Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:

Субконтрактация


1. Жобаның мәнін баяндау (атауы, іске асырушылар, жобаға қатысушылар қандай жетістікке қол жеткізеді).

Өндірістік кооперация жүйесі – субконтарктация Сіздерге жаңа серіктестер (жаңа тапсырыс берушілер немесе сіздердің тапсырыстарыңызды орындаушылар) табуға көмектеседі. Бұл құрал әртүрлі кәсіпорындарды біріктіріп, ірі компанияларға тапсырыстың бөліктерін шағын компанияларға жүктеуге мүмкіндік береді.

Жобаның техникалық негізі ресейлік ақпараттық жүйе www.subcontract.ru болып табылады. Оған жеткізушілердің, тапсырыстардың мәліметтер базасы және бірыңғай іздеу тәсілі кіреді. Жүйе Сізге серіктестерді іздестіруге жұмсалатын уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді. Сіздің «субконтрактация жүйесінің» жұмыс қғидасын меңгеріп, оның қатысушысы болуға мүмкіндігіңіз бар. KAZNEX INVEST ұлттық агенттігі Сізге жүйеде тіркелуге көмек көрсетеді.

Шетелдік компаниялардың сұрауларымен Сіздер осы жерде таныса аласыз: http://www.kaznexinvest.kz/napr/export/filesisczsr.php

Қызмет операторы: Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің «KAZNEX INVEST» Экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі» АҚ.

2. Жобаға кім қатыса алады/кім қатыса алмайды.

2.1. Жобаға кім қатыса алады:

Жобаға қатысуға барлық отандық қызмет көрсету және тауар өндірушілердің мүмкіндігі бар. Алайда машина жасау, металл өңдеу, резеңке және полимерлерден өндірістік бұйымдар өндіру, электроника және электротехникамен айналысатын компанияларға, өндірістік кәсіпорындарға қажетті қызмет көрсетуге басымдық беріледі.

3. Жобаға қатысу жолдары – толтыру үлгілері, байланыс ақпараты, қажетті құжаттардың тізілімі бар сатылы нұсқаулық.

Жобаға қатысу үшін Сіз KAZNEX INVEST хабарласуыңыз қажет. Анықтама тел:+7(7172) 799393 (ішкі 1012), байланыс тұлғасы – Қанат Қожамқұлов.

4. Жобаға қатысуды мерзімінен бұрын тоқтату шарттары. Бағдарлама қатысушыларының жауапкершіліктері.

5. Жобаға қатысушылардың алдында ашылатын жаңа мүмкіндіктер:

5.1. Егер Сіз тапсырыс беруші болсаңыз, келесі мүмкіндіктерге ие боласыз:

өз қызметіңіздің стратегиялық бағыттарына ресурстар мен күштеріңізді жұмылдыруға;

жаңа өнімдерді өндіріске қою мерзімін қысқартуға;

еңбек өнімділігін жоғарылатуға және өндірістегі қаражаттар айналымын жеделдетуге;

конкурстар мен тендерлер өткізу есебінен өзіндік құнын төмендетуге;

технологияларға қол жеткізуге;

өндірілетін өнімдердің көлемін ұлғайтуға және үлгілік қатарын кеңейтуге;

5.2. Егер Сіз жеткізуші болсаңыз:

өнімді кепілді өткізуге қол жеткізесіз;

тұрақты жүктеу кезіндегі тар мамандандыру Сізге құрал-жабдықтардың жаңартылуын, жылдам амортизациялауды, қарқынды қолдануды қамтамасыз етеді;

Сіз өнімдерді әзірлеуге, жеке өткізу желісін құруға жұмсалатын шығындарды өтеу қажеттілігінен босатыласыз.

6. Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ-парақ)

Сұрақ: Субконтракторлар дегеніміз кімдер?

Жауап: Бұнда құрылыстағы мердігер және қосалқы мердігер ұғымдарын мысалға алуға болады. Кез келген құрамды бөлшектерге тапсырыс беруші өндірістік кәсіпорын (әдетте, жинақтаушы) контрактор, жеткізіп беруші – субконтрактор болып табылады. Осындай қарым-қатынас нәтижесінде ірі кәсіпорындар өндірістік циклдар енгізуге шығындарын азайтып, бәсекелестікке қабілеттілікті қамтамасыз етеді, сұраныс өзгерісіне оңтайлылықты сақтайды. Шағын кәсіпорындар өнімдерді өндіруге және оны кепілді өткізуге тапсырыс алады. Бүкіл әлемде ірі концерндер мен компаниялар дәл осылай жұмыс істейді.

Сұрақ: Субконтракция орталығы дегеніміз не?

Жауап: Әлемде субконтракция жүйесі табысты қолданылуда. Белгілі бір елдерде сапалы жұмыс атқарылу үшін жүйе орталықтары құрылуда. Оған өндірістік дамыту бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымы (UNIDO) көмек көрсетеді. Орталықтар бірегей халықаралық жүйеге біріктірілген интернет порталдары негізінде жұмыс атқарады. Бұл трансұлттық корпорациялар мен жергілікті өндірушілердің кооперациясына мүмкіндік береді. Әлемде бұндай орталықтар 30 елде, соның ішінде Ресейде wwwsubcontract.ru. порталында жұмыс атқарады.

Сұрақ: Субконтракция орталығы Қазақстанда жұмыс атқара ма?

Жауап: Бұндай орталық Ресейде бар, онда халықаралық субконтрация жүйесі тұрақты жұмыс істейді. KAZNEX INVEST бұл жобаны Қазақстанда қолға алып, Ресей Беларусь, Армения, Қырғызстан және т.б. елдердің жүйелерімен интеграциялауды ұсынады.

7. Бағдарлама бойынша статистика (іске қосылған сәттен бастап қатысушылардың жалпы саны, аяқталған жобалардың саны, игерілген қаражаттардың ақшалай көлемі, жиынтық экономикалық тиімділік, аймақтар мен компаниялардың көлемі бойынша қатысушылардың статистикасы (шағын/орта/ірі бизнес)).

Ресейде «Өндірістік субконтракция және серіктестіктің аймақаралық орталығы» және 36 аймақтық орталықтар құрылып, жұмыс атқаруда.

Жүйеде Ресейдің 16 мыңнан астам кәсіпорыны тіркелген, 2005-2009 жылдары 25 мың өндірістік тапсырыстар орналастырылған. 2008-2010 жылдары субконтрактілер мен биржаларға орналастырылған тапсырыс көлемі 150 млн USD асты.


Назад

ҚР ҰБ валюта бағамы
  • USD АҚШ доллары 334.85
  • EUR Евро 394.29
  • CNY Қытай юані 50.6
  • RUB Ресей рублі 5.69
  • GBP Ағыл. фунты 446.32
Хабарландыру тақтасы