Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:
Қашықтықтан оқыту системасы

Ауылдық жерлердегі кәсіпкерлік қызметінің ауылшаруашылық емес түрлеріне несие беру


1. Бағдарламаның мәнін баяндау (атауы, іске асырушылар, жобаға қатысушылар қандай жетістікке қол жеткізеді)

«АШЕБ несие беру» бағдарламасы ауылдық жерлердегі кәсіпкерлік қызметінің ауыл шаруашылығына жатпайтын түрлерін қаржыландыру арқылы өңірлерде бизнесті жүзеге асырушы кәсіпкерлерге өз ісін дамытуға қажетті қаражаттарды алуға мүмкіндік береді.

Несиелеу шарттары:

· Несие сомасы: 1 000 000 теңгеден бастап Корпорацияның меншік капиталының 25% дейін (осы параметрдің өзекті мәнін қаржылық есептілікте нақтылауға болады).

· Несие мерзімі:

– негізгі құралдарды сатып алуға және құрылыс-монтаждық жұмыстарға – 1 0 жылға дейін;

– айналым қаражаттарын толықтыруға – 24 айға дейін.

· Несие валютасы: те ң ге.

· Несие бойынша мөлшерлеме: 9,5%.

· Өтеу:

– негізгі борыш ( FAQ қараңыз ): ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда бір рет, жылына бір рет;

– сыйақы: ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда бір рет, жылына бір рет

Назар аударыңыз: кредит комитеті қызмет түріне және бизнес-жоспарға байланысты негізгі борышты мерзімінен бұрын ішінара/толық өтеу мүмкіндігімен өтеудің жеке кестесін белгілей алады.

· Жеңілдікті кезең: 24 айға дейін.

· Несие бойынша кепіл: талаптарды жүктеу. Қосымша ақпаратты мына мекенжайға zalog @ agrocredit. kz сұрату жіберу, сондай-ақ (7172) 559947, 559948, 559949 телефон нөмірлеріне қоңырау шалу арқылы білуге болады.

Бағдарлама о ператор лары:

«Аграр лық несие корпорация сы » АҚ.

Сонымен қатар, бағдарламаны кейбір өзіндік айырмашылықтарымен «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ да жүзеге асырады.

2. Бағдарламаға кім қатыса алады/кім қатыса алмайды ?

2.1. Кімге кім қатыса алады:

Бағдарламаның мақсатты тобына туризмді, мейманханалық бизнесті және жол бойындағы қызметті ұйымдастырумен; жеңіл және тамақ өнеркәсібінің өндірісімен; балық өнімдерін өсірумен және қайта өңдеумен; халыққа қызметтер көрсетумен; ауылдық сауда нүктелерін, қоғамдық тамақтану пунктерін ұйымдастырумен және кеңейтумен айналысатын заңды және жеке тұлғалар (шаруа қожалықтары, фермерлік қожалықтар, жеке кәсіпкерлер) кіреді.

2.2. Қарыз алушыға қойылатын талаптар:

· Сіздің жұмыс істеп тұрған бизнесіңіз бар болуы;

· өтінімді беру сәтінде салықтар және бюджетке түсетін міндетті төлемдер бойынша борыштарыңыз болмауы;

· өтінімді беру сәтінде банк және кез келген қаржылық ұйым алдында мерзімі өткен қарызыңыздың болмауы;

· Сізде жағымды несие тарихының бар болуы (FAQ қараңыз);

· Сіз таратылу, банкротка ұшырау рәсімдерінен өту үстінде емес болуыңыз;

· төлемге қабілетті және қаржылық тұрақты болуыңыз керек.

2.3. Жобаға қойылатын негізгі талаптар:

· жоба қаржыландыру мерзімі ішінде өтімді болуы тиіс;

· жоба сондай-ақ басқа да көздерден жобаның жалпы сомасының кемінде 15% көлемінде қаржыландырылуы тиіс;

· тауарларды (қызметтерді) өткізу нарығы болуы тиіс;

· жоғарыда көрсетілген талаптарға сай келетін кепіл болуы тиіс.

3. Бағдарламаға қатысу жолдары – толтыру үлгілері, байланыс ақпараты, қажетті құжаттардың тізілімі бар сатылы нұсқаулық.

3.1. «АШЕБ несие беру» бағдарламасына қатысу үшін қарыз алушыға орналасқан/қызмет жері бойынша «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ өңірлік филиалына жүгіну және мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

· қаржыландыруға өтінім ( 1-қосымша );

· несие алу үшін қажетті құжаттар тізбесі (2-қосымша).

3.2. Кредит комитеті құжаттарды қарап және шешім қабылдағаннан кейін, қарыз алушы сәйкес хабарландыру алады. Оң шешім қабылданған жағдайда ақшалай қаражаттар қарыз алушыға өзі жүгінген филиалда беріледі.

3.3. Мүдделі әлеуетті қарыз алушылар ақпаратты Корпорацияның Орталық аппаратының кеңсесінде және барлық өңірлік филиалдарында қағаз және электрондық тасығыштарда ала алады (мекенжайлар мен байланыстар 3-қосымшада).

4. Бағдарламаға қатысуды мерзімінен бұрын тоқтату. Бағдарламаға қатысушылардың жауапкершілігі.

· Төлемді уақтылы жасамағаны үшін өсімақы мерзімі өтудің бірінші күнтізбелік күнінен бастап мерзімі өткен әрбір күннің сомасынан 0,1% құрайды.

· Несиені мақсатты пайдаланбағаны үшін айыппұл мақсатты пайдаланылмаған несие сомасының 25% дейін құрайды.

· Несие шарты бойынша міндеттемелердің әрбірін және кез келгенін бұзғаны үшін бұзудың (орындамаудың) әрбір күні үшін несие шарты сомасының 0,1% дейін мөлшерді құрайды.

· Комиссия және айыппұлдарды өндіріп алу туралы шешім Корпорацияның Кредит комитетімен қабылданады.

5. Бағдарламаға қатысушылардың алдында ашылатын жаңа мүмкіндіктер.

· Қарыз алушы Агроөнеркәсіп кешенінің субъектілерін қаржылық сауықтыру бағдарламасына өтінім бере және несиені өтеу барысында үкіметтен қаржылық қолдауды ала алады;

· Субсидиялау қағидалары бойынша ҚР ауыл шаруашылығын қолдауға арналған несиелер бойынша сыйақыны өтеу бойынша қарыз алушыға мемлекеттік бюджеттен несие бойынша төленген сыйақы 80% -ға дейінгі мөлшерде өтелуі мүмкін.

6. Жиі қойылатын сұрақтар ( FAQ - парағы )

Сұрақ: « Жобаға қойылатын несиені алу бойынша шарттарға қатысты, шамамен қандай жобалар туралы айтылып тұр? »

Жауап: Сіздің қаржыландыру сұрайтын ауылдық жерлердегі жоспарлы бизнес-жоспарлар шамалануда.

Сұрақ: «Негізгі борыш дегеніміз не?»

Жауап: Бұл қарыз алушының несие бойынша пайыздарды қоспағандағы банк алдындағы берешек, яғни несиенің өз сомасы. Несиені өтеу үдерісінде негізгі борыш азаяды. Оның мөлшері сол немесе басқа күнге негізгі борыштің қалдығы деп аталады.

Сұрақ: « Таза несие тарихы дегеніміз не ?»

Жауап: Егер Сіз қандай да бір қаржылық мекемеден несие алып, оны төлемді енгізудің белгіленген мерзімдерін ұстана отырып өтеу арқылы қарызды уақтылы жауып тұрған болсаңыз, онда сізде таза несиелік тарихтың болғаны. Егер, несиені өтеуге жауаптылықпен қарамай, қарызгер, жауапсыз төлеуші болған болсаңыз, Сіздің несиелік тарихыңыз нашар. Сіз туралы ақпарат кредит бюросында сақталады және біздің кредит комиссиямыз оған қол жеткізе алады.

Сұрақ: «Берілген ақшаларды пайдалану бойынша қандай шектеулер бар?»

Жауап: Міндетті талап – бөлінген қаражатты мақсатты пайдалану.

7. Бағдарлама бойынша статистика (іске қосылған сәттен бастап қатысушылардың жалпы саны, аяқталған жобалардың саны, игерілген қаражаттардың ақшалай көлемі, жиынтық экономикалық тиімділік, аймақтар мен компаниялардың көлемі бойынша қатысушылардың статистикасы (шағын/орта/ірі бизнес)).

2013 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 2007 жылдан бастап Корпорация жалпы сомасы 2,9 млн теңгеге 146 жобалар үшін несиелер берді.

«АШЕБ несие беру» бағдарламасы шеңберінде мыналар қаржыландырылды:

· жалпы сомасы 181,8 млн. теңгеге 10 мейманхана кешендері;

· жалпы сомасы 370,3 млн теңгеге 28 қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары;

· жалпы сомасы 355,4 млн. теңгеге 15 тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары;

· жалпы сомасы 519,9 млн. теңгеге 32 жол бойы қызметі кәсіпорындары;

· жалпы сомасы 240,2 млн. теңгеге 7 балық өнімін аулау және қайта өңдеу бойынша кәсіпорындар;

· жалпы сомасы 347,6 млн. теңгеге 36 ауылдың сауда нүктелерін ашу бойынша кәсіпорындар;

· ауылдық туризммен айналысатын 16 кәсіпорын.


Назад

ҚР ҰБ валюта бағамы
  • USD АҚШ доллары 332.7
  • EUR Евро 389.99
  • CNY Қытай юані 49.72
  • RUB Ресей рублі 5.59
  • GBP Ағыл. фунты 428.62
Хабарландыру тақтасы