Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:

Елдік шолу


1. Жобаның мәнін баяндау (атауы, іске асырушылар, жобаға қатысушылар қандай жетістікке қол жеткізеді)

«Елдік шолу» жобасы Сізге шетелдерде тауарыңызды өткізуге мүмкін болатын елдер туралы талдаулық ақпарат алуға мүмкіндік береді. Жоба шеңберінде Сізге қызықты болатын шет мемлекеттің әлеуетті нарығын және көлемін зерттеуге сұраныс жасап, ала аласыз, бұл Сізге сол елге экспортқа шығудың мақсаттылығын анықтауға көмектеседі.

Елдік шолу Қазақстанмен сауда айналымы, ел экономикасының жағдайы және оның даму болжамы туралы ақпараттардан тұрады. Шолуда сол елде сұранысқа ие болатын импорттық тауарлар көрсетіледі.

Сіз елдің кедергілер мен тәуекелдерден тұратын инвестициялық мүмкіндіктерді және нарыққа қолжетімділік шарттары туралы біле аласыз. Сонымен қатар, Сіз көрмелер туралы ақпарат және серіктес елдегі пайдалы байланыстар тізімін аласыз.

Қызмет көрсету операторы:

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі» АҚ

2. Жобаға кім қатыса алады/кім қатыса алмайды?

2.1. Жобаға кім қатыса алады:

Кез-келген тұлға ақпарат ала алады.

3. Жобаға қатысу жолдары – толтыру үлгілері, байланыс ақпараты, қажетті құжаттардың тізілімі бар сатылы нұсқаулық.

Сізді қызықтырған нарық сегменті бойынша елдік шолу алу үшін «KAZNEX INVEST» АҚ сайт ына кіре аласыз, немесе Сізді қызықтырған бағыт бойынша ақпаратты келесі байланыстардан сұрау сала аласыз:

«KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі» АҚ

010000, Қазақстан, Астана қаласы, Сығанақ, 25, «Аңсар» бизнес-орталығы, 2 қабат;

Тел: + 7 (7172) 79 93 93;

Факс: +7 (7172) 79 93 92,

info@kaznexinvest.kz

4. Жобаға қатысуды мерзімінен бұрын тоқтату талаптары. Бағдарлама қатысушыларының жауапкершілігі.

5. Бағдарламаға қатысушылардың алдында ашылатын жаңа мүмкіндіктер.

6. Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ-парақ)

Сұрақ: Дайын елдік шолуды қайдан көре аламын?

Жауап: Елдік шолу мысалдарымен Сіз мына жерден таныса аласыз.

7. Бағдарлама бойынша статистика (басталған сәттен қатысушылардың жалпы саны, аяқталған жобалардың саны, игерілген қаражаттардың ақшалай көлемі, жиынтық экономикалық тиімділік, аймақ бойынша қатысушылар статистикасы және компаниялардың шамасы (шағын/орта/ірі бизнес).

2011 жылы 11 елдік шолу келесі елдер бойынша дайындалды : Әзербайжан, Армения, Грузия, Иран, Латвия, Малайзия, Марокко, Польша, Румыния, Словакия және ОАР.

2010 жылы Агентсттік 15 елдік шолуды келесі елдер бойынша дайындады : Әзербайжан, Ауғаныстан, Беларуссия, Грузия, Үндістан, Иран, Қытай, Қырғызстан, Малайзия, Сингапур, АҚШ, Тәжікстан, Түркия, Өзбекстан, Украина.


Назад

ҚР ҰБ валюта бағамы
  • USD АҚШ доллары 334.32
  • EUR Евро 392.29
  • CNY Қытай юані 50.53
  • RUB Ресей рублі 5.63
  • GBP Ағыл. фунты 450.46
Хабарландыру тақтасы