық кемшіліктерді жою қажет.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! !! Мүдделер қайшылықтары туындамау үшін тендерден өтер алдында жеткізушілермен келіссөздер жүргізілмейді.

3.2. Сіздің компанияңыз шығаратын тауарлар мен қызметтерді сатып алу тендерлеріне қатысу үшін Сіз келесілерді орындауға міндеттісіз:

3.2.1. БҰҰ әлеуетті жеткізушілер базасында (www.ungm.org) тіркелгенде қателік жібермеу үшін, KAZNEX INVEST мамандарымен мына байланыс жолдарымен кеңескен жөн: тел. +7 727 259 06 90, email: abubakirova@kaznexinvest.kz, narbayev@kaznexinvest.kz;

3.2.2. БҰҰ Жаһандық Нарығының (UNGM-United Nations Global Marketplace) әлеуетті жеткізушілер базасында тіркелу арқылы квалификациялаудың алдындағы сұрыптаудан өту. Тіркеу он-лайн режимінде тегін өтеді. Сайтқа тіркелу турады сатылық нұсқаулық келсі сілтемеде орналасқан: http://www.kaznexinvest.kz/napr/export/files/registration_gum.pdf;

3.2.3. UNGM-да тіркелгеннен кейін Сіз тендерлерге қатысып, келесі мүмкіндіктерге қол жеткізесіз:

· БҰҰ жұйесінің ұйымдары (ЮНИСЕФ, Дүниежүзілік Азық-түлік бағдарламасы бойынша, БҰҰ жоғарғы комиссарының босқындар ісі жөніндегі басқармасы және т.б. ) үшін өз өнімдеріңізді жарнамалау;

· БҰҰ жұйесінің ұйымдары өткізетін тендерлар туралы ақпарат алу.

4. Бағдарламаға қатысуды мерзімінен бұрын тоқтатудың шарттары. Бағдарламаға қатысушылардың жауапкершілігі.

5. Бағдарламаға қатысушылардың алдында ашылатын жаңа мүмкіндіктер:

Өнім сапасының жақсаруы, өнімнің халықаралық стандарттар мен талаптарға сәкестенуі, нәтижесінде халықаралық нарықтарға шығу мүмкіндігі.

6. Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ-парақ).

Сұрақ: « Қандай жағдайларда гуманитарлық көмек сатып алынады ?»

Жауап: Сатып алулар төтенше жағдайлар (су тасқыны, жер сілкіну, әскери қақтығыс және т.б.) туған жағдайда, орташа және ұзақ мерзімді дамуға көмектесу бағдарламаларының жоспарына сәйкес алынады.

Сұрақ: « Халықаралық гуманитарлық ұйымдар нені жиі сатып алады? »

Жауап:

- азық-түлік жиыны: дән-дақылдар, ұн, макарон өнімдері, қант, консервіленген ет, су май, тұз, жоғары энергетикалық печенье, шай, ауыз су және т.б.;

- азық-түліктік емес жиын: шатырлар, төсек-орын жарақтары, киім, су құятын ыдыстар, ас-үй жиындары және т.б.;

- гигиеналық жиын: сабынсу, сабын, тазалау, залалсыздандыру құралдары және т.б.;

- дәрілік заттар: вакцин алар, бірінші көмек көрсетуге арналған дәрі қораптар ы және т.б.;

- құрылыс материалдары: құрылыс материалдары жиындары, ағаш материалдары және т.б.

7. Бағдарлама бойынша статистика (іске қосылған сәттен бастап қатысушылардың жалпы саны, аяқталған жобалардың саны, игерілген қаражаттардың ақшалай көлемі, жиынтық экономикалық тиімділік, аймақтар мен компаниялардың көлемі бойынша қатысушылардың статистикасы (шағын/орта/ірі бизнес)).

2012 жылы «Орта Азиядан Ортар Азияға гуманитарлық жеткізілімдер» атты (суб)аймақтық гуманитарлық қойманы салу бастамасын жылжыту және жүзеге асырудың талаптары айқындалды.

2012 жылы отандық 10 кәсіпорын 3 мамандандырылған шетелдік көрмеге қатысты:

1. «Dubai International Humanitarian Aid and Development 2012» (DIHAD 2012), Дуба й қ. ( БАӘ );

2. « Қазақстан мен Қырғыстанның гуманитарлық көмек тауарларының жәрмеңкесі », Б і шкек қ. ( Қ ыргызстан );

3. «AIDEX-2012», Брюссель қ. (Бельгия Корольдігі ).

Жұмыс нәтижесі:

· қазақстандық 10 кәсіпорын гуманитарлық сатып алулардың әлеуетті жеткізушісі болып тіркелді;

· 3 саладағы 18 отандық кәсіпорындардың тауарлары гуманитарлық ұйымдарға таныстырылды;

· гуманитарлық сатып алулар нарығына жылжыту нәтижесінде 14 компания жалпы сомасы 21,8 млн. АҚШ долл. экспорттық келісім-шарттарға қол қойды.

2011 жылы келесі жұмыстар атқарылды:

· қазақстандық 15 кәсіпорын гуманитарлық сатып алулардың әлеуетті жеткізушісі болып тіркелді;

· «Гуманитарлық көмекке арналған Қазақстан өнімдері» атты каталогы тамақ, химия, құрылыс, текстиль өнеркәсіптері бойынша дайындалды;

· гуманитарлық ұйымдар үшін тамақ, жеңіл, өнеркәсіптері, фармацевтика, құрылыс салаларының 30 компанияның 20 аса тауар түрлері гуманитарлық ұйымдарға таныстырылды;

· 26 компанияға тендерларға қатысу процедураларын түсіндіру жұмыстары жүргізілді;

· 3 қазақстандық компания Қызық Крес пен Қызыл Жарты Ай ұйымымен көрпе, төсек жабдықтарын жеткізуге келісім-шарт жасасты.

2010 жылдың шілде айында Вашингтон қаласында ( АҚШ ) Aid and International Development Forum халықаралық көрменің аясында 8 қазақстандық компанияның өнімдері таныстырылды. Зарегистрировано 50 қазақстандық компания ООН United Nations Global Marketplace (www.ungm.org) сайтында әлеуетті жеткізушілер реестрінде тіркелді.


Назад

ҚР ҰБ валюта бағамы
  • USD АҚШ доллары 315.55
  • EUR Евро 338.93
  • CNY Қытай юані 45.73
  • RUB Ресей рублі 5.53
  • GBP Ағыл. фунты 391.09
Хабарландыру тақтасы