Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:
Қашықтықтан оқыту системасы

Профильді көрмелер


1. Жобаның мәнін баяндау (атауы, іске асырушылар, жобаға қатысушылар қандай жетістікке қол жеткізеді).

Профильді көрмелер сізге өткізу мен сатылымды ұлғайтудың жаңа нарығын табуға, жаңа серіктестермен қарым-қатынас орнатуға көмектеседі. Көрмеде сіз бәсекелестеріңізді зерттеп, бизнесті дамытуға қызықты идеялар таба аласыз. KAZNEX INVEST шет елдегі профильді көрмеге қатысуға көмектеседі.

Сіздің көрмеге қатысуыңыз үшін агенттік келесі шығындарды өтейді:

· тіркеу жарнасы;

· 12 текше метрден аспайтын жабдықталған көрме алаңын жалға алу;

· көрменің ресми каталогінде компания жөнінде ақпарат орналастыру;

· қосымша құрал-жабдықты жалға алу (витриналар, қабырғалықтар, стандартты жиһаз, фриздегі жазбалар, кілем жабыңғылары, плазмалық монитор, проектор, DVD ойнатқышы және т.б.);

· стендтерді құрастыру және бұзу;

· коммуникация жүргізу (электр, телефон, сумен қамту, интернет және т.б.)

· сақтандыру сыйақысын төлеу (көрме құрал жабдықтарын міндетті сақтандыру);

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!! Қатысушы әуе жолымен ұшуды және визаны өзі төлейді.

Қызмет операторы:

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі» АҚ.

2. Жобаға кім қатыса алады/кім қатыса алмайды.

2.1. Жобаға кім қатыса алады:

Қазақстандық өндірушілер/экспортшылар және қызмет көрсетуді жеткізушілер (соның ішінде туристік, көліктік, кен барлау, құрылыс, ІТ) пайдалана алады.

2.2. Жобаға кім қатыса алмайды:

Сіз көрмеге қатысуға KAZNEX INVEST көрсететін қолдауды бір жылда бір реттен артық пайдалана алмайсыз.

3. Жобаға қатысу жолдары – толтыру үлгілері, байланыс ақпараты, қажетті құжаттардың тізілімі бар сатылы нұсқаулық.

Толық ақпарат алу үшін «KAZNEX INVEST» АҚ Экспортты жүргізу бойынша басқарма директоры қызметі менеджері Дана Доскажановаға хабарласуыңызды сұраймыз. Тел: 8 (7172) 79 93 93, ішкі: 1068 немесе электронды поштасына: doskazhanova@kaznexinvest.kz.

4. Бағдарламаға қатысуды мерзімінен бұрын тоқтату шарттары. Бағдарламаға қатысушылардың жауапкершіліктері.

5. Бағдарламаға қатысушылардың алдында ашылатын жаңа мүмкіндіктер.

6. Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ-парақ)

7. Бағдарлама бойынша статистика (іске қосылған сәттен бастап қатысушылардың жалпы саны, аяқталған жобалардың саны, игерілген қаражаттардың ақшалай көлемі, жиынтық экономикалық тиімділік, аймақтар мен компаниялардың көлемі бойынша қатысушылардың статистикасы (шағын/орта/ірі бизнес)).

2013 жылы 42 халықаралық көрмеге қатысу жоспарланды. Көрме өткізілетін елдер географиясы өте кең. Олар: Түркменстан, Қытай, Ресей, Беларуссия, Египет, Бельгия, Польша және т.б.

2012 жылы 20 шетелдік профильді көрмелерге қатысу ұйымдастырылды. Бұл уақыт аралығында 32 қазақстандық компания өнімдері ұсынылды. Олардың көпшілігі машина жасау, құрылыс, химиялық, тамақ, қорапқа салу, металлургия, текстильді және фармацевтік салаларға байланысты. 316 шаршы метр көрме алаңын жалға алу шығынын KAZNEX INVEST қамтамасыз етті.

Нәтижесінде 7 отандық кәсіпорын 16 экспортты келісімшарт/мақсатты хаттамаларға қол қойды. Қазақстандық өнімдерді жеткізіп беру келісімшарттарының соммасы АҚШ 12 млн долларды құрады.

2009-2011 жж. кезеңінде 83 отандық компаниялардан 52 шетелдік көрмелерге қатысуы ұйымдастырылды. Нәтижесінде жалпы соммасы 168 млн доллар экспортты келісімшарттар мен келісімдерге қол қойылды. Сатып алушылар тансформаторлар, конденсаторлар, металлоқұрылымдар, аккумуляторлар, мұнай-газ жабдықтары, тамақ өнімдері, дәрі-дәрмек бұйымдары, тоқыма бұйымдарына және т.б. қызығушылық танытты. Экспорт географиясы: Австрия, Германия, Ресей, Тәжікстан, Беларусь, Түркменстан, Өзбекстан, Қытай.


Назад

ҚР ҰБ валюта бағамы
  • USD АҚШ доллары 333.32
  • EUR Евро 392.58
  • CNY Қытай юані 50.02
  • RUB Ресей рублі 5.64
  • GBP Ағыл. фунты 426.58
Хабарландыру тақтасы