Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:

Қазақстандағы арнайы экономикалық аймақтардың (АЭА) қатысушылары үшін жеңілдіктер


1. Жоба мәнін баяндау (атауы, іске асыратындар, жобаға қатысушыларға берілетін мүмкіндіктер)

Арнайы экономикалық аймақтың (АЭА) аумағында Сіз басымды және қосалқы қызметтің түрлерімен айналыса аласыз. Экономиканың басымдық түрлерімен айналысатын АЭА қатысушы-компаниялары кедендік және салықтық жеңілдіктер алады. Әрбір АЭА-тың өз басымдық қызмет түрлерінің тізімі анықталған. ҚР АЭА туралы толық ақпаратты "KAZNEX INVEST" ұлттық агенттігі әзірлеген арнайы кітапшадан оқып біле аласыз.

1.1. АЭА қатысушыларының негізгі жеңілдіктері:

Салықтық және кедендік міндетемелері

Мөлшерлемелер

АЭА аумағында

ҚР аумағында

Корпоравтивті табыс салығы

0%

20,00%

Мүлік салығы

1.5%

Жер салығы

Бір гектар үшін кемінде 2500 те ң ге

10 жылға тегін жер телімі беріледі

«Ақпараттық технологиялар паркі» АЭА үшін әлеуметтік салық

11,00%

Қосымша құн салығы

12,00%

Кедендік баж салығы

5-20%

Шетелдік жұмыс күшін жалдаудың жеңілдетілген тәртібі. Рұқсат беру ішкі еңбек нарығынан үміткерлерді іздеусіз жүргізіледі.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!!

ҚҚС бойынша нөлдік мөлшерлеме АЭА аумағында толық сатылатын және тұтынылатын тауарларға қолданылады. Олар ҚР үкіметі әрбір АЭА үшін анықтаған тауарлар тізіміне (“Астана- жаңа қала АЭА- нан басқасы”) кіруге тиіс. ҚР Үкіметінің 13.05.2009 жылғы №703 қаулысы

1.2 «Инновациялық технологиялар паркі» АЭА және «Астана- жаңа қала» АЭА қатысушылары үшін қосымша салықтық жеңілдіктер:

1.2.1 «Астана – жаңа қала» АЭА үшін – келесі инфрақұрылым объектілерін салу және пайдалануға беру үдерісінде толық тұтынылатын қолданылатын тауарлар үшін ҚҚС бойынша нөлдік мөлшерлеме:

ҚР Үкіметімен белгіленген тауарлар тізілімі бойынша, жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес инфрақұрылым объектілері, әкімшілік және тұрғын үй кешендері, ауруханалар, емханалар, мектептер, балабақшалар, мұражайлар, театрлар, жоғары және орта оқу орындары, кітапханалар, оқушылар сарайлары, спорт кешендері болып табылады.

1.2.2 «Ақпараттық технологиялар паркі» АЭА үшін:

· Жылдық табысының 90% ҚР-ның разиденттеріне жұмсалатын компаниялар жылдық табысының кемінде 50% еңбек ақы төлеміне жіберген жағдайда әлеуметтік салықтан 5 жылға босатылады.

· Бағдарламалық қамтамасыздық үшін амортизация нормасы 40% дейін арттырылған (жалпы тәртіпте 15%)

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!!

Қазақстанда тіркеліп «АТП» АЭА- тан тыс жерде орналасқан компаниялар 2015 жылдың 1 қаңтарына дейін осы экономикалық аймақтың салықтық жеңілдіктерін ( ҚҚС және кедендік салықтан басқасы) пайдалана алады, егер компанияның:

· құрылымдық бөлімшелері болмаса;

· компанияның жиынтық жылдық табысының кемінде 70 пайызы өзі шығарған тауарларын сатудан/ келесі қызмет түрлерінің жұмыстарын/қызметтерін орындаудан алынса:

- бағдарламалық қамтамасыз ету жүйесін, мәліметтер базаларын және ақпараттық технологиялардың аппараттық құралдарын жобалау, енгізу, тәжіріибелік өндіру және әзірлеу, сонымен қатар мерзім-орталықтары қызметтері, онлай-қызметтер;

- ақпаратық технологиялар саласында жобаларды құру және іске қосу бойынша ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрастыру жұмыстарын жүргізу.

1.3 АЭА кедендік жеңілдіктері

1.3.1 АЭА аумағына тауарларды ЕНГІЗУ кезінде:

· кедендік баждардан босатылу;

· арнайы экономикалық аймақтың аумағында сатылатын және толық тұтынылатын тауарларды толық іске асатын, қолданылатын тауарларға ҚҚС нөлдік мөлшерлеме бойынша салу*;

1.3.2 АЭА аумағынан тауарларды ШЫҒАРУ кезінде:

· АЭА аумағынан КО-тың басқа кедендік бөліміне шығарылатын КО тауарларына кедендік салық пен ҚҚС салынбайды.

· АЭА аумағынан КО территориясынан тыс жерлерге шығарылатын КО тауарларынан экспорттық кедендік баж салықтары алынады.

· КО тауарлары құқығы жоқ шетелдік тауарлар жинағы АЭА- тан КО- тың өзге территориясына шығарылғанда кедендік баж салығы мен ҚҚС алынады

· АЭА- та қолданылмаған және өңдірілмеген шетелдік тауарлар үшінші елге экспортталғанда «реэкспорт» кедендік баж салығынан босатылады.

· Шетелдік тауар АЭА-та өңдірілсе, экспорттау кезінде ҚР Үкіметінің 07.06.2010 жылғы №502 қаулысына сәйкес экспорттық салықтар алынады.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!! Егер Сіз АЭА-тың қатысушысы ретінде 2012 жылдың 1 қаңтарына дейін тіркеуден өтсеңіз, кедендік баж төлеуден 2017 жылдың 1 қаңтарына дейін босатыласыз.

Бағдарлама операторы:

ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі.

2. Жобаға кім қатыса алады/кім қатыса алмайды

2.1Кім АЭА-ың қатысушысы бола алады:

АЭА территориясында салық төлеуші ретінде тіркеліп және сонда қызметтің басым түрлерін жүзеге асыруды жоспарлаушы заңды тұлғалар (шетел заңды тұлғаларды қоса);

Салықтық жеңілдіктерді алу үшін мыналар қажет:

· АЭА аумағына салық төлеуші ретінде тіркелу;

· АЭА аумағынан тыс жерлерде бөлімшелері болмауы;

· Жиынтық жылдық табысының кемі 90%- ы (“АТП”АЭА үшін 70%) АЭА-тың басым түрлері бойынша өз өңдірісіне өңдірілген тауарларды іске асырудан түскен табыс болуы.

2.2 Кім АЭА-ң қатысушы бола алмайды:

· Кен өңдірушілер;

· Салықтық кодекске сәйкес акцизды тауар шығарушылар;

· Арнайы салық режимін қолданатын ұйымдар;

· Инвестициялық салықтық преференциялар қолданушы компаниялар;

· Ойын бизнес аумағында қызмет атқарушы ұйымдар.

3. Жобаға қатысу жолдары – толтыру үлгілері, байланыс ақпараты, қажетті құжаттардың тізілімі бар сатылы нұсқаулық.

3.1. АЭА қатысушысы ретінде тіркелу өтініміне талаптар:

· Тіркелу үшін бекітілген үлгі бойынша өтінімі мен сауалнама толтыру (тапсырыс пен анкетаны осы жерден көшіруге болады: http://www.sez.kz/images/sez/zakon/zayavka_ru.doc);

· Заңды тұлғаны, мемлекеттік тіркеуі ( қайта тіркеуге) туралы куәліктің нотариус бекіткен көшірмесі (шетелдік мемлекетте тіркелгенін растайтын ресми куәлік);

· Өтінім берушінің бірінші басшысының нотариус бекіткен жеке бас куәлігі көшірмесі;

· Идентификациялық нөмерінің нотариус растаған көшірмесі;

· Заңды тұлға жарғысының нотариуспен расталған көшірмесі;

· Заңды тұлғаның АЭА қызмет жасайтындығы туралы жоғарғы орган шешімінің нотариус растаған көшірмесі;

· Өтінім берушінің бірінші басшысы не оны ауыстырушының, сондай-ақ бас бухгалтердің қолы қойылған соңғы есептік күнге дейінгі қаражаттың есептік көшірмесі;

· Өкілетті орган бекіткен нормаға сәйкестігі туралы техника- экономикалық негіздеме;

· Тапсырыс берушінің банктік есеп шоты бойынша ақша қозғалысы жөніндегі қызмет көрсетуші банктің көшірмесі (картотеканың жоқтығы жөнінде) және несие тарихы бойынша толық немесе жеке ақпарат жөніндегі мәліметтермен несиелік бюродан алынған несиелік есеп;

· Жергілікті тіркеу орны бойынша салық және міндетті қазыналық төлемдер бойынша қарызы бар немесе жоқ екендігі туралы салық қызметінен анықтама;

· Сіздің техникалық – экономикалық негіздемеге сәйкес көлемде айналымнан алынбаған мүлкіңіз немесе ақшалай қаражатыңыз болуы керек;

3.2. АЭА тізімі және байланыс ақпараты:

http://www.invest.gov.kz/?option=content&section=3&itemid=105#

3.3. Кеңесті мына телефондар арқылы ала аласыз:

· ҚР ИЖТМ инвестициялар бойынша Комитетінің арнайы экономикалық аймақтар басқармасы: тел: +7(7172)243990, +7(7172)244807, факс: +7(7172)242124;

· KAZNEX INVEST Экспорт және инвестициялар бойынша ұлттық агенттігі: тел.: +7(7172)799393, факс: +7(7172)799392.

4. Бағдарламаға қатысуды мерзімінен бұрын тоқтату шарттары, қатысушылар жауапкершіліктері.

4.1. АЭА қатысушылары шарттары мен жауапкершілігі қызметті іске асыру туралы шартта анықталған. Шарттың күші мына жағдайларда тоқтатылады.

· арнайы экономикалық аймақ таратылған жағдайда;

· қызметті жүзеге асыру туралы мшарт мерзімі өткен немесе мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда;

· Қазақстанның азаматтық заңнамасында немесе қызметті іске асыру шартында көзделген басқа жағдайларда.

5. Бағдарламаға қатысушылардың алдында ашылатын жаңа мүмкіндіктер.

6. Жиі қойылатын сұрақтар (ҒАО-бет)

Сұрақ: «АЭА жұмысын қандай құрылымдар реттейді?»

Жауап:

· ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі – «Арнайы экономикалық аймақтар туралы» Заңына сәйкес, арнайы экономикалық аймақтардың құрылуын, қызмет етуін, таратылуын мемлекеттік реттейтін орталық атқарушы орган.

· Басқарушы компания – арнайы экономикалық аймақтың жұмысын қамтамасыз ету үшін акционерлік қоғам нысанында құралатын заңды тұлға.

· АЭА аумағындағы салық органы – АЭА салықтық реттеуді ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің тиісті бөлімшесі жүзеге асырады.

· АЭА аумағындағы кеден органы – АЭА кедендік реттеуді ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің тиісті бөлімшесі жүзеге асырады..

Сұрақ: Қазақстанда қандай АЭА-тар бар?

Жауап:

· «Астана-жаңа қала» АЭА - аралас (жеңіл өнеркәсіп, автомобиль құрылысы, әуе, химиялық).

· «Ұлттық индустриялық мұнайхимиялық технопарк» АЭА – мұнай-химия өнеркәсібі.

· «Морпорт Ақтау» АЭА- аралас (жеңіл өнеркәсіп, химиялық, металлургиялық өнеркәсіп).

· «Инновациялық технологиялар паркі» АЭА – жабдық құрылысы.

· «Оңтүстік» АЭА - жеңіл және тоқыма өнеркәсібі.

· «Бурабай» АЭА- туризм.

· «Павлодар» АЭА – химиялық және мұнай-химия өнеркәсібі.

· «Сарыарқа» АЭА - металлургия мен машина құрылысы.

· «Қорғас-Шығыс Қақпасы АЭА - логистика.

· «Тараз химиялық паркі» АЭА - химия өнеркәсібі.

АЭА-тарды шартты түрде үш топқа бөлуге болады:

· Өнеркәсіптік-өндірістік аймақтар – «Морпорт Ақтау», «Оңтүстік», «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі», «Павлодар», «Сарыарқа» және «Астана - жаңа қала»;

· сервисті: «Бурабай», «Астана-жаңа қала», «Қорғас - Шығыс қақпасы»;

· техникалық-еңгізу аймағы: «Ақпараттық технологиялар паркі»

АЭА ортақ ерекшелігі кедендік және салықтық жеңілдіктерден жағымды инвестициялық жағдай жасау.


Назад

ҚР ҰБ валюта бағамы
  • USD АҚШ доллары 315.15
  • EUR Евро 340.05
  • CNY Қытай юані 45.74
  • RUB Ресей рублі 5.53
  • GBP Ағыл. фунты 391.73
Хабарландыру тақтасы