Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:

Жедел лизинг


1. Бағдарлама мәнін баяндау (атауы, іске асырушылар, жобаға қатысушылар қандай жетістікке қол жеткізеді).

Бағдарлама Сізге лизинг арқылы арнайы монтаждауды қажет етпейтін отандық және шетелдік ауыл шаруашылығы техникасын, арнайы техникалар мен жабдықтар сатып алу арқылы машина-трактор паркін жаңалауға мүмкіндік береді. Өтінім 5 күн ішінде қаралады.

1.1. Бағдарлама шеңберінде мыналар іске асырылады:

· Сіз төмендегідей құрастыруды қажет етпейтін отандық не шетелдік ауыл шаруашылық және арнайы техникалар ала аласыз;

· Аспалы және тіркемелі ауыл шаруашылығы машиналары: тасымалдаушылар, жүк тиегіш машиналар мен дән атқыш машиналар;

· Көкөніс егісіне (минералды тынайтқыш қосу арқылы) және көкөністерді жүйеаралық өндеуге қажетті сепкіштер, көкөністерге арналған әмбебап сепкіштер, арам шөп отаушы агрегаттар, культиваторлар;

· Жемүлестіргіштер, жем тасуға және үлестіруге арналған арнайы техникалар (кормосмесители, кормораздатчики);

· Шөп шабатын машиналар (екі-үш бөренелі, ротациялық, және т.б.);

· Тырмауыштар, қопарғыштар, престегіштер, тюк теруші-жинаушы және тасылмалдағыштар;

· Сүйреткіштер, шөмелегіштер, шөп маялағыштар және трактор тіркемелері;

· Аспалы алысқа жететін жаңбырлатқыштар, жауын машиналары;

· Агрегаттар мен қондырғылар, жылжымалы суарғыштар, тіркемелер, арнайы жабдықтар орналасқан тіркемелер;

· Жүгері жинауға бейімделген жабдықтар, таптағыштар, сепкіштер, соқалар, топырақ өндеуші машиналар және құралдар, топырақ тегістегіштер (бороны), топырақ таптағыштар (катки), культиваторлар және т.б.;

· Бүріккіштер, дәрі сепкіштер, тұқымды дәрілегіштер, тынайтқыш салушы машиналар, ауыл шаруашылығы дақылдары мен егістікті күтуге арналған машиналар;

· Тағы басқа техникалар, соның ішінде; отандық және шетелдік ауыл шаруашылығы өнімдерін алғашқы өндеу мен сақтауға, қабылдауға, балық және орман шаруашылығы өнімдерін өндеуге арналған машиналар, көкөністерді өндеуге, мал шаруашылығын, құс фермаларын механикаландыруға арналған арнайы техникалар, жем әзірлеуші, жаңбырлатқыш және суландырғыш машиналар.

1.2. Сізге пайыздық мөлшерді субсидиялау қолжетімді болса, қаржы лизингінің шарттары төмендегідей:

· Сыйақы мөлшері: белгіленген жылдық пайыз 12,8%, мемлекет тарапынан жасалған субсидиялау есебінен жылдық пайызы 5,8%-ға төмендейді (пайыздық мөлшерді субсидиялау мүмкіндігі туралы (осы жерден оқыңыз);

· Жылдық сыйақының тиімді мөлшері жылдық 13,4% пайыздан, субсидиялау есебінен жылдық пайыз мөлшері 6,4% ке дейін төмендейді.

· Лизинг мерзімі - 5 жыл;

· Алғытөлем мөлшері: лизинг нысанының 30% (қамтусыз)

1.3. Егер Сізге пайыздық мөлшерді субсидиялау қолжетімсіз болса,онда қаржы лизингінің шарттары:

· Белгіленген жылдық пайыз мөлшері – 8%

· Жылдық тиімді мөлшері – 8,2%

Бағдарлама операторы:

««КазАгро» Ұлттық Басқарушы Холдинг» және оның еншілес компаниясы - «КазАгроФинанс» АҚ.

2. Бағдарламаға кім қатыса алады/кім қатыса алмайды.

2.1 Сіз бағдарламаға келесі жағдайларда қатыса аласыз:

· Сіз төлем қабілеттісіз және тұрақты қаражаттық жағдайыңыз бар, қажет болған жағдайда, жобаны жүзеге асыру үшін пайдалануға қаражат бере аласыз;

· Сізде Қоғам қаражат бөлу туралы шешім қабылдаған уақытта қаржы институттары алдында, қазынаға аударылуға тиісті міндетті төлемдер бойынша және салық бойынша мерзімі өткен міндеттер жоқ;

· Сіздің өндірісіңізде жоғары білікті басшылар жұмыс істейді, компанияда орныққан және жақсы репутация бар;

· Сіздің несиелік тарихыңыз жағымды, мерзімі өткен несиелеріңіз жоқ;

· Сіздің мекемеңіз қайта құруға, жоюға және банкротқа жатпайды;

· Сіз кәсіпкерлік қызметпен шұғылдана аласыз;

· Сізде жоба үшін алған қаражатты кепілдіктен қайтару үшін кепілдік қамтамасыздық пен басқа да қорлар жеткілікті;

· Сіздің шығаратын өнімдер бәсекеге қабілетті немесе қажетті қызметттер, сондықтан Сіздің жоба пайдалы, өзіндік құнын ақтайды.

· Сізде жобаны іске асыруға қатысу үшін өзіндік және тартылатын қаржы жеткілікті.

3. Бағдарламаға қатысу жолдары – толтыру үлгілері, байланыс ақпараты, қажетті құжаттардың тізілімі бар сатылы нұсқаулық

· Кәсіпкер «КазАгроФинанс» маманымен сұхбаттан өтеді;

· Сұхбаттан соң кәсіпкер үлгі бойынша өтінім мен толық құжаттарды «КазАгроФинанс» АҚ- на тапсырады. (құжат тізімі сілтемеде http://www.kaf.kz/products_company/express-leasing/list_of_documents/);

· Кәсіпкер құжаты және оның жобасы сараптамадан және «КазАгроФинанс» мамандарының талдауынан өтеді;

· «КазАгроФинанс» АҚ өкілетті департаменті кәсіпкер жобасы бойынша қаржы лизингін беру туралы шешім қабылдайды;

· Кәсіпкермен қаржы лизингі туралы келісімшарт жасалады;

· Лизинг заты сатып алынады;

· Кәсіпкерлік затын беруге байланысты шарттарды орындайды;

· Кәсіпкер лизинг затын алады;

· «КазАгроФинанс» тұрақты түрде Сіздің қаржы лизингі міндеттерін орындауыңызды тексереді және ол толық орындалып болған соң алынған техника сіздің меншіктік құқығыңызға беріледі.

4. Бағдарламаға қатысуды мерзімінен бұрын тоқтату шарттары. Бағдарлама қатысушылары міндеттері.

Жауапкершілік, бағдарламаға қатысуды мерзімінен бұрын тоқтату шарттары «КазАгроФинанс» АҚ мен қарыз алушы арасында жасалған қаражаттық қарыз туралы келісімшартта ескерілген.

5. Бағдарламаға қатысушылардың алдында ашылатын жаңа мүмкіндіктер.

6. Жиі қойылатын сұрақтар (ҒАО-парақ)

Сұрақ: мен кез келген жабдықтаушыны таңдай алам ба?

Жауап: Сіз арнайы техникамен жабдықтаушыны төмендегі сілтімен таңдай аласыз: http://kaf.kz/products_company/major_suppliers/

Сұрақ: «КазАгро» мен «КазАгроФинанстың» аймақтық филиалдары мен өкілдіктерінің тізімін қайдан табуға болады?

Жауап: Оны төмендегі сілтемеден ала аласыз: http://kazagro.kz/ru/about/dochernie-kompanii және http://www.kaf.kz/contacts/branches_and_agencies/

Сұрақ:Тиімді мөлшер деген не? Әдеттегі пайыз мөлшерін айырмасы неде?

Жауап: Тиімді мөлшер-қарыз алушының қарыз мерзімінде несиеге қосымша комиссиялармен қоса есептегендегі барлық шығындарының пайыздық мөлшері. Комиссиялар қосымша қызметтер үшін ұсталуы мүмкін, мысалы, несиені қолма-қол ақшаға айналдыру кезінде, несие есебін жүргізгені үшін т.б. Сонымен, несиенің әдеттегі пайыз мөлшеріне қосымша шығындар қосылады.


7. Бағдарлама бойынша статистика (іске қосылған сәттен бастап қатысушылардың жалпы саны, аяқталған жобалардың саны, игерілген қаражаттардың ақшалай көлемі, жиынтық экономикалық тиімділік, аймақтар мен компаниялардың көлемі бойынша қатысушылардың статистикасы (шағын/орта/ірі бизнес))

Қоғам жұмыс жасаған аралықта 187 млрд. теңгеге 27,5 мың бірлікте түрлі ауыл шаруашылығы техникасы мен қайта өндеуші жабдықтарды сатып алуға қаражат берілді.


Назад

ҚР ҰБ валюта бағамы
  • USD АҚШ доллары 340.11
  • EUR Евро 407.93
  • CNY Қытай юані 51.61
  • RUB Ресей рублі 5.91
  • GBP Ағыл. фунты 461.22
Хабарландыру тақтасы