Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:

«РАЦИОНАЛИЗАТОР.KZ» байқауы


1. Жобаның мәнін баяндау (атауы, іске асырушылар, жобаға қатысушылар қандай жетістікке қол жеткізеді).

Сіз отандық кәсіпорындарда енгізілген рационализаторлық ұсыныстардың байқауына қатыса аласыз. Байқау мақсаты – осындай бастаманы қолдайтын рационализаторлар мен кәсіпорындарды мадақтау. Байқау шеңберінде жоба қатысушылары туралы хабарлайтын теледидар бағдарламаларының нұсқалары құрылды. Сыйлықтар мен естелік дипломдар екі номинация: «Жылдың үздік рационализаторлық шешімі», «Кәсіпорындарда рационализаторлықты қолдаудың үздік жүйесі» бойынша табысталады. Байқаудың сыйлық қоры 5 (бес) миллион тенге.

Байқауға қатысу Сізге не береді:

· Еңбегіңізді таныту, республикалық каналдардан сюжет көрсетілімі;

· Кәсіпорын үшін жарнама, оның беделін көтеру;

· Кәсіпорын қызметкерлерін ынталандыру;

· Мемлекеттік және өзге құрылымдардан қолдау алу.

Қазақстанда байқауды ұйымдастырушы:

ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі (ҚР ИЖТМ) қолдауымен «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі» (ТДҰА) АҚ

2. Жобаға кім қатыса алады/кім қатыса алмайды ?

2.1. Жобаға кім қатыса алады:

Кәсіпорынға енгізіліп, пайдаланылып отырған рационализаторлық шешімді дайындаушылар байқауға қатыса алады. Сонымен қатар, рационализаторлықты қолдау жақсы жолға қойылған және жұмыс жасайтын жүйесі бар кәсіпорындардың өзі де қатыса алады. Байқаудың «Жылдың үздік рационализаторлық шешімі» номинациясы бойынша тек жеке тұлға - Қазақстанның азаматы қатыса алады.

2.1.1. «Жылдың үздік рационализаторлық шешімі» номинациясы бойынша жобаларды іріктеу талаптары:

· рационализатор лық ұсыныс белгілері бар;

· техни калық шешім және оны іске асыру тетігі нақты айқындалуы керек;

· кәсіпорын ресурстарын үнемдегеніне дәлелдеме.

2.1.2 «Кәсіпорындарда рационализаторлықты қолдаудың үздікжүйесі»номинациясы бойынша:

· кәсіпорындарда рационализаторлық ұсынысты ынталандыру жүйесі болуы тиіс.

· рационализаторлық ұсынысты енгізу және бағалау жүйесі бар;

· рационализаторлық ұсынысты енгізу және бағалау үдерістерін реттейтін нормативті құжаттардың бар болуы.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ !!!! Байқауға « Кәсіпорындарда рационализаторлықты қолдаудың үздік жүйесі» номинациясы бойынша байқауға жұмысшылары қатысуға өтінімдерін жіберген кәсіпорындар жіберіледі. Өтінім рационализаторлық ұсынысты беру үдерісін және бар болса нормативті құжаттарды қосымша жалғап оның енгізілуін сипаттауы тиіс.

3. Жобаға қатысу жолдары – толтыру үлгілері, байланыс ақпараты, қажетті құжаттардың тізілімі бар сатылы нұсқаулық.

Қажетті материалдар тізімімен және құжаттар үлгілерімен толық ақпарат Рационализаторлық ұсыныстар байқауын өткізу ережесінде көрсетілген. Байқау сайтынан қажетті консультациялар алып, өтінімді жүктейсіз.

Сонымен қатар, мына мекен-жайға жүгінуге болады: 010000 Астана қ., Достық көшесі, 18, «Мәскеу» бизнес орталығы, 7-қабат. Тел: 571014 (ішкі 246/248), 577 194. E-mail:nif50k@natd.gov.kz.

Сіз бағдарламаға қатысу талаптарымен, тетіктерімен, толтыру үлгілерімен және қажетті құжаттар тізімімен байқау сайтынан:http://www.nif.kz/racionalizator/index.php таныса аласыз.

3.1. «Жылдың үздік рационализаторлық шешімі» номинациясы бойынша байқауға қатысу үшін рационализатор келесі құжаттарды ұсынады:

· Рационализаторлық ұсыныстар байқауын өткізу ережесінің 1 қосымшасына сәйкес нысанда өтініш;

· жеке куәлігінің, салық төлеушінің тіркеу номерінің нотариал ды куәландырылған көшірмесі;

· р ационализаторлық ұсыныст ы жан-жақты баяндау;

· техник о -экономи калық есептері, негіздері, кестелік материал дар (эскиз дер, сызбанұсқаларын, суреттерін, кестелерін және т.б. );

· аталған кәсіпорында р ационализаторлық ұсыныст ы енгізгенін растайтын басшысының ( бас инженер немесе технолог) қолы қойылған, мөрі соғылған кәсіпорын анықтамасы;

· бар болған жағдайда, өзге де материалдар.

Өтінімін берген сәтте енгізілген рационализаторлық ұсыныстің енгізілгеніне бір жылдан артық болмауы керек. Рационализаторлық ұсыныс кәсіпорынға тиесілі және ол еңбек, шикізат және өзге де материалдық және қаржылық ресурстарды үнемдейді. Кәсіпорын үшін жаңа ұсыныстарда (ұйымдық, басқарушылық, IT шешім) қарастырылады. Бұл шешімдер қызметтік тапсырманы орындауға байланысты болуы тиіс.

3.2. «Кәсіпорындарда рационализаторлықты қолдаудың үздікжүйесі» номинациясы бойынша байқауға қатысу үшін компания келесі құжаттарды ұсынады:

· осы Ереженің 2 қосымшасына сәйкес нысан байынша өтініш;

· нотариалды куәландырылған жарғы, құрылтай шарты (бар болған жағдайда); мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, статистикалық кәртішке, салық төлеушінің тіркеу номері, бірінші басшының тағайындалғанын растайтын құжат;

· кәсіпорынға рационализаторлық ұсынысты енгізу және көтермелеу жүйесін жан-жақты баяндау;

· рационализаторлық ұсыныс үдерісін реттейтін нормативті құжаттардың кәсіпорын мөрімен куәландырылған көшірмелері;

· бар болған жағдайда, өзге де материалдар.

4. Бағдарламаға қатысуды мерзімінен бұрын тоқтату талаптары. Бағдарлама қатысушыларының жауапкершілігі.

5. Бағдарламаға қатысушылардың алдағы мүмкіндіктері:

  1. Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ-парақ)

Сұрақ: Қайырлы күн ! Мен өндірісте 3 жыл бұрын енгізілген рационализаторлық ұсыныстың авторы болып табыламын. Мен аталған байқауға қатыса аламын ба ?

Жауап: « Өкінішке орай, байқау өткізу ережесіне сәйкес Сіз байқауға қатыса алмайсыз. «Жылдың үздік рационализаторлық шешімі» номинациясына қатысу өтінімі жұмысшы кәсіпорынына енгізілген рационализаторлық ұсынысы өтінімді тіркеген сәтте 12 айдан аспауы керек. Сіздің байқауға деген ыстық ықыласыңызға алғысымызды айта отырып, әрі қарай да ынтымақтастықта болатынымызға сенеміз».

Сұрақ: Мен үш жыл қатарынан жылы Сіздердің байқауларыңыздың қатысушысы болып табыламын. Алайда, бірде бір рет жеңімпаз болып көрмеппін. Байқау жеңімпазын кімдер анықтайтынын білсем деп едім?

Жауап: Сәлеметсіз бе ! Рационализаторлық ұсыныс байқауына қатысқаныңыз үшін Сізге алғыс білдіреміз. Байқау жеңімпаздарын әрбіл жыл сайын сараптау комиссиясы анықтайды. Ол төрағадан және 3 адамнан кем емес сараптау комиссиясының мүшелерінен тұрады. Сараптау комиссиясының құрамына салалық ассоциациялардың немесе үкіметтік емес ұйымдардың, мемлекеттік және жеке сектор өкілдері, ірі өнеркәсіп коорпорацияларының немесе қоғамдық бірлестіктердің өкілдері кіре алады. Сараптау комиссиясының шешімі балдық бағалау нәтижесі негізінде қабылданады және осы Ереженің 3 және 4 қосымшасына және 7, 8 бөлімдеріне сәйкес дауыс береді. Кворум сараптау комиссиясы мүшелерінің 2/3 кем емес санынан құралуы тиіс. Бұған қоса, дауыс тең болған жағдайда сараптау комиссиясы төрағасының/төрағалық етушінің дауысы шешуші дауыс болып саналады. Әрбір кезеңде Сараптау комиссиясының шешімі Сараптау комиссиясының төрағасы/төрағалық етуші және хатшысы қол қойған хаттамамен рәсімделеді.

Сұрақ: Қайырлы күн ! Мен осы байқауға қатысқым келеді. Қандай құжаттар керек екенін айтып жіберсеңіз?

Жауап: «Жылдың үздік рационализаторлық шешімі» номинациясы бойынша байқауға қатысу үшін рационализатор келесі құжаттарды ұсынады:

  1. аталған ереженің 1 қосымшасына сәйкес нысанда өтініш;
  2. жеке куәлігінің, салық төлеушінің тіркеу номерінің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
  3. р ационализаторлық ұсыныст ы жан-жақты баяндау;
  4. техник о -экономи калық есептері, негіздері, кестелік материал дар (эскиз дер, сызбанұсқаларын, суреттерін, кестелерін және т.б. );
  5. аталған кәсіпорында р ационализаторлық ұсыныст ы енгізгенін растайтын басшысының ( бас инженер немесе технолог) қолы қойылған, мөрі соғылған кәсіпорын анықтамасы;
  6. бар болған жағдайда, өзге де материалдар.

Сұрақ: Менде зерттеме түріндегі р ационализаторлық ұсыныс бар. Бірақ, мен оны өндіріске енгізген жоқпын. Қазіргі кезде ол басшылықтың қарауында жатыр. Мен байқауға қатыса аламын ба?

Жауап: Қайырлы күн! Рационализаторлық ұсыныс байқауына қатысу өтінімі 2013 ж.15 тамызына дейін қабылданады. Егер осы уақытқа дейін Сіз өндіріске ұсынысыңызды ендірсеңіз, байқауға қатыса аласыз. Өйткені, байқауды өткізу ережесі бойынша бұл байқауға қатысу үшін аталған кәсіпорында рационализаторлық ұсынысты енгізгенін растайтын басшысының (бас инженер немесе технолог) қолы қойылған, мөрі соғылған кәсіпорын анықтамасы керек.

Сұрақ: «Кәсіпорындарда рационализаторлықты қолдаудың үздік жүйесі» номинациясы бойынша байқауға қатысу ЖШС қандай құжаттар керек.

Жауап: «Кәсіпорындарда рационализаторлықты қолдаудың үздік жүйесі» номинациясы бойынша байқауға қатысу үшін өтінім беруші байқау ұйымдастырушыға келесі құжаттарды ұсынады:

  1. осы Ереженің 2 қосымшасына сәйкес нысан байынша өтініш;
  2. нотариалды куәландырылған жарғы, құрылтай шарты (бар болған жағдайда); мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, статистикалық кәртішке, салық төлеушінің тіркеу номері, бірінші басшының тағайындалғанын растайтын құжат;
  3. кәсіпорынға рационализаторлық ұсынысты енгізу және көтермелеу жүйесін жан-жақты баяндау;
  4. рационализаторлық ұсыныс үдерісін реттейтін нормативті құжаттардың кәсіпорын мөрімен куәландырылған көшірмелері;
  5. бар болған жағдайда, өзге де материалдар.

Сұрақ: «Жылдың үздік рационализаторлық шешімі» номинациясы бойынша байқау жеңімпаздарын қандай белгілері бойынша іріктейтінін айтып жіберіңізші ?

Жауап: «Жылдың үздік рационализаторлық шешімі» номинациясы бойынша жобаларды іріктеу белгілері:

· рационализатор лық ұсыныс белгілері бар;

· техни калық шешім және оны іске асыру тетігі нақты айқындалуы керек;

· кәсіпорын ресурстарын үнемдегеніне дәлелдеме.

Сұрақ: Сәлеметсіз бе ! Мен Көкшетау қаласынан боламын. Осы жылы инновациялық бизнес жоспарлардың республикалық байқауының қатысушысы болып табыламын. Бірақ, менде басқа рационализатор лық ұсыныс бар. Осы байқаудың қатысушысы бола аламын ба ?

Жауап: Қайырлы күн! Әрине, Сіз екі байқаудың да қатысушы бола аласыз. Бұл байқауға қатысу үшін байқауды өткізу ережелерімен http://natd.gov.kz/racionalizator/сайтынан таныса аласыз және байқау туралы қажетті ақпараттарды Астанадағы мына телефондардан ала аласыз: 8 (7172) 577 194, 8 771 999 33 03, 8 707-851-89-43.

Сұрақ: Өтінімді жіберіп, құжаттарды сосын апарып беруге болады ма?

Жауап: Өкінішке орай, жоқ. Барлық құжаттар өтінім толтырылған сәтте тапсырылуы керек.

Сұрақ: Анықтамада басшының қолы болуы міндетті ме ? Анықтаманы директордың орынбасары қол қоюына болады ма ?

Жауап: Иә. Егер өтінім берген сәтте, өкілетті тұлға кәсіпорын басшысының міндетін атқаруға бірінші қол қою құқығы бар ресми бұйрығымен тағайындалса.

Сұрақ: Мен Өзбекстан республикасының азаматы болып табыламын, менің байқауға қатысуыма болады ма ?

Жауап: Өкінішке орай, жоқ. Қазақстан Республикасының резидент і болуыңыз керек.

Сұрақ: Өтінімнің жоғалуына байланысты байқауға қатыса алмайтын жағдайды қалай тексеруге болады. Менің ұсынысым жалпы базада болады ма?

Жауап: Өтінім қабылдау электронды поштамен, қағаз тасымалымен жүзеге асырылады. Сіздің өтінім жалпы базада бар екенін тексеру үшін Сіз көрсетілген телефон бойынша хабарласып, жоба атауын және аты-жөніңізді айтуыңыз керек.

Сұрақ: СТН күші жойылсада, оны куәландыру керек пе?

Жауап: СТН ұсыну міндетті емес. Жеке куәлігіңізді нотариалды куәландырсаңыз жеткілікті болып табылады.

Сұрақ: Басқа ел кәсіпорынымен байланысты және бізде енгізілген ұсыныс инновациялы болып табылады ма?

Жауап: Иә, егер ұсыныс инноваци ялы болып табылса. Сізге байқауға қатысуға болады.

Сұрақ: Мен Сіздердің байқауыңыз туралы естідім, бірақ ешқашан қатысқан емеспін. Менде бірнеше рационализаторлық ұсыныстар бар? Олардың арасынан біреуін таңдауым керек пе?

Жауап: Біздің өтінім берушілерге өтінім беру саны бойынша шектеу жоқ. Мысалы, бір қатысушы бір немесе одан да көп өтінім бере алады. Басты шарты өтінім барлық белгілерге сәйкес болуы керек.

Сұрақ: Менің ұсынысым әзірше қағаз бетінде. Онымен байқауға қатыса аламын ба ?

Жауап: Сіздің ұсынысыңыз өндіріске енгізілгеннен кейін байқауға қатыса алады.

7. Бағдарлама бойынша статистика (басталған сәттен қатысушылардың жалпы саны, аяқталған жобалардың саны, игерілген қаражаттардың ақшалай көлемі, жиынтық экономикалық тиімділік, аймақ бойынша қатысушылар статистикасы және компаниялардың шамасы (шағын/орта/ірі бизнес).


Назад

ҚР ҰБ валюта бағамы
  • USD АҚШ доллары 340.11
  • EUR Евро 407.93
  • CNY Қытай юані 51.61
  • RUB Ресей рублі 5.91
  • GBP Ағыл. фунты 461.22
Хабарландыру тақтасы