Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:

«NIF$50K» байқауы


1. Жобаның мәнін баяндау (атауы, іске асырушылар, жобаға қатысушылар қандай жетістікке қол жеткізеді).

Егер Сіз шоудың (байқаудың) кейіпкері болсаңыз, ол Сіздің новаторлық жобаңызға және қызықты ұсыныстарыңызға ел назарын аудартуға көмектеседі. Кәсіби кеңесшілер көмегімен Сіз бизнес жоспарлауды және жоба коммерциялауды игеруді үйренесіз. Байқау республикалық каналда «Инновациялық форсаж» реалити-шоу үлгісінде таратылады. Телешоу кейіпкерлеріі – идея авторы, өнертапқыш. Байқау жеңімпазы 7,5 млн. те ң ге көлемінде, ал екінші және үшінші орын алғандар сәйкесінше 2,5 және 1 млн. теңгеден гранттар алады.

Байқауға қатысу Сізге:

· Жобаңызды қаржыландыруға;

· Әлеуетті инвесторларға идеяңызды жарнамалауға;

· Мемлекеттік және өзге де құрылымдардан қолдау алуға

мүмкіндік береді.

Байқау жүргізу және қатысу ережесі туралы қосымша ақпарат www.nif50k.kz байқау сайтында көрсетілген.

Байқаудың Қазақстандағы ұйымдастырушысы:

ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі (ҚР ИЖТМ) қолдауымен «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі» (ТДҰА) АҚ

2. Жобаға кім қатыса алады/кім қатыса алмайды ?

2.1. Жобаға кім қатыса алады:

Байқауға жобаларын ақпараттық қолдау, қаржыландыру тұрғысынан қиыншылықтар көріп жүрген, олардың іске асуына мүдделі идеяны дайындаушылар және оның иелері (жеке тұлғалар) қатыса алады. Сізде тәжірибелік нұсқа мен жоба үлгісі болуы қажет.

Байқауға жіберу үшін Сіздің жоба келесі талаптарға сәйкес болуы тиіс:

· жобада жаңашылдық және инновация болуы керек;

· тәжірибелік нұсқа мен үлгінің, іске асырылған әрекеттің бар болуы;

· коммерциялық әлеует және оны іске асырылу мүмкіндігі;

· өзектілігі және әлеуметтік мәнділігі.

3. Жобаға қатысу жолдары – толтыру үлгілері, байланыс ақпараты, қажетті құжаттардың тізілімі бар сатылы нұсқаулық.

3.1. Бірінші кезең (іріктеу) – сараптаушы комиссия түскен өтінімдерді қарайды және үздік жобаларды таңдайды. Байқауға қатысу үшін келесі құжаттарды ұсынуыңыз керек:

· "NIF$50K" инновациялық бизнес-жоспарлар байқауын өткізу ережесінің 1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш ( екі үлгіде: DOC- үлгіде және PDF – үлгіде );

· Жеке куәлігінің сканерленген көшірмесі (PDF – үлгіде );

· Зияткерлік меншік құқығын растайтын құжаттардың (патент тер, сертификат тар және т. б.), болған жағдайда сканерленген көшірмесі (PDF – үлгіде );

· Аталған Ереженің 2 қосымшасына сәйкес нысан бойынша Сіздің міндеттемелеріңіздің сканерленген көшірмесі (PDF – үлгіде );

· Сіздің идеяңыздың, жобаңыздың жан-жақты сипаттамасы ( екі үлгіде: DOC- үлгіде және PDF – үлгіде );

· Болған жағдайда: мінездемелер, пікірлер, жоба бойынша ниет хаттамасы (PDF – үлгіде );

· өзге де ақпараттар;

· тәжірибелік нұсқа мен үлгі немесе жобаны енгізу кезеңі болған жағдайда, сызбаларын, эскиздерін, сызбанұсқаларын, суреттерін, кестелерін, есептерін және т.б. қосымша жалғау керек;

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ !!! Мекен – жайы бойынша өтінім қабылданады: 010000 Астана қ., Досты қ көшесі, 18, «М әскеу » бизнес орталығы, 7- қабат. Тел: 571014 ( ішкі 245/246/248), 577 194. E-mail:nif50k@natd.gov.kz.

Сонымен қатар, Сіз онлайын режимінде өтінім бере аласыз және байқау жөнінде кеңес ала аласыз. Өтінімде жоба қандай кезеңде екенін және сол кезеңде қажетті шығындар сомасы мен болжалды бабын көрсетуіңіз керек.

Қажетті материалдар тізімдері және құжаттар үлгілерімен жан-жақты ақпаратты "NIF$50K" инновациялық бизнес жоспарлар байқауын өткізу ережесінен таба аласыздар.

3.2. Екінші кезең – қатысушыларды жоспарлау машығына және өз жобаларының бизнес жоспарын құруға оқыту;

3.3. Үшінші кезең (жартылай финал) – жартылай финалға шыққандардың өз бизнес жоспарларын қорғау және жартылай финалда 5 финалға шығатындарды таңдау;

3.4. Төртінші кезең (финал) – 5 финалға шығатындардың жобаларына тұсаукесер жасау және қорғау. Сараптау комиссиясы байқаудың бір жеңімпазды және 2 жүлдегерді (2 және 3 орын) таңдайды;

4. Жобаға қатысуды мерзімінен бұрын тоқтату талаптары. Бағдарлама қатысушыларының жауапкершілігі.

Сіз ешбір адамның құқығын бұзбау туралы міндеттемені ұсынасыз. Осылайша, өнертабысқа меншік құқығын растайсыз және толық заңды жауапкершілікте боласыз. Егер басқа құқықиеленуші болса, онда Сіздің байқауға қатысу жөнінде оның жазбаша келісімін ұсынуыңыз қажет.

5. Жобаға қатысушылардың алдында ашылатын жаңа мүмкіндіктер.

6. Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ-парақлист)

Сұрақ: « Жобаны коммерциялау дегеніміз не ?»

Жауап: Коммерци я л ау – экономикалық тиімділікті алуға бағытталған жаңа және жетілдірілген тауарларды, үдерістерді және қызмет көрсетулерді нарыққа шығару.

7. Бағдарлама бойынша статистика (басталған сәттен қатысушылардың жалпы саны, аяқталған жобалардың саны, игерілген қаражаттардың ақшалай көлемі, жиынтық экономикалық тиімділік, аймақ бойынша қатысушылар статистикасы және компаниялардың шамасы (шағын/орта/ірі бизнес).


Назад

ҚР ҰБ валюта бағамы
  • USD АҚШ доллары 335.33
  • EUR Евро 395.49
  • CNY Қытай юані 50.75
  • RUB Ресей рублі 5.7
  • GBP Ағыл. фунты 450.28
Хабарландыру тақтасы