Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:

Тауар белгілерін таныстыру рәсімі


1. Бағдарлама мәнін баяндау (атауы, іске асырушылар, жобаға қатысушылар қандай жетістікке қол жеткізеді)

Тауар белгілерін таныстыру рәсімі » қызметі эспорттаушыларға шетелде өзін танытып, өнімдерін өткізу нарығын кеңейтуге көмектеседі. Аталған бағдарлама арқасында Сіз келесілерге қол жеткізесіз:

1.1. Сіздің өніміңіздің/көрсететін қызметіңіздің немесе тауар таңбасының (брендтың) тегін жарнамасы. Шетелде сыртқы нарықта жылжыту мақсатында KAZNEX INVEST әлеуетті шетел сатып алушыларын тарту үшін келесі таныстыру шараларын жүзеге асырады:

· Шетелдік салалық немесе ресми БАҚ жоғары сапалы қазақстандық брендке ие өнім туралы имидждік мақаланы шығарады;

· Қазақстандық экспорттық өнім туралы таныстыру бейне баяндарын дайындайды және көрсетеді;

· Қазақстандық өнімдердің каталогын дайындайды және таратады.

1.2. Сіздің өніміңізді/көрсететін қызметіңізді шетелдік көтерме сауда компанияларымен, сауда желілерімен және өзге де әлеуетті сатып алушыларымен келіссөз жүргізу ұйымдастырғанда Сізге қаржылық және өзге де қолдау көрсетеді , атап айтқанда:

· Сіздің компания өнімдерінің әлеуетті сатып алушыларды іздеуге жәрдемдеседі;

· Әлеуеметтік сатып алушымен келіссөз жүргізу мақсатымен Сіздің компания өкілінің белгіленген елге бару/ұшып бару бойынша және қайту шығындарын өтейді;

· Шетелде қонақүйде тұруды төлейді;

· Барған ел ішіндегі трансферт, аудармашы шығындарын төлейді;

· Шетелде келіссөзге қажет болған жағдайда KAZNEX INVEST өкілі қатысады және алып жүреді.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!! Егер әлеуетті сатып алушы Қазақстанға шақырылса, KAZNEX INVEST келісімімен оның ұқсас шығындарын жабу мүмкіндігі бар.

Бағдарлама операторы:

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі» АҚ.

2. Бағдарламаға кім қатыса алады/кім қатыса алмайды?

Жобаға барлық өнім өндірушілер мен өңдеушілере, сауда экспорт компаниялары, сонымен қатар шетел нарығына шығуды жоспарлаған компаниялар қатыса алады.

3. Бағдарламаға қатысу жолдары – толтыру үлгілері, байланыс ақпараты, қажетті құжаттардың тізілімі бар сатылы нұсқаулық.

Сізді қызықтырған мәселелер бойынша Экспортты жылжыту бойынша басқару директоры қызметінің жетекші маманы Мади Исекеев пен байланысуға болады , тел. 8 (7172) 79 93 93, ішкі 1060, моб. +7 701 227 8886 немесе электрон ды поштасы Issekeyev@kaznexinvest.kz.

4. Бағдарламаға қатысуды мерзімінен бұрын тоқтату талаптары. Бағдарлама қатысушыларының жауапкершілігі.

5. Бағдарламаға қатысушылардың алдында ашылатын жаңа мүмкіндіктер.

6. Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ-парақ)

7. Бағдарлама бойынша статистика (басталған сәттен қатысушылардың жалпы саны, аяқталған жобалардың саны, игерілген қаражаттардың ақшалай көлемі, жиынтық экономикалық тиімділік, аймақ бойынша қатысушылар статистикасы және компаниялардың шамасы (шағын/орта/ірі бизнес).

2012 жылы 31 қазақстандық брендтарды жылжыту бойынша жұмыс Ресей, Түркіменстан, Әзербайжан, Өзбекстан, Тәжікстан, Маңғолия, Португалия нарықтарында жүргізілді. 13 жарнама-түпнұсқалық іс-шараларын ұйымдастырылды.

Әлеуетті шетел сатып алушылар тауарлар мен өнім жөнінде қажетті ақпараттардың барлығы ұсынылды (техникалық сипаттама, өндіріс ерекшеліктері, бірегей тұтынушылық қасиеті және басқалары).

Жұмыс қорытындысы бойынша сегіз қазақстандық компания 12 экспорттық келісім-шарт жасалды. Қазақстандық өнімді тасымалдаудың жалпы сомасы 47 млн. АҚШ долл. құрайды.

2011 жылы Ресей, Түркіменстан, Әзербайжан, Өзбекстан, Беларусь, Болгария, БАӘ, Сингапур және Украина нарықтарында машина құрылыс, фармацевтика, химия, тамақ, құрылыс, жеңіл, металлургия өнеркәсіптерінің 46 тауар таңбаларын жылжыту бойынша тұсаукесер ұйымдастырылды және өткізілді.

Нәтижесінде сомасы 45,5 млн. АҚШ долл. экспорттық келісім-шарт жасалды.

2010 жылы отандық өнеркәсіптердің 21 тауар таңбасын жылжыту бойынша іс-шаралар жүзеге асты, оның ішінде –«ZHERSU POWER» аккумуляторы, «ДОНМАР» ауыл шаруашылық техникасы, «Zibroo» балалар мен үлкендерге арналған киім, «KORONA» макарон өнімдері, бидай және қара бидай ұны, «Sipan» снекті өнімі, «Әсем-ай» минералды су және басқасы. Нәтижесінде, Берлинде (Германия) қазақстандық өндірушілер 30 млн. евро сомасына снекті өнімдерін және 26 758 евро сомасына өсімдік өнімдерін тасымалдау жөнінде келісті.

Түркіменияда 35 бидай өңдейтін қазақстандық өндірушілерді біріктіретін "KAZNAN" бренды көрсетілді. Нәтижесінде өндірушілер Түркімениядан өз өкілдіктерін ашты және 10 млн.АҚШ долларына өнімді тасымалдау шартын жасады.

Ресейде әлеуметтік сатып алушылар және дилерлер үшін қазақстандық ауыл шаруашылығы техникасының тұсаукесері көрсетілді. Ресей серіктестерімен 10 млн. АҚШ доллар ы сомасына өнімді ( дестелегіштер , сепкіштер ) тасымалдау туралы келісім жасалды.

2010 жылы өткізілген іс - шаралары нәтижесінде жалпы сомасы 101,3 млн. АҚШ долл. болатын экспорттық келісім - шарттар мен келісімдер жасалды.

2009 жылы Германияда балық және снек ті өнімдерін, Швецарияда мақтаны, Ресейде санитарлы - техникалық және тұрба өнімдерін, Болгарияда медициналық жабдықтарын, Қытайда химиялық өнеркәсібі өнімдерін жылжыту бойынша 11 тауар таңбалары ұсынылды.


Назад

ҚР ҰБ валюта бағамы
  • USD АҚШ доллары 332.21
  • EUR Евро 391.74
  • CNY Қытай юані 50.08
  • RUB Ресей рублі 5.57
  • GBP Ағыл. фунты 440.01
Хабарландыру тақтасы