Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:

«Қазақстанның даму банкі» АҚ-ң кепілдік беру бағдарламасы


1. Бағдарламаның мәнін баяндау (атауы, іске асырушылар, жобаға қатысушылар қандай жетістікке қол жеткізеді)

Кепілзат құны жетіспеген жағдайда екінші деңгейлі банктер және басқа қаржылық институттар алдындағы міндеттерді орындауды қамтамасыз ету үшін Сіз бағдарлама аясында Даму банкінен банктік кепілдік пен кепілгерлік ала аласыз.

Кепілдіктің/кепілгерліктің ең аз сомасы Банктің ішкі актілеріне сәйкес белгіленеді.

Кепілдік/кепілгерлік беру мерзімдері инвестициялық жобаның шарттарына байланысты айқындалып, Банктің ішкі актілеріне сәйкес белгіленеді.

Алғытөлем қажет емес.

Бағдарлама операторы:

« Қазақстанның даму банкі » АҚ.

2. Бағдарламаға кім қатыса алады/кім қатыса алмайды

2.1. Бағдарламаға келесі талаптарға сай келетіндер қатыса алады:

· Өтінім берушіде заңды тұлғаның болуы;

· «Қазақстанның даму банкі» АҚ инвестициялық басымдықтарына сәйкес болу;

· Жобаны іске асырудың нәтижесінде шығарылатын өнімді өткізуді, шикізат қорының жеткіліктілігін қамтамасыз ету;

· Жобалық шешімдердің және қаржылық лизинг нысандарын алудың технологиялық және техникалық негізделуі;

· Экологиялық талаптарды орындау;

· Жобалық құжаттардың сапасы мен толықтылығы;

· Институттық тыңғылықтылық, мамандандырылған басқарудың болуы;

· Қарыз алушыға қойылатын талаптардың орындалуы (несие төлеу қабілеттілігі, төлем қабілеті, қаржылық тұрақтылық, оң несие тарихының және/немесе жағымды беделдің бар болуы,жобаны жүзеге асыру саласында тәжірибесінің бар болуы және т.б.);

· Жобаны инвестициялауға өтінім берушінің өзінің қатысуы;

· Тартылған қаржылар мен бюджетке төлемдер бойынша берешегі жоқ болуы;

· Тиімділік пен өтімділік;

· Банктен берілетін қарыздар мен кепілдіктер кепілзат, кепілдік және Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған міндеттерді орындаудың басқа да түрлерімен қамтамасыз етілуі тиіс. Қамтамасыз ету Өтінім берушінің қарызы (негізгі борыш, жеңілдік кезеңге сыйақы және басқа да шығындар) бойынша барлық міндеттерін жылжымайтын және жылжымалы мүлік түрінде, немесе жобаның бизнес-жоспары немесе техникалық-экономикалық негіздемеге сәйкес болашақта түсетін мүлік түрінде қамту керек. Қамтамасыз етудің құнын Даму банкінің кепілдік құн есептеу әдістемесінің қолданылуымен тәуелсіз бағалау компаниясы анықтайды;

· Кепілдік мүлік сақтандырылған болуы керек.

2.2. Бағдарламаға кім қатыса алмайды?

Егер Сіздің жобаңыз келесілерге бағытталған болса, Сіз қаржыландыру ала алмайсыз:

· қару жасау;

· алкогольдік өнімдер шығару;

· есірткі, есірткілік заттар, психотроптық заттар шығару;

· темекі өнімдерін шығару;

· тұрғын үй салу;

· мемлекеттік оқу, медициналық, қоғамдық ойын-сауық мекемелерін салу (егер осы мекемелер туристік инфрақұрылымның бір бөлігі болып табылмаса);

геолог иялық барлау жұмыстары

Сонымен қатар, Сіз келесі жағдайларда қаржыландыру ала алмайсыз:

  • Сіздің жобаңыз «Қазақстанның даму банкі» АҚ-ң инвестициялық басымдықтарына сәйкес келмесе;
  • өтінім берушінің бюджетке мерзімі өткен берешегі немесе алынған қарыздар бойынша берешегі болса.

3. Бағдарламаға қатысу жолдары – толтыру үлгілері, байланыс ақпараты, қажетті құжаттардың тізілімі бар сатылы нұсқаулық

Несиелерді кепілдендіру бағдарламасына қатысу Сіз үш кезеңнен өтуіңіз керек: Өтінімді алдын ала қарау, Банк сараптамасы, Қаржыландыру.

3.1. №1 кезең – несиелік өтінімнің бизнес ұсынысын алдын ала қарау

Бірінші кезеңнен өту үшін әлеуетті қарыз алушы инвестициялық жобаны немесе экспорттық операцияларды алдын ала қарау үшін құжаттар пакетін жинап, көрсетілген мекенжай бойынша ұсыну керек (FAQ қараңыз).

Бірінші этап тегін және барлық қажет ақпарат берілген жағдайда 10 күн ішінде жүргізіледі:

· А-020 (№1 қосымша);

· А-021 инвестициялық жобалар үшін (№2 қосымша);

· А-22 экспорттық операциялар үшін (№3 қосымша);

· А-041 (№4 қосымша);

· Бизнес жоспар жазуға қойылатын талаптар (№5 қосымша);

· Қаржылық модель (№ 6 қосымша);

· «Инвестициялық жоба бойынша қысқаша анықтама» инвестициялық жоба немесе экономикалық негіздеме үлгісі (№7 қосымша).

«Қазақстанның даму банкі» АҚ құжаттарды қарап, инвестициялық жоба және экспортық операция бойынша қысқаша түйіндеме дайындайды. Оң шешім қабылданған жағдайда, банк сараптамасын өткізуге қажет ақпараттар жинау басталады.

3.2. №2 кезең – Банк сараптамасы

«Қазақстанның даму банкі» АҚ әлеуетті қарыз алушымен банк сараптамасын өткізу үшін келісім-шарт жасасады. Барлық қажет құжаттар алынған соң «Қазақстанның даму банкі» АҚ банк сараптамасын жүргізеді.

«Қазақстанның даму банкі» АҚ банк сараптамасы нәтижесі оң болған жағдайда қарыз беру туралы шешім қабылдап, несиелік құралды беру туралы келісім-шарт жасасу процесін бастайды.

3.3. 3 кезең - Қаржыландыру

Жобаны қаржыландыру банктік қарыз келісім-шартының аясында жүргізіледі. «Қазақстанның даму банкі» АҚкелісім-шарттың барлық талаптарының орындалуын тұрақты қадағалайды.

4. Бағдарламаға қатысуды мерзімінен бұрын тоқтатудың шарттары. Бағдарламаға қатысушылардың жауапкершілігі

Бағдарламаға қатысушылардың жауапкершілігі, бағдарламаға қатысуды мерзімінен бұрын тоқтатудың шарттары қарыз алушылар мен «Қазақстанның даму банкі» АҚ арасында жасасқан банктік қарыз шарттарында қарастырылады.

Бағдарламаға қатысушылардың алдында ашылатын жаңа мүмкіндіктер

6. Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ-парақ)

Сұрақ: «Шешім қабылдау реті қандай?»

Жауап: банк сараптамасы нәтижесінде оң тұжырымдама алған экспортық операцияны несиелеу мәселесі Даму банкінің Кредиттік комитетіне қарауға ұсынылады. Сомасы 5 млн. АҚШ долларынан аспайтын экспортық операцияны несиелеу жөніндегі шешімді Даму банкінің Кредитік комитеті қабылдайды.

Сомасы 5 млн. АҚШ долларынан асатын экспортық операцияны несиелеу жөніндегі шешімді Даму банкінің Кредиттік комитетінің оң шешімі бар болған жағдайда, экспортық операцияны қаржыландыру туралы шешім қабылдау үшін директорлар кеңесінің қарауына ұсынылады.

Сұрақ: «Қазақстанның даму банкі» АҚ инвестициялық басымдықтары қандай?»

Жауап: Даму банкінің басымдықтары болып келесілерді өндірістерді құруға және/немесе дамытуға бағытталған инвестициялық жобалар және/немесе лизингтік мәмәлелер:

· инфрақұрылым нысандары (энергети калық, көліктік, телекоммуникациялық, туристік);

· инвестициялық жоба аясында шикізатты өндіру және/немесе сатып алу, оны тасымалдап, қайта өңдеп, дайын өнімді сатуды қамтитын өндірістік кәсіпорындар;

· инвестициялық жоба аясында шикізатты өндіру және/немесе сатып алу, оны тасымалдап, қайта өңдеп, дайын өнімді сатуды қамтитын ауылшаруашылық кәсіпорындары;

· қызмет көрсету саласындағы нысандар (коммерциялық негізде): туристік, экологиялық, оқу, спотты-сауықтыру және мейманханалық;

· Қазақстан Республикасының инфрақұрылымының, транзиттік әлеуетінің дамуына, қазақстандық тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердың экспортына ықпалын тигізетін және ше елдерде жүзеге асырылатын жобалар.

Сұрақ: «Мен қай жерден қосымша ақпарат ала аламын/қай жерге құжаттарды тапсыра аламын?»

Жауап: Құжаттарды өткізу мәселесі мен қосымша ақпарат алу үшін көрсетілегн телефон нөмірлеріне хабарласыңыздар:

· Астана: Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 10 үй («Қазына Тауэр» ғимараты)

Телефоны +7 (7172) 79 26 00

Call - орталық 8 800 080 555 9

Банктің Басқарма төрағасы, қабылдау бөлмесі +7 (7172) 79 26 88

Басқарма төрағасының жобалар бойынша орынбасары Қилыбаев Д. А.,

қабылдау бөлмесі +7 (7172) 79 26 97

Факс +7 (7172) 79 26 38

Басқарма төрағасының инвесторлармен жұмыс бойынша орынбасары Мадиев Ж. Х.,

қабылдау бөлмесі +7 (7172) 792604

№1 жобалық дирекция

Химия, нефтехимия, фармацевтика, туризм

Телефоны +7 (7172) 79 26 32

№2 жобалық дирекция

Электроэнергетика және өңдеуші өнеркәсіп

Телефоны +7 (7172) 79 26 80

№3 жобалық дирекция

Транспорт және логистика, телекоммуникации, құрылыс материалдары

Телефоны +7 (7172) 79 26 31

№4 жобалық дирекция

Тау металлургиясы , машиножасау

Телефоны +7 (7172) 79 26 68

· Алматы: 050010, Алматы қ., Зенков к., 80 үй, 5 қабат

E - mail : almaty@kdb.kz

Ресей Федераци ясындағы өкілдік:

Москва қ., 125047, 1- ші Тверская-Ямская к., 1 құрылым

Тел: +7 (499) 251 83 79, +7 (499) 251 51 24

E-mail: office@kdb-moscow.ru

6. Бағдарлама бойынша статистика (іске қосылған сәттен бастап қатысушылардың жалпы саны, аяқталған жобалардың саны, игерілген қаражаттардың ақшалай көлемі, жиынтық экономикалық тиімділік, аймақтар мен компаниялардың көлемі бойынша қатысушылардың статистикасы (шағын/орта/ірі бизнес)).


Назад

ҚР ҰБ валюта бағамы
  • USD АҚШ доллары 333.03
  • EUR Евро 392.61
  • CNY Қытай юані 50.54
  • RUB Ресей рублі 5.82
  • GBP Ағыл. фунты 442.86
Хабарландыру тақтасы