Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:
Қашықтықтан оқыту системасы

Банктің заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы


1. Бағдарламаның мәнін баяндау (атауы, іске асырушылар, жобаға қатысушылар қандай жетістікке қол жеткізеді)

Бағдарлама аясында Сіз Даму Банкінің жарғылық капиталға қатысуы түрінде қаржыландыру алуға, сондай-ақ Банктің бұрын берілген қарызын қайтаруды қамтамасыз етуге мүмкіндігіңіз бар.

Қаржыландыру шарттары:

· Қатысудың минималды сомасы – 30 млн. АҚШ долл.;

· Қолдау мақсаты – жаңа өндіріс орындарын ашуға, іс жүзіндегі өндірістерді жаңарту және ұлғайтуға бағытталған инвестицияларға қатысу;

· Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына Даму Банкінің қатысу көлемі мен шарттары Банктің ішкі активтерімен анықталады;

· Ұйымдастырушылық – лизинг берушілердегі үшінші тұлғалармен Банктің бірігіп құру және/немесе қатысу жағдайында қатысу үлесі екі жақтың келісімімен анықталады;

· Инвестициялық жобаларды несиелендіру инвестициялық жобалардың шарттарымен сәйкес ұлттық және шет елдік валютада жүзеге асырылады;

· Алғашқы жарна сомасы – инвестициялық жоба сметасының сомасының 20%-н басталады.

Жобаларды қаржыландыруды «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ жүзеге асырады.

2. Бағдарламаға кім қатыса алады/кім қатыса алмайды

2.1. Бағдарламаға кім қатыса алады:

· Заңды тұлғалардың ғана Банк несиесін алуға мүмкіндігі бар.

· Компанияның жеке өзінің қатысу көлемі Жоба сметасы сомасының 20% кем болмауы тиіс;

· Жобалардың «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ инвестициялық басымдықтарына сәйкес келуі (FAQ қараңыз);

· Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде туындайтын, өнімді өткізуді қамтамасыз етілуі және шикізат базасының жеткіліктілігі;

· Жобалық шешімдердің технологиялық және техникалық негізделуі;

· Экологиялық талаптарды сақтау;

· Жобалық құжаттардың сапасы мен толықтылығы;

· Институционалдық дайындық, білікті менеджменттің болуы;

· Қарыз алушыға қойылатын талаптарды орындау (несие қабілеттілігі, төлеу қабілеттілігі, қаржылық тұрақтылық, оң кредиттік тарихының болуы және/немесе оң беделді және жобаны жүзеге асыру нарығы секторында жұмыс тәжірибесі және т.б.);

· өтінім берушіде берілген қарыздар немесе бюджетке төлемдер бойынша өтелмеген, мерзімі өткен қарыздардың болмауы;

· рентабельдік және өтелімдік;

· Даму Банкі ұсынған қарыздар мен кепілдемелер кепіл зат, кепілдік және басқа да қамтамасыз етудің заңды тәсілдерімен қамтамасыз етілуі тиіс. Қамтамасыз етілу қарыз бойынша тапсырыс берушінің міндеттемелерін (негізгі қарыз, егер сұрастырылса жеңілдік кезеңіне сыйақы және басқа да шығындар) жылжитын және жылжымайтын мүлік түрінде, соның ішінде бизнес – жоспар немесе жобаның технико – экономикалық негізделуіне сәйкес болашақта түсетін мүлік түрінде өтеуі тиіс. Қамтамасыз ету құны Даму Банкінің кепіл зат бағасын есептеу тәсілін қолдану арқылы және компанияның тәуелсіз бағалауымен есептелген нарықтық бағаға сәйкес анықталады;

· Кепіл зат мүлігі сақтандырылуы тиіс

2.2. Бағдарламаға кім қатыса алмайды?

Егер Жоба төмендегілерге бағытталса, қаржыландырылмайды:

· қару – жарақ өндіру;

· алкогольдік өнімдер өндіру;

· нашақор, нашақорлық құралдар және психотроптық заттар өндіру;

· темекі бұйымдарын өндіру;

· тұрғын үй құрылысы;

· мемлекеттік оқу және медициналық мекемелер, ойын – сауық кешендерінің құрылысы (егер бұл кешендер туристік инфроқұрылымның бір бөлігі болып табылмаса);

· кен–барлау жұмыстары;

Сондай – ақ сізге келесі жағдайларда қаржыландыру берілмейді:

· егер Жоба «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ инвестициялық басымдықтарына сәйкес келмесе;

· тапсырыс берушінің кепіл заттар немесе бюджетке төлемдер бойынша мерзімі өткен, төленбеген қарыздары болса.

3. Бағдарламағақатысу жолдары – толтыру үлгілері, байланыс ақпараты, қажетті құжаттардың тізілімі бар сатылы нұсқаулық.

Несиелендіруді кепілдендіру бағдарламасына қатысу үшін, Сіз үш кезеңнен өтуіңіз қажет.

3.1. №1 кезең. Несиелік өтінім бизнес-ұсынысын алдын ала қарастыру.

Бірінші кезеңнен өту үшін қарыз алушы экспортты операциялар немесе инвестициялық жобаларды алыдын ала қарастыруға арналған құжаттар пакетін жинап мекен жай бойынша ұсынуы тиіс. (FAQ қараңыз).

Бірінші кезең ақысыз негізде жүзеге асырылып, барлық қажетті ақпараттар ұсынылған кезде, 10 жұмыс күні ішінде өткізіледі.

· А – 020 (№1 қосымша)

· А – 021 инвестициялық жобалар үшін (№3 қосымша)

· А – 22 экспорттық операциялар үшін (№3 қоысмша)

· А – 041 (№4 қосымша)

· Бизнес-жоспар жазу талаптары (№5 қосымша)

· Қаржылық үлгі (№6 қосымша)

· ЖК немесе ЭО шаблоны «Инвестициялық жоба бойынша қысқаша ақпарат»

(№7 қосымша)

«Қазақстанның Даму Банкі» құжаттарды қарастырып сараптама операциялары мен инвестициялық Жоба бойынша қысқа түйіндеме дайындайды. Оң шешім болған кезде банк сараптамасын өткізу үшін ақпаратты жинақтау жүргізіледі.

3.2. №2 Кезең – Банк сараптамасы

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ потенциалды қарыз алушымен банк сараптамасы жүргізуге арналған қызмет көрсету келісімшартын жасайды. Барлық қажетті құжаттарды алған соң «Қазақстанның Даму Банкі» банктік сараптама жүргізеді.

Банк сараптамасының нәтижесі оң болған жағдайда «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ қарыз беру жөнінде шешім шығарып, несиелік құралдарды (Бағдарламаға) беру жөнінде келісімшарт жасау үрдісін жүзеге асырады.

3.3. №3 Кезең - Қаржыландыру.

Жобаны қаржыландыру банктік қарыз беру келісімшарты аясында жүзеге асырылады. «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ келісімшарттың барлық талаптарының орындалуын үнемі қадағалайды.

4. Бағдарламаға қатысуды мерзімінен бұрын тоқтату шарттары. Бағдарлама қатысушыларының жауапкершіліктері.

Бағдарламаға қатысуды мерзімінен бұрын тоқтату шарттары мен жауапкершіліктері қарыз алушы және «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ арасында жасалған, банктік қарыз беру шарттарында қарастырылады.

5. Бағдарламаға қатысушылардың алдында ашылатын жаңа мүмкіндіктер.

Бүгінгі таңда Банк ірі және ұзақ мерзімді инвестициялық жобаларды қаржыландырумен шұғылданады. Банк ұсынған несиелік ресурстары 30 млн$ жоғары жобалар, әсіресе, қазіргі кезде жүзеге асырылып жатқан үдемелі индустриалды – инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы (ҮИИДМБ)контексінде басымдыққа ие қаржыландыру көздері болып табылады.

6. Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ-парақ).

Сұрақ: «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ–ның инвестициялық басымдықтары қандай?

Жауап: Даму банкінің басымдықтары төмендегілерді құру және/немесе дамытуға бағытталған инвестициялық жоба және/немесе лизингтік мәміле болып табылады.

· Инфрақұрылым объектілері (энергетикалық, көлік, телекоммуникациялық, туристік);

· Өндірістік өнеркәсіп, соның ішінде инвестициялық жоба аясында дайындау және/немесе алу, шикізатты тасымалдау, оны қайта өңдеу және дайын өнімді өткізу;

· Қызмет көрсету саласындағы объектілер (коммерциялық негізде): туристік, экологиялық оқу, спорт–сауықтыру және қонақ-үй;

· Шет елдерде жүзеге асырылып Қазақстан Республикасының транзитті әлеуетін, инфроқұрылымды, қазақстандық тауарларды, жұмыстар, қызмет көрсету және капиталын экспорттауды дамытуға ықпал ететін.

Сұрақ: Қосымша ақпараттарды қай жерден алып, құжаттар тапсыруға болады?

Жауап: Құжаттар тапсыру және қосымша ақпараттар алу сұрақтары бойынша көрсетілген байланыс телефондарына хабарласыңыз:

Астана: Есіл ауданы, Орынбор 10 көшесі («Қазына Тауэр» ғимараты)

Телефон: +7(7172)792600

Call–орталығы: 88000805559

Банк Басқарма төрағасы, қабылдау бөлмесі: +7(7172) 742688

Жобалар бойынша басқарма төрағасының орынбасары Д.А. Қилыбаев

Қабылдау бөлмесі: +7(7172) 792697

Факс: +7(7172) 792638

Инвесторлармен жұмыс бойынша Басқарма Төрағасының орынбасары Ж.Х. Мадиев

Қабылдау бөлмесі: +7(7172) 792604

Жобалық дирекция №1

Химия, мұнай-химия, фармацевтика, туризм

Телефон: +7(7172) 79 26 32

Жобалық дирекция №2

Электр энергетикасы және өңдеуші өнеркәсіп

Телефон: +7(7172) 79 26 80

Жобалық дирекция №3

Көлік және логистика, телекоммуникация, құрылыс материалдары

Телефон: +7(7172) 79 26 31

Жобалық дирекция №4

Тау металлургиямы, машина құрылысы

Телефон: +7(7172) 79 26 68

Алматы: 050010, Алматы қаласы, Зенков көшесі, 80, 5 қабат

E-mail: almaty@kdb.kz

Ресей Федерациясындағы өкілдігі:

Мәскеу қаласы, 125047, 1 Тверская-Ямская 6, бет. 1

Тел: +7 (499) 251 83 79, +7 (499) 251 51 24

E-mail: office@kdb-moscow.ru

7. Бағдарлама бойынша статистика (іске қосылған сәттен бастап қатысушылардың жалпы саны, аяқталған жобалардың саны, игерілген қаражаттардың ақшалай көлемі, жиынтық экономикалық тиімділік, аймақтар мен компаниялардың көлемі бойынша қатысушылардың статистикасы (шағын/орта/ірі бизнес)).

Банк ел экономикасына инвестиция тарту және экономиканың шикізаттық емес секторын дамыту мақсатында 2001 жылы құрылды. Іске қосылғаннан бері 2013 жылдың 1 қазанына дейін Банк 95 инвестжобаларды қаржыландыруды бекітті (жалпы соммасы 11,7 млрд. $, соның ішінде Банктің қатысу соммасы 6,6 млрд. $), олардың 60% «гринфильд» жобасы және 85 экспортты операциялар (жалпы сомасы 1,4 млрд. $, соның ішінде Банктің қатысу соммасы 0,8млрд. $) Банктің қаржылай көмек көрсетуі барысында республикада 72 жоба іске қосылды. (жалпы сомасы 4,2 млрд. $, Банктің қатысу сомасы 2,2 млрд$). Жоба арқылы 21,7 мың жұмыс орны құрылды.

2013 жылдың 1 қазаны бойынша, Банк мандатына сәйкес, республикалық индустриализациялау картасының әрбір алтыншы ірі жобасын Банк қаржыландырады.

Банктің қолдауымен үдемелі индустриалды – инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасының (ҮИИДМБ) жалпы соммасы 2,5 млрд. $ 21 жобасы іске қосылды.


Назад

ҚР ҰБ валюта бағамы
  • USD АҚШ доллары 332.7
  • EUR Евро 389.99
  • CNY Қытай юані 49.72
  • RUB Ресей рублі 5.59
  • GBP Ағыл. фунты 428.62
Хабарландыру тақтасы