Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:
Қашықтықтан оқыту системасы

Жобалық қаржыландыру


1. Бағдарламаның мәнін баяндау (атауы, іске асырушылар, жобаға қатысушылар қандай жетістікке қол жеткізеді)

Бағдарламаға қатыса отырып, Сіз егер инновациялық жобаңыз еліміздің шикізаттық емес секторының дамуына жәрдемдесетін болса, онда оны қаржыландыруға қаражат ала аласыз.

Қаржыландыру талаптары:

Бағдарлама ережесіне сәйкес, жобалар үлекстік бақылаусыз бөлігі талабымен инвестицияланады. Бір жобаны инвестициялау оның құнының 49% артық болмауы керек. Жобаға қатысу мерзімі 3 жылдан кейін шығу мүмкіндігімен 5 жылға дейін. Инвестицияны Сіз айналым құралдарына немесе жабдықтарға, ғимараттарға, құрылыстарға пайдалана аласыз. Патентпен куәландырылған зияткерлік меншік нысанының құқық жарнасына жобалау компаниясының жарғылық капиталынан 20% аспайтын мөлшерде рұқсат беріледі.

Қызмет көрсету операторы:

« Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ

2. Бағдарламаға кім қатыса алады/кім қатыса алмайды ?

2.1. Бағдарламаға кім қатыса алады:

Жаңа технологияларды ендіруде, өндірісті жетілдіруде, экономиканың басым салаларында жаңа өнімді, тауарды шығаруға және қызмет көрсетуге ниеттенген барлық жеке және заңды тұлғалар бағдарламаға қатыса алады. Жобаны орындаушылар болып тек заңды тұлғалар-Қазақстан Республикасының резиденттері табылады. Жоба жұмыс жасап отырған және қайта құрылған заңды тұлғалар негізінде жүзеге асуы мүмкін. Сіздің жоба инновациялы және коммерциялы-табысты болуы керек.

2.2. Кім қатыса алмайды:

Бағдарламаға қатыса алмайды:

  • Тарату үдерісі қолданылып жатқан, дәрменсіз деп танылған (банкрот) және мүлкіне тыйым салынған және (немесе) экономикалық қызеті тоқтатылған компаниялардың иесі және бірінші басшылары, меншік иелері.
  • Дәрменсіз деп танылған және мүлігіне тиым салынған жеке тұлға.

3. Бағдарламаға қатысу жолдары – толтыру үлгілері, байланыс ақпараты, қажетті құжаттардың тізілімі бар сатылы нұсқаулық.

Инновациялық жобаларды қарау тәртібі:

3.1. 1 кезең – өтінімдерді рәсімдеу және жедел саралау.

3.1.1. жедел саралау жүргізу үшін өтінім беруші агенттікке, ТДҰА инвестициялық жобалар және мониторинг орталығына өтінім береді. Тел: 8 (7172) 516-982,8 (7172) 517-027, ішкі. 219, 225, 217, 222, 224 Факс: 517-021 E-mail: info@natd.gov.kz.

3.1.2. Бірінші кезеңге қажетті құжаттар:

· Ілестірме хат ( №1 қосымша );

· өтінім беруші сауалнамасы (№2 қосымша );

· негізгі өндірістік, қаржылық көрсеткіштер, жобаны, компанияны, өтінім берушіні, технологияны, шикізат тасымалдаушыны, жабдықтарды, тұтынушыларды көрсететін тұсаукесері бар бизнес- жоспар (№3 қосымша );

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ !!! Егер Сіз бұрын технологияларды сатып алуға, жоғары технологиялық өнім өндіруге, технологиялық бизнес инкубациялау қызметін коммерциялауға және қызмет көрсетуге грант алсаңыз, онда жоба бойынша бар материалдардың электронды және сканерленген көшірмесін ұсынуыңыз қажет.

3.1.3. Құжаттардың үлгілерімен Сіз «Инновациялық жобаларды қаржыландыру өтінімін беру және қарау ережелерінен» таныса аласыз.

3.1.4. Агенттік жобаны алғаннан кейін 2 күн ішінде белгіленген нысан бойынша инновациялық жобалардың тартымдылық және тиімділік белгілеріне балдық баға беруді жүзеге асырады;

3.2. 2 кезең – Инновациялық жобаларды қаржыландыруға құжаттар топтамасын қалыптастырады

3.2.1. жобаны мақұлдау туралы жазбаша хабарламаны алғаннан кейін өтінім беруші 20 күн ішінде сыртқы сараптаманы қосқанда, құжаттардың толық топтамасын ұсыну керек. Құжаттардың 2-ші топтамаларын алу Инновациялық жобаларды қаржыландыру өтінімін беру және қарау ережелерінің № 4 Қосымшасына сәйкес өтінім берушіге ұсынылатын тізімдеме/акт бойынша жүзеге асады. (3.1.3 т. сілтемені қараңыз).

3.2.2. Инвестициялық жобалар және мониторинг орталығы Агенттіктің Инвестициялық комитетінің қарауына сұрақты шығарады. Комитет жобаны Агенттіктің Басқармасының және Директорлар кеңесінің қарауына жіберуді немесе әрі қарай қараудан бас тартуды ұсынады. Агенттіктің Басқармасы және Директорлар кеңесі жоба бойынша соңғы шешім шығарады.

3.2.3. Қаржыландырудан бас тарту шешімі келесі жағдайларда қабылданады:

· ұсынылған құжаттардың №4 Қосымшада көрсетілген талаптарға сәйкессіздігін анықтаса (3.1.3 т. сілтемені қараңыз);

· тәуелсіз сарапшылардың теріс тұжырымы;

· көрсетілген шығындардың негізсіздігі;

· егер Сіз күмәнді мәліметтер берсеңіз.

4. Бағдарламаға қатысуды мерзімінен бұрын тоқтату талаптары. Бағдарлама қатысушыларының жауапкершілігі.

Қатысушылардың жауапкершілігі Индустриалды-инновациялық жобаларды «ТДҰА» АҚ қаржыландыру өтінімін беру және қарау ережелерімен реттеледі. Ережемен агенттік сайтынан таныса аласыз.

5. Бағдарламаға қатысушылардың алдында ашылатын жаңа мүмкіндіктер.

6. Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ-парақ).

Сұрақ: « Жобаны коммерциялау дегеніміз не ?»

Жауап: « Т ехнологи яларды коммерциялау – бұл, пайда алуға бағытталған жаңа немесе жетілген тауарларды, үдерістерді және қызметтерді нарыққа шығару »

Сұрақ: « ИЖО дегеніміз не ?»

Жауап: « ИЖО – бұл ұлттық агенттіктің құрылымдық бөлімшесі, инновациялық жобалар орталығы ».

7. Бағдарлама бойынша статистика (басталған сәттен қатысушылардың жалпы саны, аяқталған жобалардың саны, игерілген қаражаттардың ақшалай көлемі, жиынтық экономикалық тиімділік, аймақ бойынша қатысушылар статистикасы және компаниялардың шамасы (шағын/орта/ірі бизнес).

«ТДҰА» АҚ инновациялық жобаларды инвестициялауды 2004 жылдан бастап жүзеге асырып келеді. Бұл уақыт аралығында «ТДҰА» АҚ 215 өтінім қаралып, жалпы сомасы 4,1 млрд.тенге болатын 19 инновациялық жобалар қаржыландырылды. Агенттік 8 жобадан шықты, яғни берілген инвестиция толығымен қайтарылды. Алынған пайда көлемі 285 млн. теңге болды. Табысты жобалардың үлгі-нұсқасы.


Назад

ҚР ҰБ валюта бағамы
  • USD АҚШ доллары 324.98
  • EUR Евро 378.34
  • CNY Қытай юані 48.01
  • RUB Ресей рублі 5.53
  • GBP Ағыл. фунты 422.7
Хабарландыру тақтасы