Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:

Инвестициялық жобалар мен инвесторларды сервистік қолдау


1. Бағдарлама мәнін баяндау (атауы, іске асырушылар, жобаға қатысушылар қандай жетістікке қол жеткізеді)

«Инвестици ялық жобалар мен инвесторларды сервистік қолдау» бағдарламасы келесіге бағытталған:

· Қазақстанның инвестициялық имиджін жылжытуға;

· Шетел инвесторларын табуға және алып жүруге;

· Қазақстандық бизнесмендер мен жергілікті/шетел инвесторлар арасындағы өзара әрекеттерін қолдауға;

Егер Сіз қазақстандық кәсіпорыны болып табыласыз және Сізде қаражатты талап ететін жоба бар, онда Сізге "KAZNEX INVEST" инвесторларға арналған базаға жобаңызды орналастырып, инвестор табуға көмектеседі. Егер Сіз инвестор тапсаңыз, онда "KAZNEX INVEST" инвестициялау үдерісіне жәрдемдеседі – Сізге және инвесторға консультациялық және мемлекеттік қолдау шараларын алуға көмектер ұсынады.

1.1 . Бағдарлама шеңберінде Сіз келесі көмекті алуыңызға болады:

· Инвестициялық жобалар базасына орналастыру;

· Бизнес-форумдарға қатысу:

Халықаралық бизнес-форум дар Қазақстанда және шетелде өткізеді. Оған қазақстан бизнес өкілдері, әлеуетті инвесторлары, мемлекет басшылары және Үкімет өкілдері қатысады.

· Роуд-шоуға қатысу:

Роуд-шоу – бұл Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерін жылжыту үшін жылжымалы кездесу сериясы.

· Шетел инвесторларымен кездесу ұйымдастыру:

KAZNEX INVEST үкімет, әкімдік, ұлттық компания, салалық бірлестіктер, жеке компаниялар өкілдерімен және т.б. шетел инвесторларымен кездесу жасайды. Кездесуде тараптар өз жоспарларымен бөлісіп, әрі қарайғы әріптестікті талқылайды.

1.2. Инвесторларды қолдау үшін келесі құралдар пайдаланылады:

· Әкімшілік мәселелерді шешуде қолдау көрсету.

Инвестор ға қажетті мемлекеттік қолдау алуға көмектеседі ( жеңілдіктер , преференци ялар және өзге де ынталандырулар ). Қазақстанда бизнес ашу және жүргізу кезінде әкімшілік рәсімдерден немесе қандай да бір кедергілерден өтуге жәрдемдеседі.

· Шетел инвесторлары үшін оңтайлы жағдай құру.

Шетел инвесторларын тарту үшін қазақстандық заңнама өзгеріп және жетілдіріліп отыр. Бұл жұмыста KAZNEX INVEST және Индустрия және жаңа технологиялар министерлігі жүргізеді. Ұлттық агент тік ҚР Президенті жанынан шетел инвесторлары кеңесі жұмысына қатысады. Кеңес – инвесторлар мен жоғарғы мемлекеттік құрылымдар арасындағы сұхбат алаңы. Оның жиналыстарында инвесторлардың проблемалары және ел экономикасын немесе оның жеке секторларын дамытудың өзекті мәселелері қарастырылады.

· Инвесторларға қызмет крсету орталықтары.

Инвесторларға қызмет көрсету орталықтары (ИҚКО) Қазақстандағы индустриалды жобаларды іске асыруға мүдделі серіктестерге көмектеседі. ИҚКО ел өңірлерінде қызмет көрсетеді және әлеуетті инвесторларға кеңес береді. Қазіргі кезде осындай 16 орталықтар жұмыс жасайды.

· Инвесторға өз жобасын іске асырудың барлық сатыларында консультация көрсетіледі. Ақпараттық -аналити калық қолдаудың келесі құралдары қолданылады:

- шетел инвесторлары мен әлеуетті шетел инвесторларының мәлеметтер базасы құрылады, http://baseinvest.kz/project;

- http://www.invest.gov.kz/ веб-сайт ты қолдау, порталда Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері туралы ақпарат орналастырылған;

- Қазақстанда шетел инвестициясы арналған жағдайларға салыстырмалық саралау жүргізу;

- Халықаралық инвестиция нарықтарын зерттеу;

- Инвесторлар үшін каталогтар, кітапшалар және өзге арнайы әдебиеттер шығару;

- Халықаралық БАҚ Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы туралы жарнамалар орналастыру.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!! Аталған бағдарлама шеңберінде оператор қызметті тегін көрсетеді.

Бағдарлама операторы:

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі» АҚ

2. Бағдарламаға кім қатыса алады/кім қатыса алмайды?

2.1. Бағдарламаға кім қатыса алады:

· Шетелдік инвесторлар;

· Инвестициялық жобалардың қазақстандық бастамашылар;

· Әрекет етуші және әлеуетті экспорт таушылар.

Ақпаратты кез келген адамға қолжетімді, оны алу үшін мына сайтқа кіру керек: http://www.kaznexinvest.kz

3. Бағдарламаға қатысу жолдары – толтыру үлгілері, байланыс ақпараты, қажетті құжаттардың тізілімі бар сатылы нұсқаулық.

Бағдарламаға қатысу үшін Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі» АҚ кеңсесіне баруы керек.

Біздің байланыстар:

Астана қ., Сығана қ көшесі, 25, «А ң сар» бизнес орталығы, 2 қабат,

Тел: +7 7172 79-93-93;

Факс: +7 7172 79-93-92.

Клиенттер жұмысы бойынша "тікелей байланыс":

· инвестиция мәселелері бойынша:

тел .: +7 7172 79-93-93 ( ішкі 1061, 1083),

e-mail: request@kaznexinvest.kz,

· экспорт мәселелері бойынша:

тел .: +7 7172 79-93-93 ( ішкі 1010),

e-mail: export@kaznexinvest.kz

4. Бағдарламаға қатысуды мерзімінен бұрын тоқтату талаптары. Бағдарлама қатысушыларының жауапкершілігі.

Шартқа сәйкес. Келісім Қазақстан Республикасы заңнамасымен реттеледі.

5. Бағдарламаға қатысушылардың алдында ашылатын жаңа мүмкіндіктер.

Шетел инвестициясын алу. Барлық деңгейде инвестициялық жобаны қолдау.

6. Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ-парақ)

Сұрақ: Қазақстандық экономиканың басым секторларына не кіреді?

Жауап: ОПЕРАТОРҒА: ЖАУАП ҰСЫНУДЫ ӨТІНЕМІЗ

7 . Бағдарлама бойынша статистика (басталған сәттен қатысушылардың жалпы саны, аяқталған жобалардың саны, игерілген қаражаттардың ақшалай көлемі, жиынтық экономикалық тиімділік, аймақ бойынша қатысушылар статистикасы және компаниялардың шамасы (шағын/орта/ірі бизнес).

KAZNEX INVEST қолдауымен 2012 жылы 87 әлеуетті шетел инвесторларының өтінімдері қарастырылды. Негізгі сұрақтар: Қазақстанның инвестициялық климаты, бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары, ауыл шаруашылық техникасының нарығы.

KAZNEX INVEST инвесторлық базасы жаңартылды. 2012 жылдың соңында мүдделі инвесторлар тізімі 455 компанияларды құрады. Әрбір компани яға заңнамалар және жобалар, шетелдегі жоспарланған іс шаралар туралы жаңа ақпараттар жолданып отырады. И нвест жобалардың ақпараттар базасы жалпы сомасы 100 млрд. АҚШ долл. жоғары инвестицияны қажет ететін 298 жобалар туралы ақпараттардан тұрады.

Инвесторларды аймақтарда алып жүру. 2012 жылы 12 шетел инвесторларын еліміздің 7 аймағында алып жүрді (Қарағанды, Қызылорда, Тараз ққ., сонымен қатар Батыс Қазақстан, Павлодар және Алматы облыстары). Инвесторлар аймақтардың өндірістің әлеуетімен және оған жалғасқан инфрақұрылымдармен танысты. Оларға инвестициялық жобалар туралы ақпараттар ұсынылды, әкімдік қызметкерлерімен, әлеуетті серіктестермен, медігерлермен және т.б. кездесулер ұйымдастырылды.

2012 жылы барлығы 119 шетел инвестор лары ( орталық деңгейде – 107, аймақтық деңгейде – 12) алып жүрілді . Шетелдік іскерлік орта өкілдері үшін барлығы 347 кездесу ұйымдастырылды.

2011 жылы KAZNEX INVEST Қарағанды ("Сарыарқа" АЭЗ ) және Жамбыл облыстарында жалпы сомасы 455,9 млн . евро (592,7 млн. АҚШ долл.) құрайтын инвестициалық жобаларды іске асыру үшін 8 шетел инвестор ларын (7 - Германия дан , 1-Т үркиядан ) тартты.


Назад

ҚР ҰБ валюта бағамы
  • USD АҚШ доллары 330.29
  • EUR Евро 387.27
  • CNY Қытай юані 49.8
  • RUB Ресей рублі 5.56
  • GBP Ағыл. фунты 437.27
Хабарландыру тақтасы