Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:
Қашықтықтан оқыту системасы

Тұқымды түрлендіру үшін асыл тұқымды бұқаларды тауарлық мал табынына тапсыру бағдарламасы


1. Бағдарламаның мәнін баяндау (атауы, іске асырушылар, жобаға қатысушылар қандай жетістікке қол жеткізеді).

Бағдарламаның көмегімен сіз асыл тұқымды өндіруші бұқалар сатып алу үшін қарыз ала аласыз

Қаржыландыру шарты:

· Қарыз көлемі - өндіруші бұқа құнының 70%

· 30%- ын сіз өзіңіз төлейсіз.

· Қарыз уақыты 6% - дық жылдық төлеммен, 2014 жылдың бірінші қарашасына дейін.

· Сатып алынатын өндіруші бұқалар элита, элита-рекорд, І кластарға жатуы керек.

· Сіз асыл тұқымды бұқаны өндірушілік мақсатта кемінде екі шағыстырылатын мерзімде қолдануыңыз керек. Ірі қара малдың тұқымдық торпақтары (ІҚМ) зоотехникалық нормаларға сәйкес ұсталып, ветеринарлық шаралар орындалып отырылуы керек.

Бағдарлама операторы:

«Kaz Meat» ЖШС («КазАгроӨнім» АҚ еншілес компаниясы)

2. Бағдарламаға кім қатыса алады/кім қатыса алмайды

2.1. Сіз бағдарламаға келесі жағдайларды қатыса аласыз:

· Сіз шаруа (фермерлік) қожалығының иесі және/немесе жеке кәсіпкер болсаңыз;

· Сіз ауыл шаруашылығы өнімін өндіретін кәсіпкер болсаңыз;

· Сіз заңды тұлға болсаңыз.

3. Бағдарламаға қатысу жолдары – толтыру үлгілері, байланыс ақпараты, қажетті құжаттардың тізілімі бар сатылы нұсқаулық

3.1. Сізге әкімшілік анықтайтын әлуетті қатысушылардың тізіміне ену үшін ауыл тұрғындарының жиынына қатысу керек;

3.2. Әкімшілік «Kaz Meat» ЖШС-не ауыл тұрғындарының жиынында анықталған әлеуетті қатысушылардың тізімін жібереді.

3.3. Сіз асылтұқым өндіруші репродуктормен малды сатып алу-сату келісімшартын жасайсыз.

3.4. Қарыз алу үшін қатысушы бірінші қосымшада көрсетілген формаға сәйкес өтінім толтырып, екінші қосымшадағы құжаттарды ұсынады.

3.5. Репродукторға бұқа құнының 30% төленген соң, «Kaz Meat» ЖШС сатып алушыға қарызды, яғни сатып алуға қажетті қалған 70% соманы береді.

3.6. Сіз және «Kaz Meat» ЖШС кепілдік келісімшартын жасайды шарт бойынша кепілдікке сатып алынатын бұқа қойылады.

Назар аударыңыз!!! Бағдарламаға қатысуға байланысты барлық сұрақтар бойынша «Kaz Meat» ЖШС-не мына телефондар арқылы хабарласа аласыздар: 8 (7172) 41- 56 -12, 41-56-04.

4. Бағдарламаға қатысуды мезімінен бұрын тоқтату шарттары. Бағдарламаға қатысушылардың жауапкершілігі.

Сіз негізгі қарыз бен сыйақы көлемін толық төлеп біткен соң бағдарламаға қатысушысы болуды тоқтатасыз.

5. Бағдарламаға қатысушылар алдында ашылатын мүмкіндіктер:

Ауыл шаруашылық малдары өнімділігінің өсуі және өндірілетін мал шаруашылығы өнімдері сапасының артуы.

6. Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ-парақ)

7. Бағдарлама бойынша статистика (бағдарлама басталған сәттен қатысушылардың жалпы саны, игерілген қаражаттың көлемі, жиынтық экономикалық тиімділік, аймақтар мен компания көлеміне қарай қатысушылардың статистикасы (шағын/орта/ ірі бизнес).

Қазіргі кезде бағдарлама 3 облыста жүргізіліп жатыр:

· Ақмола облысы – 3 қатысушы (шағын, орта бизнес) 3,68 млн.теңгеге 11 бас бұқалар сатып алынды.

· Шығыс Қазақстан облысы – 3 қатысушы (шағын, орта бизнес) 7,6 млн.теңгеге 24 бас бұқа сатып алынды.

· Қарағанды облысы – 5 қатысушы (шағын, орта бизнес) 22,94 млн.теңгеге 67 бас бұқа сатып алдынды.


Назад

ҚР ҰБ валюта бағамы
  • USD АҚШ доллары 326.88
  • EUR Евро 364.9
  • CNY Қытай юані 47.85
  • RUB Ресей рублі 5.47
  • GBP Ағыл. фунты 413.96
Хабарландыру тақтасы