Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:

Салалық конструкторлық бюро қызметі


1. Бағдарлама мәнін баяндау (атауы, іске асырушылар, жобаға қатысушылар қандай жетістікке қол жеткізеді)

Бағдарламаның арқасында Сіздің кәсіпорын құрал-жабдықтардың бөлшектерін және жобаларын дайындау үшін Салалық конструкторлық бюроға (СКБ) жүгіне алады. Сіз СКБ қызметін технологиялық меморандум (Қазақстанның индустрия және жааңа технологиялар министрлігі, ұлттық компаниялар және басқа да ірі кәсіпорындар арасындағы келісім) шеңберінде пайдалана аласыз. Меморандум қазақстандық өндірушілерінен өнімдерін сатып алуды қарастырады: егер Сіз сол компаниялар үшін өнім өндіруді ұйымдастырсаңыз, Сізде оларды өткізу кепілі болады. Шығарылатын өнім баға және сапа талаптарына сәйкес болуы тиіс.

1.1. СКБ келесі қызметтерді ұсынады:

· тәжірибелі-конструкторлы жұмысты орындау қарастырылған бекітілген техникалық міндеттемеге сәйкес жобалаудың барлық сатысында конструкторлық құжаттаманы дайындау;

· құрал-жабдықтардың, бөлшектердің және машиналардың топтық, ірі топтық және жаппай өндірістері үшін технологиялық үдерістерді дайындау;

· эксперименттік және тәжірибелік үлгісін дайындау, сонымен қатар құрал-жабдықтар, техникалар және өнімдер үшін бөлшектік бөліктерінің және жиынтықтаушыларының, қалыптың ұсақ топтама өндірісі;

· технологи ялық, оның ішінде стандартты емес жарағын дайындау;

· өнімнің тәжірибелік үлгісіне кешенді сынақ жүргізу;

· кәсіпорын стандарттарын, нұсқауларын және спецификаци яларын дайындау;

· техниканың, құрал-жабдықтың, толымдаушының мен олардың бөлшектік бөліктерінің сертификаттауын ұйымдастыру;

· жобалаудың заманауи әдістеріне студенттерді, кәсіпорын технологтары мен конструкторларын оқыту;

· инжиниринг тік қызметтер.

1.2. Салалық конструкторлық бюро мен әріптестік үлгісі:

· СКБ көрсеткен қызметіне шығын конструкторлық бюро қаражатынан төленеді. Өнімді іске асырғаннан кейін роялти нысанында өтеу жасалады, роялти мөлшері іске асыру бағасынан 1% аз болмауы керек, шығынды өтеу мерзімі бес жылдан артық емес;

· СКБ қызметі кәсіпкер-өтінім берушінің өзі төлейді.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ !!! Сіз технологиялық меморандум шеңберінде СКБ әріптес бола аласыз. Бұл жағдайда ТДҰА Сізге өнімдеріңізді ұлттық компанияяларға өткізіп беруді жолға қояды (егер, сіздің өнім ТДҰА мен ұлттық компаниялардың жеке сарапшылары белгілеген сапа мен бағасына сәйкес келсе). Сонымен қатар, ТДҰА тауар өндірісін ұйымдастыру үшін техникалық құжаттаманы ( қажет болғанда – жөндеу, бейімдеу ) сатып алуға жәрдемдеседі, оның негізінде технологиялық трансфертке жәрдемдеседі.

Қызмет көрсету о ператор ы:

« Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі» (ТДҰА) АҚ жанындағы Салалық конструкторлық бюро сы.

2. Бағдарламаға кім қатыса алады/кім қатыса алмайды ?

2.1. Бағдарламаға кім қатыса алады:

Жаңа технологияларды ендіруде, өндірісті жетілдіруде, экономиканың басым салаларында жаңа өнімді, тауарды шығаруға және қызмет көрсетуге ниеттенген барлық жеке және заңды тұлғалар бағдарламаға қатыса алады.

2.2. Кім қатыса алмайды:

Бағдарламаға қатыса алмайды:

  • Тарату үдерісі қолданылып жатқан, дәрменсіз деп танылған (банкрот) және мүлкіне тыйым салынған және (немесе) экономикалық қызеті тоқтатылған компаниялардың иесі және бірінші басшылары, меншік иелері.
  • Дәрменсіз деп танылған және мүлігіне тиым салынған жеке тұлға.

3. Бағдарламаға қатысу жолдары – толтыру үлгілері, байланыс ақпараты, қажетті құжаттардың тізілімі бар сатылы нұсқаулық.

3.1. К онструкторлық бюро ға келесі көрсетілген құжаттармен бірге өтінім беруіңіз керек:

· жобаны іске асыру үшін к онструкторлық бюро қызметін алуға өтініш. Өтініш нысаны - №2 Қосымша (Салалық конструкторлық бюроның жұмыс істеу қағидаларын бекіту ережесін қараңыз );

· т ехни калық міндеттеме;

· бизнес- жоспар (№3 қосымша );

· егер СКБ қаражаты есебінен қызметке тапсырыс берсеңіз өнімнің талап етілуін растайтын құжаттарды ( ұзақ мерзімді, алдын ала шарт, келісім, меморандум және өзгеде ) ұсынуыңыз қажет ( егер бар болса );

· өтінімде көрсетілген тауар өндірісі жөнінде қызмет түрлерін жүзеге асыруға арналған қажетті лицензиялар көшірмесі;

· өтінімде және т ехни калық міндеттемеде көрсетілген ақпараттарды растайтын патент тердің, куәліктердің, с ертификат тардың, диплом дардың және өзге құжаттардың көшірмесі ( егер бар болса );

· өтінім берушінің құқықтық мәртебесін растайтын құжаттар:

· жеке тұлғалар үшін – жеке куәлігінің көшірмесі, кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркеу туралы құжаттардың көшірмесі, СТН көшірмесі, жеке сәйкестендіру номері ( егер бар болса );

· заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігінің көшірмесі, бизнес- сәйкестендіру номер і ( егер бар болса );

· өтінімде көрсетілген тауарды өндіруді ұйымдастыру үшін қажетті біліктілігі бар мамандардың жеткілікті санын растайтын құжаттар;

· өтінімде көрсетілген тауарды өндіруді ұйымдастыру үшін қажетті инфрақұрылымдардың бар екенін растайтын құжаттар.

3.2. Конструкторлық бюроның қызмет көрсету тәртібі 2012 жылдың 10 қыркүйегіндегі № 1170 ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген Салалық конструкторлық бюроның Салалық конструкторлық бюроның жұмыс істеу қағидаларын бекіту ережесін де жазылған. (http://natd.gov.kz/pdf/%5B2013-05-30%5D_CRII_pokb.pdf)

3.3. Егер Сізге консультация керек болса, Сіз келесі көрсетілген мекен-жайлардан ала аласыз:

· «Транспорттық машин ақұрлыс конструкторлық бюросы »:

Астана қаласы, Потанин көшесі, 9 Бизнес- орталық "О'Азамат", 2- қабат, 204-209 бөлмелер

тел: 8-7172-525-812, т/факс: 8-7172-52-56-51;

e-mail: kb-tm@mail.ru; kb-tm@bk.ru;

Web-сайт: www.kbtm.kz

Директор ы: Қ ажкенов Айбек Зекеш ұлы

· « Тау-кен -металлурги ялық жабдықтар конструкторлық бюросы » ЖШС

Өскемен қаласы, Серікбаев көшесі, 37, «Алтай» технопарк ғимараты,

тел./факс: +7 7232 541-123

e-mail: vkkbgmo@gmail.com Web-сайт: www.kbgmo.kz

Директор ы: Құ сманов Мират Рашит ұлы

· «Мұнайгаз жабдықтар конструкторлық бюросы» ЖШС

Петропавловск қаласы, Әуезов көшесі, 264

тел./факс: +7 7152 391-283

e-mail: kb_ngo.sko@mail.ru

Директор ы: Бурабаев Алтай Құ дайберген ұлы

Web-сайт:www.kbngo.kz

· « Ауыл-шаруашылығы машинақұрылыс конструкторлық бюросы » ЖШС

Астана қаласы, Потанин көшесі, 9 Бизнес- орталық "О'Азамат", 2- қабат, 204-209 бөлмелер

тел./факс: тел: 8-7172-525-812

e-mail: kbcxm@mail.ru;

Web-сайт: www.kbсxm.kz;

Директор ы: Қ ажкенов Айбек Зекеш ұлы.

4. Бағдарламаға қатысуды мерзімінен бұрын тоқтату талаптары. Бағдарлама қатысушыларының жауапкершілігі.

Бағдарламаға қатысуды тоқтату талаптары және тараптардың жауапкершілігі Тапсырыс беруші мен Орындаушының арасындағы шартта көрсетіледі. Үлгілік шарттар мен СКБ жұмысын реттейтін өзгеде ережелермен Сіз 2012 жылдың 10 қыркүйегіндегі № 1170 ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген ережесінен таныса аласыз. Толық ақпарат агенттік сайтында орналасқан.

5. Бағдарламаға қатысушылардың алдында ашылатын жаңа мүмкіндіктер.

6. Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ-парақ).

Сұрақ: « Ұлттық компаниялар үшін қажетті өнім тізімі технологиялық меморандумда көрсетілген бе ?»

Жауап:

Сұрақ: « СКБ байланыстарын айтыңызшы ?»

Жауап: 3.10 тармағын қараңыз

Сұрақ: « СКБ компаниялардың әріптестігі қалай жүзеге асырылатынын мысалмен айтып беріңізші ?»

Жауап: « Өнеркәсіп кәсіпорынын конструкторлық бюроға мысалы, қандай да бір бұйымға техникалық құжаттама дайындап беру үшін өтінім жасайды. Бюро кәсіпорынмен бірлесіп жұмыс құнын анықтайды. Қажет болған жағдайда, СКБ өзінің жеке қаражаты есебінен жұмысты атқарады. Содан кейін кәсіпорын дайындалғантехникалық құжаттама негізінде өнім өндіруді ұйымдастырады. Оны сатуды бастағаннан кейін өтінім беруші әрбір сатылған бұйымнан кесімді төлем-роялти төлейді. роялти мөлшері іске асыру бағасынан 1% аз болмауы керек. Шығынды өтеу мерзімі машина жасау кәсіпорынға-өтінім берушіге қызмет нәтижесін берген күннен бастап 5 жылдан аспауы тиіс.

7. Бағдарлама бойынша статистика (басталған сәттен қатысушылардың жалпы саны, аяқталған жобалардың саны, игерілген қаражаттардың ақшалай көлемі, жиынтық экономикалық тиімділік, аймақ бойынша қатысушылар статистикасы және компаниялардың шамасы (шағын/орта/ірі бизнес).

СКБ жұмыс жасаған кезеңінде конструкторлы-техникалық құжаттамалардың 64 (в 2012 году – 3) сатып алынды және 364 жиынтығы дайындалды. Б юро көмегімен отандық кәсіпорындар өнімнің 177 жаңа түрлері игерілді.

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі және ірі өнеркәсіп кәсіпорындары, «Қазақстан темір жолы» ҰҚ» АҚ, « Қ азМ ұ найГаз» ҰК», «Корпорация Қ азахмыс» ЖШС, « Қ азцинк» ЖШС и басқалар арасында 18 технологи лық меморандум жасалды.

Табысты жобалардың үлгі-нұсқасы.

Назад

ҚР ҰБ валюта бағамы
  • USD АҚШ доллары 315.55
  • EUR Евро 338.93
  • CNY Қытай юані 45.73
  • RUB Ресей рублі 5.53
  • GBP Ағыл. фунты 391.09
Хабарландыру тақтасы