Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:

Халықаралық технологиялар трансферті орталықтары арқылы қызмет көрсету (ХТТО)


1. Жоба мәнін баяндау (атауы, іске асырушылар, жобаға қатысушылар қандай жетістікке қол жеткізеді)

Жоба шеңберінде Сіз жаңа шетелдік технологияларды алып, кәсіпорыныңызға енгізе аласыз. Сізге технологиялық сұранысты рәсімдеуге көмек көрсетіледді және серіктестермен кездесу ұйымдастырылып, оқыту жүргізіледі. ХТТО міндеттерінің бірі болып инвесторлар, шетелдік серіктестер және технологиялар іздеу табылады.

1.1. ХТТО көрсететін қызметтер:

· Сізге шетелден қажетті бизнес серіктестер іздеуге және таңдауға көмектеседі;

· Екі елдің де технологиялық кәсіпорындарымен және әлеуетті клиенттерімен кездесулер және келіссөздер ұйымдастырады және өткізеді;

· Жобаға қажетті қаржыларды тартады;

· Біріккен жобаларды жылжыту үшін екі жақтың мамандарының алмасуын қолдайды;

· Т ехнологи ялар мен инноваци яларды дамыту аймағында табысты әріптестік орнатуға қажетті тренингтар, бизнес-семинарлар немесе консультациялар өткізеді.

· Біліктілікті көтеру жөнінде біріккен бағдарламалар ұйымдастырады;

· Мемлекеттік зерттеу институттары мен университеттері, сонымен қатар технологиялық әріптестік аймағында екі ел ұйымдары арасында меморандумдардың қол қойылуына бастамашы болады;

· Екі елдің бизнес компаниялары және технологиялық парктер, ғылыми-зерттеу ұйымдары арасында өзара мүдделі серіктестер іздейді;

· Бірлескен ғылыми-зерттеу және инновациялық жобаларды үйлестіреді.

Жоба операторы:

Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттіктің Халықаралық технологиялар трансферті орталықтары

2. Жобаға кім қатыса алады/кім қатыса алмайды ?

2.1. Жобаға кім қатыса алады:

Бағдарламаға инновациялық идеялар мен технологияларды енгізуге және дамытуға мүдделі барлық тұлғалар – кәсіпкерлер, инвесторлар, ғылыми-зерттеу институттары, отандық және шетел компаниялары қатыса алады.

3. Жобаға қатысу жолдары – толтыру үлгілері, байланыс ақпараты, қажетті құжаттардың тізілімі бар сатылы нұсқаулық.

3.1. « Т ехнологи ялар трансферті және R & D зерттеу жобаларын рәсімдеу талаптары » нысаны бойынша өтінім толтыру керек.

Сонымен қатар, келесі тақырыптар бойынша құжаттар дайындауы керек:

· Жобаны іске асыру бағыты: жоба бойынша серіктестер арасындағы өзара әрекетті еркін түрде жазыңыз. Іскерлік кездесулер, келіссөздер және іскерлік жазбалар жүргізу туралы ақпаратты қосыңыз. Оқытуға жіберілген мамандар саны, өнімдер мен технологиялар бойынша жасалған келісім-шарттар саны және т.б.

· Жобаны іске асырудағы проблемалық мәселелер: Жобаны іске асыру барысында серіктестердің алдында кезедесетін қиындықтар мен тәуекелдерді еркін түрде жазыңыз.

· Жобаны орындаушылардың байланыс мәліметтері: жұмыс және ұялы телефондары, эл. поштасы, мекен-жайы көрсетілген сайт атауы.

3.2. Құжаттар «ТДҰА» АҚ тапсырылады. Мекен-жайы: 010000, Қазақстан, Астана, Достық көшесі 18, «Мәскеу» БО, тел.: +7 7172 571 014 (ішкі 416, 409), e-mail: olzhas.bissetayev@natd.gov.kz.

4. Жобаға қатысуды мерзімінен бұрын тоқтату талаптары. Бағдарлама қатысушыларының жауапкершілігі.

5. Жобаға қатысушылардың алдында ашылатын жаңа мүмкіндіктер.

6. Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ-парақ).

Сұрақ: « ТДҰА ХТТО қандай міндеттер атқарады ?»

Жауап: « Орталықтардың негізгі міндеттері екі елдің инвесторлары, серіктестері және технологиялары, компаниялары және ғылыми-зерттеу мекемелері арасындағы әріптестік орнату, сонымен қатар ХТТО міндеті бірлескен ғылыми-зерттеу және инновациялық технологияларды үйлестіру, инновация құру және басқару үшін қызметкерлерді дайындау бойынша біріккен бағдарламалар ұйымдастыру ».

Сұрақ: « Қандай орталықтар, қайда құрылғаны туралы айтыңызшы ?»

Жауап: Ең алғаш 2009 ж. Қазақстан-Француз технологиялар трансферті орталығы құрылды, ол CEIS француз компаниясымен бірлесіп ашылды. Байланысатын тұлға – Ерлан Даненов. Тел: +8 771 804 55 37 e-mail: ydanenov@ceis.eu

Корей- Қ аза қ стан технологиял ық әріптестік орталығы. 2011 жылы Иннополис қорымен бірлесіп (Даедок Иннополис) екінші Халықаралық технологиялар трансферті орталы ғы құрылды. Корей-Қазақстан технологиялық әріптестік орталығы кеңселері Астана қ. және Тэджон қ.(Корея Республикасы).

«ТДҰА» АҚ өкілі-Ишмухамедов Ахмет. Мекен-жайы: 386-2 Doryong-dong, Yuseong-gu, Daejeon 305-340, Republic of Korea, тел: +82 42 865 8849, ұялы тел: +82 102 895 08 99, e-mail: ishmukhamedov.akhmet@gmail.com

«Innopolis Foundation» өкілі Тэкьонг Чонг. Мекен-жайы: Астана қ., Досты қ көшесі, 18, « М әскеу » бизнес орталығы, 7-8 қабат, тел.: +7 7172 57 10 16 ( ішкі 502), ұялы: +7 707 107 01 65, e-mail: edwardj@innopolis.or.kr.

Қазақстан – Норвеж дік технологиял ық әріптестік орталығы.

2013 жылдың қыркүйегінде агенттік және International Development Norway компаниясы арасындағы келісім негізінде Қ аза қ стан – Норвеж дік технологиял ық әріптестік орталығы құрылды. Орталық кеңсе Трондхейм қ. орналасқан. Норвегия Королдігі «ТДҰА» АҚ өкілі - Белгібаев Ербұлан. Мекен-жайы: 7010, Норвегия, Тронхейм қ., Havne gate көшесі, 9, " Pirsenteret " бизнес орталығы, тел.: +4747377004, e - mail: norway@natd.gov.kz, yerbulan.belgibekov@natd.gov.kz,

Қазақстан – Американ дық технологиял ық әріптестік орталығы.

2013 жылдың қыркүйегінде агенттік және Инноваро Инк. ( АҚШ ) Қазақстан – Американ дық технологиял ық әріптестік орталығы ның жұмыс істеуі туралы келісімге қол қойды. Орталықтың кеңсесі Флорида штатындағы Тампа қаласында орналасқан.

«ТДҰА» АҚ өкілі - Қасымхан Қаппаров. Мекен-жайы: Innovaro, Inc. 2109 E. Palm Ave., Tampa, FL 33605, тел: 813-754-4330, e-mail: usa@natd.gov.kz, kassymkhan@gmail.com

7. Бағдарлама бойынша статистика (басталған сәттен қатысушылардың жалпы саны, аяқталған жобалардың саны, игерілген қаражаттардың ақшалай көлемі, жиынтық экономикалық тиімділік, аймақ бойынша қатысушылар статистикасы және компаниялардың шамасы (шағын/орта/ірі бизнес).

ХТТО қолдауымен 4 біріккен жоба жүзеге асты. 9 жоба іске асу сатысында, биотехнология және энергиятиімділігі аймағындағы 27 жоба дайындық үстінде.


Назад
Жақындағы оқиғалар

ҚР ҰБ валюта бағамы
  • USD АҚШ доллары 310.4
  • EUR Евро 347.06
  • CNY Қытай юані 45.3
  • RUB Ресей рублі 5.5
  • GBP Ағыл. фунты 398.62
Хабарландыру тақтасы