Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:

Мамандандырылған ұйымдарға несие беру


1. Бағдарламаның мәнін баяндау (атауы, іске асырушылар, жобаға қатысушылар қандай жетістікке қол жеткізеді)

«Мамандандырылған ұйымдарға несие беру» бағдарламасы агроөнеркәсіп индустриясындағы шағын және орта бизнеске қажетті қаржылық қолдауды көрсете отырып, кредиттік компаниялар және басқа да мекемелер сияқты мамандандырылған ұйымдар қызметінің негізгі түрлерін қаржыландырады.

Несиелеу шарттары:

· Несие түрлері:

– несие;

– жаңартылмайтын несиелік желі;

– жаңартылатын несиелік желі.

Несие в алюта сы: те ң ге.

· Несие сомасы: 500 000 000 теңгеден Корпорацияның меншікті капиталының 25% дейін ( осы параметрдің өзекті мәнін қаржылық есептіліктен нақтылай аласыз)

· Мерзімдері:

– несиелік желі – 3 жылға дейін;

– несие /транш – 3 жылға дейін.

· Несие бойынша мөлшерлемелер:

– егер ұйым банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асырмайтын болса – жылдық 1,35%;

– егер ұйым банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асырса және «ВВ» төмен емес несиелік рейтингке ие болса – жылдық 4%;

– егер ұйым банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асырса және «ВВ-» төмен несиелік рейтингке ие болса – жылдық 6%.

· Өтеу:

– негізгі борыш ( FAQ қараңыз ): ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда бір рет, жылына бір рет, бірден несие беру мерзімінің соңында;

– сыйақы: ай сайын, тоқсан сайын, жылына бір рет.

· Өтеу бойынша жеңілдікті кезең:

– негізгі борыш – 3 жылға дейін;

– сыйақы – 1,5 жылға дейін.

· Несие бойынша кепіл: талаптарды жүктеу. Қосымша ақпаратты мына мекенжайға zalog @ agrocredit. kz сұрату жіберу, сондай-ақ (7172) 559947, 559948, 559949 телефон нөмірлеріне қоңырау шалу арқылы білуге болады.

Бағдарламаның операторы:

«Аграр лық несие корпорация сы » АҚ.

2. Бағдарламаға кім қатыса алады/кім қатыса алмайды ?

2.1. Бағдарламаға кім қатыса алады:

Бағдарламаның мақсатты топтарына ауыл шаруашылығындағы дамыту жобаларын іске асырумен айналысатын шағын кредиттік ұйымдар және басқа мекемелер сияқты Мамандандырылған ұйымдар кіреді.

Мамандандырылған ұйым мынадай жағдайларда несие ала алады:

· өтінімді беру сәтінде салықтар және бюджетке түсетін міндетті төлемдер бойынша борыштары болмаса;

· өтінімді беру сәтінде банк және кез келген қаржылық ұйым алдында мерзімі өткен қарыздары болмаса;

· жағымды несие тарихы болса ( FAQ қараңыз )

· таратылу, банкротка ұшырау рәсімдерінен өту үстінде болмаса;

· төлемге қабілетті және қаржылық тұрақты болса.

3. Бағдарламаға қатысу жолдары – толтыру үлгілері, байланыс ақпараты, қажетті құжаттардың тізілімі бар сатылы нұсқаулық.

3.1. «Мамандандырылған ұйымдарға несие беру» бағдарламасына қатысу үшін қарыз алушыға орналасқан/қызмет жері бойынша «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ өңірлік филиалына жүгіну және мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

· қаржыландыруға өтінім ( 1-қосымша );

· несие алу үшін қажетті құжаттар тізбесі (2-қосымша).

3.2. Кредит комитеті құжаттарды қарағаннан және шешім қабылдағаннан кейін, қарыз алушы сәкес хабарландыру алады. Оң шешім қабылданған жағдайда ақшалай қаражаттар қарыз алушыға өзі жүгінген филиалда беріледі.

3.3. Мүдделі әлеуетті қарыз алушылар ақпаратты Корпорацияның Орталық аппаратының кеңсесінде және барлық өңірлік филиалдарында қағаз және электрондық тасығыштарда ала алады (мекенжайлар мен байланыстар 3-қосымшада).

4. Бағдарламаға қатысуды мерзімінен бұрын тоқтату. Бағдарламаға қатысушылардың жауапкершілігі.

· Төлемді уақтылы жасамағаны үшін өсімақы мерзімі өтудің бірінші күнтізбелік күнінен бастап мерзімі өткен әрбір күннің сомасынан 0,1% құрайды.

· Несиені мақсатты пайдаланбағаны үшін айыппұл мақсатты пайдаланылмаған несие сомасының 25% дейін құрайды.

· Несие шарты бойынша міндеттемелердің әрбірін және кез келгенін бұзғаны үшін бұзудың (орындамаудың) әрбір күні үшін несие шарты сомасының 0,1% дейін мөлшерді құрайды.

· Комиссия және айыппұлдарды өндіріп алу туралы шешім Корпорацияның Кредит комитетімен қабылданады.

5. Бағдарламаға қатысушылардың алдында ашылатын жаңа мүмкіндіктер.

· Қарыз алушы Агроөнеркәсіп кешенінің субъектілерін қаржылық сауықтыру бағдарламасына өтінім бере және несиені өтеу барысында үкіметтен қаржылық қолдауды ала алады;

· Субсидиялау қағидалары бойынша ҚР ауыл шаруашылығын қолдауға арналған Несиелер бойынша сыйақыны өтеу бойынша қарыз алушыға мемлекеттік бюджеттен несие бойынша төленген сыйақы 80% -ға дейінгі мөлшерде өтелуі мүмкін.

6. Жиі қойылатын сұрақтар ( FAQ - парағы )

Сұрақ: «Негізгі борыш дегеніміз не?»

Жауап: Бұл қарыз алушының несие бойынша пайыздарды қоспағандағы банк алдындағы берешек, яғни несиенің өз сомасы. Несиені өтеу үдерісінде негізгі борыш азаяды. Оның мөлшері сол немесе басқа күнге негізгі борыштің қалдығы деп аталады.

Сұрақ: « Жағымды несие тарихы дегеніміз не ?»

Жауап: Егер Сіз қандай да бір қаржылық мекемеден несие алып, оны төлемді енгізудің белгіленген мерзімдерін ұстана отырып өтеу арқылы қарызды уақтылы жауып тұрған болсаңыз, онда сізде жағымды несиелік тарихтың болғаны. Егер, несиені өтеуге жауаптылықпен қарамай, қарызгер, жауапсыз төлеуші болған болсаңыз, Сіздің несиелік тарихыңыз нашар. Сіз туралы ақпарат кредит бюросында сақталады және біздің кредит комиссиямыз оған қол жеткізе алады.

Сұрақ: «Берілген ақшаларды пайдалану бойынша қандай шектеулер бар?»

Жауап: Міндетті талап – бөлінген қаражатты мақсатты пайдалану.

7. Бағдарлама бойынша статистика (іске қосылған сәттен бастап қатысушылардың жалпы саны, аяқталған жобалардың саны, игерілген қаражаттардың ақшалай көлемі, жиынтық экономикалық тиімділік, аймақтар мен компаниялардың көлемі бойынша қатысушылардың статистикасы (шағын/орта/ірі бизнес)).


Назад

ҚР ҰБ валюта бағамы
  • USD АҚШ доллары 335.33
  • EUR Евро 395.49
  • CNY Қытай юані 50.75
  • RUB Ресей рублі 5.7
  • GBP Ағыл. фунты 450.28
Хабарландыру тақтасы