Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:

Экспорттаушылар кеңесі


1. Жобаның мәнін баяндау (атауы, іске асырушылар, жобаға қатысушылар қандай жетістікке қол жеткізеді)

Егер Сізде өнімдеріңізді экспорттау кезінде қиыншылықтар мен кедергілер пайда болса, онда Сіз Экспорттаушылар кеңесіне жүгінуіңіз қажет. Кеңес кәсіпкерлердің мемлекетпен сұхбат құруына, проблемалары жөнінде біліп, оларды шешуге көмектеседі. Сонымен қатар Экспорттаушылар кеңесі Сіздің мүдделеріңізді халықаралық деңгейде шешіп бере алады. Кеңестің ұсыныстары және ұсынымдары басқа елдердің үкіметтерімен келіссөз жүргізуге мүмкіндік береді. Кеңес жұмысына мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің және кәсіпкерліктің өкілдері қатысады. Экспорттаушылар кеңесіне сұрақтарды «KAZNEX INVEST» жасақтайды. Талқылау үшін басымдылыққа жүйелі проблемалар ие болып табылады. Сонымен қатар отандық кәсіпорындардың жеке өтініштері де есепке алынады.

Қызмет көрсету операторы:

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі» АҚ.

2. Жобаға кім қатыса алады/кім қатыса алмайды?

2.1. Жобаға кім қатыса алады:

· А ссоциаци я және кәсіпкерлер қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері, сонымен қатар от андық өндірушілер /экспорт таушылар , оның ішінде бұл ассоциациялар мен бірлестіктердің мүшелері болып табылмайтын өндірушілер /экспорт таушылар.

3. Жобаға қатысу жолдары – толтыру үлгілері, байланыс ақпараты, қажетті құжаттардың тізілімі бар сатылы нұсқаулық.

3.1. Егер Сізде өнімдеріңізді экспорттау кезінде қиыншылықтар мен кедергілер пайда болса , сонымен қатар олардан арылу жөніндегі ұсыныстарыңызды агенттік зерделейді және саралайды. Егер Сіздің ұсыныстарыңыз өзекті болса, онда олар мемлекеттік бағдарламалардың жобаларын дайындау кезінде қабылдайды және пайдаланады. Сіз өз ұсыныстарыңызды «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі» АҚ басқарушы директоры Ғазиза Шахановаға мына тел. бойынша: +7 (7172) 79 93 93 (ішкі 1010), немесе электронды пошта арқылы: shakhanova@kaznexinvest.kz. жолдай аласыз.

3.2. Орындау механизмі:

· кәсіпорындармен, салалық және өзге де бизнес – ассоциация лармен кездесу кезінде экспорттың дамуына кедергі келтіретін бар проблемалар жөнінде ақпараттар мен материалдар жинайды ;

· осы материалдарды саралау негізінде қазақстандық экспорттарды дамытудың мемлекеттік қолдаудың нақты шаралары мен тетіктері дайындалады және ұсынылады.

4. Жобаға қатысуды мерзімінен бұрын тоқтату талаптары. Бағдарлама қатысушыларының жауапкершілігі .

5. Жобаға қатысушылардың алдында ашылатын жаңа мүмкіндіктер .

6. Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ-парақ)

Сұрақ: Экспорттаушылар кеңесі құрамына кімдер кіреді?

Жауап: Экспорттаушылар кеңесі отырысына қоғамдық іскерлік бірлестіктер өкілдері («НЭП «Атамекен» ҰЭП» Одағы, Сауда кәсіпорын ассоциациясы, Тау–кен және тау– металлургиялық кәсіпорындарының республикалық ассоциациясы, тауар өндірушілері мен экспорттаушылар одағы, ҚР Сауда-өнеркәсіп палатасы, Ұлттық агроөнеркәсіп палатасы, Астық одағы, Астық өндіру және наубайшылар одағы және т.б.), сонымен қатар өндірістік/экспорттық кәсіпорын өкілдері қатысады.

7. Бағдарлама бойынша статистика (басталған сәттен бастап қатысушылардың жалпы саны, аяқталған жобалардың саны, игерілген қаражаттардың ақшалай көлемі, жиынтық экономикалық тиімділік, аймақ бойынша қатысушылар статистикасы және компаниялардың шамасы (шағын/орта/ірі бизнес).

2012 жылы Экспорттаушылар кеңесінің үш отырысы болды. Экспортқа кедергі келтіретін 60 проблемалық мәселелер шешілді. Сонымен қатар КО шеңберінде өнімдерді шығару кезінде ҚҚС қайтару проблемалары, ұлттық тауар таңбасын тану, ішкі нарыққа Ресей, Қазақстан және Белоруссия кәсіпкерлерінің тең қолжетімділігі, КО өнімдердің сәйкестілігін бекіту бойынша рәсімдерді жеңілдету және т.б. талқыланды

2011 жылы Экспорттаушылар кеңесінің үш отырысы болды. Қазақстандық экспорттаушылардың 33 проблемалық жағдайлары шешілді. Талқыланған мәселелер: экспортты көліктік қамтамасыз ету, тасымалдау кезінде жүктерді сақтау, қазақстандық өнімдердің шетел нарығына қолжетімділігі, рұқсат беру және кедендік рәсімдер, саудалық қаржыландыру, салық салу, Кедендік одақта отандық тауар таңбаларының өкілеттілігі.

2010 жылы KAZNEX INVEST қазақстандық кәсіпорындардың проблемалары бойынша 57 сауал шешімін тапты.


Назад

ҚР ҰБ валюта бағамы
  • USD АҚШ доллары 333.03
  • EUR Евро 392.61
  • CNY Қытай юані 50.54
  • RUB Ресей рублі 5.82
  • GBP Ағыл. фунты 442.86
Хабарландыру тақтасы