Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:

Ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу және тамақ өнімдерін өндіру кәсіпорындарына несие беру


1. Бағдарламаның мәнін баяндау (атауы, іске асырушылар, жобаға қатысушылар қандай жетістікке қол жеткізеді)

Осы бағдарламаның арқасында Сіз несие алып, ауыл шаруашылығы кәсіпорнындағы тозығы жеткен кәсіпорынды жаңартып, жаңғыртып, құрылыс-монтаждық жұмыстарды, оның ішінде қайта тұрғызуды, айналым қаражатын толықтыруды және коммерциялық банктерден алған бұрынғы несиелеріңізді қайта қаржыландыруды жүзеге асыра аласыз.

1.1. Несие мақсаттары:

· негізгі құралдарды сатып алу, оның ішінде объектілерді жаңғырту үшін;

· құрылыс-монтаждау жұмыстары, оның ішінде қайта тұрғызу;

· айналым қаражаттарын толықтыру;

· айналым қаражаттарын толықтыруға, негізгі құралдарды сатып алуға, жөндеуге банктерден берілген несиелерді қайта қаржыландыру ( FAQ қараңыз ).

1. 2. Несиелеу шарттары:

· Несие түрі:

– негізгі құралдарды сатып алуға, Қ М Ж, оның ішінде қайта тұрғызуға арналған несие немесе жаңғыртылмайтын несиелік желі ( FAQ қараңыз);

– негізгі құралдарды толықтыруға арналған жаңғыртылатын несиелік желі.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!! Банктік қарызды қайта қаржыландыру кезінде несие түрі қайта қаржыландырылатын қарыздың нысаналы мақсатына, яғни банктің өз уақытында несиені қандай мақсаттарға бергеніне байланысты болады.

Несие валютасы: те ң ге.

· Қаржыландыру сомасы: 1 000 000 теңгеден бастап Корпорацияның меншік капиталының 25% дейін (осы параметрдің өзекті мәнін қаржылық есептілікте нақтылауға болады).

· Несиелік желінің мерзімі:

– негізгі құралдарды сатып алуға, Қ М Ж, оның ішінде қайта тұрғызуға – 10 жылға дейін;

– айналым қаражатын толықтыруға – 5 жылға дейін.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!! Банктік қарызды қайта қаржыландыру кезінде несиелік желінің мерзімі қайта қаржыландырылатын қарыздың нысаналы мақсатына, яғни банктің өз уақытында несиені қандай мақсаттарға бергеніне байланысты болады.

· Несиенің /транш тың мерзімдері:

– негізгі құралдарды сатып алуға, Қ М Ж, оның ішінде қайта тұрғызуға – 5 жылға дейін;

– айналым қаражатын толықтыруға – 2 жылға дейін;

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!! Банктік қарызды қайта қаржыландыру кезінде несие/транш мерзімі қайта қаржыландырылатын қарыздың нысаналы мақсатына, яғни қарыз алушының өз уақытында банктік несиені қандай мақсаттарға алғанына байланысты болады.

· Республикалық бюджет қаражатынан берілетін несие бойынша өлшерлеме:

– айналым қаражатын толықтыруға – жылдық 7%;

– негізгі құрадарды сатып алуға – жылдық 5%.

· Корпорацияның меншікті қаражатынан берілетін несие бойынша мөлшерлеме:

– айналым қаражатын толықтыруға – жылдық 8%;

– негізгі құрадарды сатып алуға – жылдық 8%.

· Өтеу:

– негізгі борыш ( FAQ қараңыз ): ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда бір рет, жылына бір рет;

– сыйақы: ай сайын, тоқсан сайын.

Пайыздарды сыйақыны есептеудің мерзімін ұзарту,а мүмкіндік беретін жеңілдікті кезең аяқталғаннан кейін өтеуге болады.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ !!! Кредит комитеті қызмет түріне және бизнес-жоспарға байланысты негізгі борышты мерзімінен бұрын ішінара/толық өтеу мүмкіндігімен өтеудің жеке кестесін белгілей алады.

· Негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең:

– негізгі құралдарды сатып алуға, Қ М Ж, оның ішінде қайта тұрғызуға – 24 айға дейін;

– айналым қаражатын толықтыруға – 1 2 айға дейін;

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!! Банктік қарызды қайта қаржыландыру кезінде жеңілдікті кезең қайта қаржыландырылатын қарыздың нысаналы мақсатына, яғни қарыз алушының өз уақытында банктік несиені қандай мақсаттарға алғанына байланысты болады.

· Несие бойынша кепіл: талаптарды жүктеу. Қосымша ақпаратты мына мекенжайға zalog @ agrocredit. kz сұрату жіберу, сондай-ақ (7172) 559947, 559948, 559949 телефон нөмірлеріне қоңырау шалу арқылы білуге болады.

Бағдарламаның операторы:

«Аграр лық несие корпорация сы » АҚ.

2. Бағдарламаға кім қатыса алады/кім қатыса алмайды ?

2.1. Бағдарламаға кім қатыса алады:

Бағдарламаның мақсатты тобына мынадай заңды және жеке тұлғалар кіреді: шаруа қожалықтары, фермерлік қожалықтар, ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеумен, азық түлік өндірісімен айналысатын жеке кәсіпкерлер.

2.2. Қарыз алушыға қойылатын талаптар:

· Сіздің жұмыс істеп тұрған бизнесіңіз бар болуы;

· өтінімді беру сәтінде салықтар және бюджетке түсетін міндетті төлемдер бойынша борыштарыңыз болмауы;

· өтінімді беру сәтінде банк және кез келген қаржылық ұйым алдында мерзімі өткен қаразыңыздың болмауы;

· Сізде жағымды несие тарихы бар болу (FAQ қараңыз);

· Сіз таратылу, банкротка ұшырау рәсімдерінен өту үстінде емес болуыңыз;

· төлемге қабілетті және қаржылық тұрақты болуыңыз керек.

2.3. Жобаға қойылатын негізгі талаптар:

· жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі (ТЭН), жоғары пайдалылығы, ұсынылатын қаржыландыру мерзімдеріне сәйкес келетін өтімділіктің нақты мерзімдері болуы;

· жобада жұмыс ітейтін білікті маманның болуы;

· құнды кепілдің және басқа да несиені қайтару бойынша міндеттемелерді орындау үшін материалдық мүмкіндіктердің болуы;

· егер несие сатып алынатын жабдықты кепілге беру арқылы ұсынылса, онда қоса қаржыландыру қажет, яғни тағы да бір қаржылық ұйым тарапынан жабдық құныңы кемінде 15% мөлшерінде несие беру, немесе құы қоса қаржыландыру сомасынан кем емес қосымша кепілді ұсыну керек;

· шикізат бар;

· өткізу нарығы бар.

2.4. Ерекше шарт:

Егер бар қарызды қайта қарыжыландыру керек болса, Корпорациядан несие берудің шарттары қарыз алушының несиені алдыңғы қаржылық ұйымнан (банктен) қандай мақсаттарда алғанына байланысты болады.

3. Бағдарламаға қатысу жолдары – толтыру үлгілері, байланыс ақпараты, қажетті құжаттардың тізілімі бар сатылы нұсқаулық.

3.1. Осы бағдарламаға қатысу үшін қарыз алушыға орналасқан/қызмет жері бойынша «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ өңірлік филиалына жүгіну және мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

· қаржыландыруға өтінім ( 1-қосымша );

· несие алу үшін қажетті құжаттар тізбесі (2-қосымша).

3.2. Кредит комитеті құжаттарды қарағаннан және шешім қабылдағаннан кейін, қарыз алушы сәйкес хабарландыру алады. Оң шешім қабылданған жағдайда ақшалай қаражаттар қарыз алушыға өзі жүгінген филиалда беріледі.

3.3. Мүдделі әлеуетті қарыз алушылар ақпаратты Корпорацияның Орталық аппаратының кеңсесінде және барлық өңірлік филиалдарында қағаз және электрондық тасығыштарда ала алады (мекенжайлар мен байланыстар 3-қосымшада).

4. Бағдарламаға қатысуды мерзімінен бұрын тоқтату. Бағдарламаға қатысушылардың жауапкершілігі.

· Төлемді уақтылы жасамағаны үшін өсімақы мерзімі өтудің бірінші күнтізбелік күнінен бастап мерзімі өткен әрбір күннің сомасынан 0,1% құрайды.

· Несиені мақсатты пайдаланбағаны үшін айыппұл мақсатты пайдаланылмаған несие сомасының 25% дейін құрайды.

· Несие шарты бойынша міндеттемелердің әрбірін және кез келгенін бұзғаны үшін бұзудың (орындамаудың) әрбір күні үшін несие шарты сомасының 0,1% дейін мөлшерді құрайды.

· Комиссия және айыппұлдарды өндіріп алу туралы шешім Корпорацияның Кредит комитетімен қабылданады.

5. Бағдарламаға қатысушылардың алдында ашылатын жаңа мүмкіндіктер.

· Қарыз алушы Агроөнеркәсіп кешенінің субъектілерін қаржылық сауықтыру бағдарламасына өтінім бере және несиені өтеу барысында үкіметтен қаржылық қолдауды ала алады;

· Субсидиялау қағидалары бойынша ҚР ауыл шаруашылығын қолдауға арналған несиелер бойынша сыйақыны өтеу бойынша қарыз алушыға мемлекеттік бюджеттен несие бойынша төленген сыйақы 80% -ға дейінгі мөлшерде өтелуі мүмкін.

6. Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ-парағы)

Сұрақ: «Несиелік желі дегеніміз не? Оның қарапайым несиеден айырмашылығы неде?»

Жауап: Несие бір уақытта беріледі, бұл ретте Сіз уағдалы мерзімнің соңына дейін барлық соманы бірден аласыз. Несиелік желі қарызды транштармен беруді көздейді – бұшл жаңартылатын және жаңартылмайтын желі болуы мүмкін. Ал бұл дегеніміз не?

Жаңартылатын желі – мұнда қаржыландырудың белгіленген мерзімі ішінде Сіз белігленген лимиттен аспайтын қажетті соманы аласыз, одан кейіносы ақшаларды қайтарасыз және қайта аласыз. Сіз несиенің лимиті транштардың жалпы мөлшерінен аспайтын жағдайда бірнеше рет бөліп ақша ала аласыз.

Жаңартылмайтын желі – мұнда қаржыландырудың белгіленген мерзімі ішінде Сіз транштарды белгілі сомаларды алып, барлық несие мерзімнің соңында төлей аласыз.

Сұрақ: «Негізгі борыш дегеніміз не?»

Жауап: Бұл қарыз алушының кредит бойынша пайыздарды қоспағандағы банк алдындағы берешек, яғни несиенің өз сомасы. Несиені өтеу үдерісінде негізгі борыш азаяды. Оның мөлшері сол немесе басқа күнге негізгі борыштің қалдығы деп аталады.

Сұрақ: «Несиені қайта қаржыландыру деген не?»

Жауап: Бұл бұрын алынған несиені өтеу мақсатында анағұрлым тиімді шарттарда жаңа несие алу мүмкіндігі.

Сұрақ: « Жағымды несие тарихы денегіміз не ?»

Жауап: Егер Сіз қандай да бір қаржылық мекемеден несие алып, оны төлемді енгізудің белгіленген мерзімдерін ұстана отырып өтеу арқылы қарызды уақтылы жауып тұрған болсаңыз, онда сізде жағымды несие тарихының болғаны. Егер, несие өтеуге жауаптылықпен қарамай, қарызгер, жауапсыз төлеуші болған болсаңыз, Сіздің несиелік тарихыңыз нашар. Сіз туралы ақпарат кредит бюросында сақталады және біздің кредит комиссиямыз оған қол жеткізе алады.

Сұрақ: «Берілген ақшаларды пайдалану бойынша қандай шектеулер бар?»

Жауап: Міндетті талап – бөлінген қаражатты мақсатты пайдалану.

7. Бағдарлама бойынша статистика (іске қосылған сәттен бастап қатысушылардың жалпы саны, аяқталған жобалардың саны, игерілген қаражаттардың ақшалай көлемі, жиынтық экономикалық тиімділік, аймақтар мен компаниялардың көлемі бойынша қатысушылардың статистикасы (шағын/орта/ірі бизнес)).

2013 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 2010 жылдан бастап Корпорация жалпы сомасы 8,6 млрд. теңгеге 25 жобалар үшін несиелер берді.

Бағдарлама шеңберінде мыналар қаржыландырылды:

· жалпы сомасы 3 738,5 млн. теңгеге 6 дәнді дақылдарды бастапқы, терең қайта өңдеу кәсіпорындары;

· жалпы сомасы 716,3 млн. те ң ге ге 6 нан-тоаш өнімдерін өндіру кәсіпорындары;

· 17,9 млн теңгеге 1 сүтті қайта өңдеу бойынша кәсіпорын;

· жалпы сомасы 1 795,8 млн. те ң ге ге 1 мал және құс етін қайта өңдеу бойынша кәсіпорын;

· жалпы сомасы 457,8 млн. теңгеге 1 жеміс-көкөністі қайта өңдеу бойынша кәсіпорын;

· жалпы сомасы 21,0 млн. теңгеге 1 тұқымдық күрішті қайта өңдеу бойынша кәсіпорын;

· жалпы сомасы 135,0 млн. теңгеге жүнді қайта өңдеу бойынша 1 кәсіпорын;

· жалпы сомасы 872,5 млн. теңгеге 1 кондиттерлік бұйымдарды өндіру бойынша кәсіпорын; 12,4 млн. теңгеге 1 макарон өнімдерін өндіру кәсіпорны;

· 1 646,0 млн. теңгеге 4 өсімдік майын өндіру кәсіпорындары.


Назад

ҚР ҰБ валюта бағамы
  • USD АҚШ доллары 334.92
  • EUR Евро 395.88
  • CNY Қытай юані 50.69
  • RUB Ресей рублі 5.71
  • GBP Ағыл. фунты 450.57
Хабарландыру тақтасы