Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:

Агроөнеркәсіп кешенінің субъектілерін қолдау бойынша іс-шаралар өткізуге несие беру


1. Бағдарламаның мәнін баяндау (атауы, іске асырушылар, жобаға қатысушылар қандай жетістікке қол жеткізеді)

«КДЖ несие беру» бағдарламасы Сізге көктемдік дала және егін жинау жұмыстарына қажетті айналым қаражатын алуға мүмкіндік береді.

Несиелеу шарттары:

· Несие сомасы: 1 000 000 теңгеден бастап Корпорацияның меншік капиталының 25% дейін (осы параметрдің өзекті мәнін қаржылық есептілікте нақтылауға болады). Несие валютасы: те ң ге.

· Несие мерзімі:

– несие берілген ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін;

– келесі жылдың 31 наурызына дейін.

· Несие бойынша мөлшерлеме:

– егер мерзім ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін болса – 5%;

– егер мерзім келесі жылдың 31 наурызына дейін болса – 7%;

– кредиттік серіктестіктері үшін – 4%.

· Несиелеу көлемі:

– егер қарыз ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін көктемдік дала жұмыстары (КДЖ) және егін жинау жұмыстарына (ЕЖЖ), өсімдік шаруашылығының өнімдерін сатып алуға берілсе, онда несие сомасы қарыз алушының өтінімде көрсетілген егістік алқабының 1 (бір) га КДЖ және ЕЖЖ жүргізуге арналған шығындардың белгіленген нормативіне (яғни, шығыстардың орташа көлемі) негізделе отырып есептеледі;

– егер қарыз айналым қаражаттарына берілсе, онда бір қарыз алушыға арналған несие сомасы қарыз алушының ұзақ мерзімді активтерін (инвестицияларын, негізгі құралдарын) шегергендегі оның активтерінен ( FAQ қараңыз) аспауы тиіс.

· Өтеу шарттары:

– негізгі борыш ( FAQ қараңыз ) қарыз берілген мерзімнің соңында өтелуі мүмкін, бұл ретте несиені ішінара немесе толықтай төлеуге болады;

– келесі жылдың 31 наурызына дейін берілген қарыздар бойынша сыйақы несие берілген ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін өтелуі тиіс;

– басқа қарыздар бойынша сыйақы қарыз берілген мерзімнің соңында өтелуі мүмкін.

· Ерекше шарт: егер жылдық 7% берілген қарыз ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін толық өтелген болса, онда пайыздық мөлшерлеме жылдық 5% дейін төмендетіледі

· Кепіл: кепіл ретінде кез келген банктің кепілдемесі қызмет ете алады. Егер кредиттік серіктестік қаржыландырылатын болса, то Корпорацияның талаптарына сай келетін кез келген мүлік кепілге берілуі мүмкін (қосымша ақпаратты мына мекенжайға zalog@agrocredit.kz сұрату жіберу, сондай-ақ (7172) 559947, 559948, 559949 телефон нөмірлеріне қоңырау шалу арқылы білуге болады.)

Бағдарламаның операторлары:

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ.

Сонымен қатар, кейбір өзіндік айырмашылықтармен «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ да бағдарламаны іске асырады.

2. Бағдарламаға кім қатыса алады ?

Бағдарламаның мақсатты тобына мынадай заңды және жеке тұлғалар кіреді: шаруа қожалықтары, фермерлік қожалықтар, ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеумен, азық түлік өндірісімен айналысатын жеке кәсіпкерлер.

2.1. Сіз несиені мынадай жағдайларда ала аласыз:

· өтінімді беру сәтінде салықтар және бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша борыштарыңыз болмаса

· өтінімді беру сәтінде банк және кез келген қаржылық ұйым алдында мерзімі өткен берешектеріңіз болмаса;

· егіншілік саласында 3 (үш) жылдан аспайтын Сіздің қызметіңіздің нақты уақыты ішіндегі іс жүзінде егілген алқаптар және шығымдылығы туралы мәліметті растай алсаңыз;

· Сізде егін алқаптарының бар екендігін растайтын, оның ішінде бірлескен қызмет туралы шарттар бойынша құжаттарды ұсынсаңыз;

· бағдарлама шеңберінде берілген несие бойынша ақшалай қаражаттың пайдаланылуын бақылау үшін теңгедегі қосымша/арнайы банк шотыңыз болса.

3. Бағдарламаға қатысу жолдары – толтыру үлгілері, байланыс ақпараты, қажетті құжаттардың тізілімі бар сатылы нұсқаулық.

3.1. Осы бағдарламаға қатысу үшін қарыз алушыға орналасқан/қызмет жері бойынша «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ өңірлік филиалына жүгіну және мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

· қаржыландыруға өтінім ( 1-қосымша );

· несие алу үшін қажетті құжаттар тізбесі (2-қосымша).

3.2. Кредит комитеті құжаттарды қарағаннан және шешім қабылдағаннан кейін, қарыз алушы сәйкес хабарландыру алады. Оң шешім қабылданған жағдайда ақшалай қаражаттар қарыз алушыға өзі жүгінген филиалда беріледі.

3.3. Мүдделі әлеуетті қарыз алушылар ақпаратты Корпорацияның Орталық аппаратының кеңсесінен және барлық өңірлік филиалдарында қағаз және электрондық тасығыштарда ала алады (мекенжайлар мен байланыстар 3-қосымшада).

4. Бағдарламаға қатысуды мерзімінен бұрын тоқтату. Бағдарламаға қатысушылардың жауапкершілігі.

· Төлемді уақтылы жасамағаны үшін өсімақы мерзімі өтудің бірінші күнтізбелік күнінен бастап мерзімі өткен әрбір күннің сомасынан 0,1% құрайды.

· Несиені мақсатты пайдаланбағаны үшін айыппұл мақсатты пайдаланылмаған несие сомасының 25% дейін құрайды.

· Несие шарты бойынша міндеттемелердің әрбірін және кез келгенін бұзғаны үшін бұзудың (орындамаудың) әрбір күні үшін несие шарты сомасының 0,1% дейін мөлшерді құрайды.

· Комиссия және айыппұлдарды өндіріп алу туралы шешім Корпорацияның Кредит комитетімен қабылданады.

5. Бағдарламаға қатысушылардың алдында ашылатын жаңа мүмкіндіктер.

· Қарыз алушы Агроөнеркәсіп кешенінің субъектілерін қаржылық сауықтыру бағдарламасына өтінім бере және несиені өтеу барысында үкіметтен қаржылық қолдауды ала алады;

· Субсидиялау қағидалары бойынша ҚР ауыл шаруашылығын қолдауға арналған несиелер бойынша сыйақыны өтеу бойынша қарыз алушыға мемлекеттік бюджеттен несие бойынша төленген сыйақы 80%-ға дейінгі мөлшерде өтелуі мүмкін.

6. Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ-парағы)

Сұрақ: «Егер мен 5% алынған несиені мерзімінен бұрын толық өтесем, осы пайыздың төмендеуіне жеңілдк ала аламын ба?»

Жауап: Жоқ, сыйақы мөлшерлемесін төмендету жағына қарай қайта қарау тек келесі жылдың 31 наурызына дейін 7% берілген несиені мерзімінен бұрын толық өтеуде ғана мүмкін болады.

Сұрақ: «Қарыз алушының «активтері» деген қандай мағына береді?»

Жауап: Біздің жағдайда ол қарыз алуышының мүлігі. Бұл ақшалай қаражат, жылжымайтын мүлік (оның ішінде жер), құндылығы бар қаржылық құрал-саймандар және бизнес қаражаттары.

Сұрақ: «Негізгі борыш дегеніміз не?»

Жауап: Бұл қарыз алушының несие бойынша пайыздарды қоспағандағы банк алдындағы берешегі, яғни несиенің өз сомасы. Несиені өтеу үдерісінде негізгі берешек азаяды. Оның мөлшері сол немесе басқа күнге негізгі берешектің қалдығы деп аталады.

7. Бағдарлама бойынша статистика (іске қосылған сәттен бастап қатысушылардың жалпы саны, аяқталған жобалардың саны, игерілген қаражаттардың ақшалай көлемі, жиынтық экономикалық тиімділік, аймақтар мен компаниялардың көлемі бойынша қатысушылардың статистикасы (шағын/орта/ірі бизнес)).

2013 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 2009 жылдан бастап Корпорация жалпы сомасы 115 458,7 млн теңгеге 258 жобалар үшін несиелер берді.

Жалпы егіндік алқабы 6,6 млн. га құрады.


Назад
Жақындағы оқиғалар

ҚР ҰБ валюта бағамы
  • USD АҚШ доллары 311.59
  • EUR Евро 349.39
  • CNY Қытай юані 45.41
  • RUB Ресей рублі 5.5
  • GBP Ағыл. фунты 400.86
Хабарландыру тақтасы