Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:

«Өнімділік 2020» бағдарламасы бойынша лизингтік мәмілелерді қаржыландыру


1. Бағдарламаның мәнін баяндау (атауы, іске асырушылар, жобаға қатысушылар қандай жетістікке қол жеткізеді)

Бағдарлама аясында Сіз «Қазақстанның даму банкі» АҚ арқылы «Өнімділік 2020» бағдарламасы бойынша лизингтік қаржыландыру мәмілелерін ұйымдастыру үшін көмек ала аласыз.

1.1. Бағдарлама шарттары:

· лизинг мерзімі – 3 жылдан 10 жылға дейін;

· қаржыландырудың ең аз сомасы 150 млн. те ң ге;

· кәсіпкердің өзі қосатын жарна – лизинг нысаны құнының 1 5% кем емес;

· сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 5%.

· құрал операторының (« Қазақстандық индустрия дамыту институты» АҚ) оң сарапшылық тұжырымы міндетті түрде қажет;

· құрал операторының оң сарапшылық тұжырымын алған соң, «БРК-Лизинг» АҚ міндетті түрде кешенді сараптама жүргізеді.

Бағдарламаны жасаушы:

Қазақстан Республикасы индустрия және жаңа технологиялар министрлігі.

Құрал операторы:

« Қазақстандық индустрия дамыту институты» АҚ.

Бағдарлама операторы:

«БРК – Лизинг» АҚ ( «Қазақстанның даму банкі» АҚ-ң еншілес ұйымы), ұзақ мерзімді лизингілің қаржылауды іске асырады.

2. Бағдарламаға кім қатыса алады/кім қатыса алмайды:

2.1. Бағдарламаға келесілер қатыса алады:

· осы бағдарламаға сәйкес экономиканың басым салаларында инвестициялық жобаларды іске асыруды жоспарлаған және (немесе) іске асырып жатқан кәсіпкерлік субъектілері

· келесі тізілімде көрсетілген өнімдердің бір түрін шығарушы және (немесе) шығаруды жоспарлайтын кәсіпкерлік субъектілері (машина және жабдықтарды жөндеу және орнату қызметтерін көрсету саласында инвестициялық жобаларды іске асырушы компанияларды (ЭҚЖК коды 33) қоспағанда;

· қаржылы тұрақты компаниялар ( банк немесе банк филиалдарында міндеттемелердің бар түрінен мерзімі өткен берешегі жоқ, салық берешегі жоқ және т.б. берешектері жоқ);

· инвестициялық жобаның кешенді жоспары, яғни экономикалық, техникалық, басқарушылық және т.б. қажетті құжаттар пакеті бар субъектілер.

2.2. Бағдарламаға келесілер қатыса алмайды:

Егер Сіздің жобаңыз келесі нәрселерге бағытталған болса, Сіз қаржыландыру ала алмайсыз:

· қару жасау;

· алкогольдік өнімдер шығару;

· есірткі, есірткілік заттар, психотроптық заттар шығару;

· темекі өнімдерін шығару;

· тұрғын үй салу;

· мемлекеттік оқу, медициналық, қоғамдық ойын-сауық мекемелерін салу (егер осы мекемелер туристік инфрақұрылымның бір бөлігі болып табылмаса);

· геолог иялық барлау жұмыстары.

Сонымен қатар, Сіз келесі жағдайларда қаржыландыру ала алмайсыз:

· Сіздің жобаңыз «Қазақстанның даму банкі» АҚ-ң инвестициялық басымдықтарына сәйкес келмесе;

· өтінім берушінің бюджетке мерзімі өткен берешегі немесе алынған қарыздар бойынша берешегі болса.

3. Бағдарламаға қатысу жолдары – толтыру үлгілері, байланыс ақпараты, қажетті құжаттардың тізілімі бар сатылы нұсқаулық

3.1. Мемлекеттік қолдау шаралары келесі тәсілмен беріледі:

· Өтінім беруші Бағдарлама операторына ( «БРК – Лизинг» АҚ ) жүгініп, инвестициялық жобаның кешенді жоспары бар қажетті құжаттар пакетін тапсырады. Кешенді жоспар тізілімдегі конталтингтік компаниялардың біреуімен бірлесе, немесе өз бетімен жасалуы мүмкін. Өз бетімен жасалған жоспарға консалтингтік компанияның сараптамасын тіркеу қажет.

· Бағдарлама операторы ( «БРК – Лизинг» АҚ ) тапсырылған құжаттар пакетіне сараптамалық бағалау дайындайды;

· Бағдарлама операторы сараптамалық бағалауды бағдарлама администраторына, өтінім берушіге және құрал операторына (« Қазақстандық индустрия дамыту институты» АҚ) жібереді;

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ !!!Оң сараптамалық бағалау алынғаннан кейін «БРК – Лизинг» АҚ өтінім берушіге инвестициялық жобаның кешенді жоспарын жасау немесе сараптауға кеткен қаржысының бір бөлігін төлейді;

· Одан ары қарай басқа да құралдарды пайдалану керек болған жағдайда өтінім беруші құрал операторына (« Қазақстандық индустрия дамыту институты» АҚ) жүгінеді;

· Құрал операторы инвестициялық жобаға сараптама жасап, өтінім беруші мен Бағдарлама операторына қабылданған шешім жайлы хабарлайды.;

· Инвестициялық жобаның сараптамасынан сәтті өтіп, құрал операторының оң шешімін алғаннан соң тараптар мониторинг жайлы келесілер қарастырылған келісім-шартқа қол қояды:

· тараптардың құқықтары мен міндеттері;

· құралды ендірудің нәтиже көрсеткіштері;

· құрал операторының мен қатысушының жауапкершілігі және т.б.;

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ !!!Инвестициялық жобаларды іске асырудың мониторингін Бағдарлама операторы мен кұрал операторлары жобаның іске асырылуының барлық кезеңінде жүргізіледі. Мониторинг нәтижелері ведомство-аралық комиссияның қарауына шығарылады.

· Бағдарламаны жүзеге асыру тәртібі, өтінімдер нысандары, өтінім беруші өткізуі кере құжаттар тізілімі, үлгілік келісім-шарт нысаны, жалпы Бағдарлама мен жеке құралдардың жүзеге асырылу мониторингі түрлері мен мерзімдері, инвестициялық жобаның кешенді жоспарын жасауға қойылатын талаптар ведомство-аралық комиссияның қарауынан кейін Бағдарлама администраторымен бекітіледі.

3.2. Құжаттар тізілімі:

-А-020;

-А-021 инвестициялық жобалар үшін;

-А-22 экспортық операциялар үшін;

-А-041;

- бизнес-жоспар жазу талаптары;

-қаржылық модель;

- «Инвестициялық жоба бойынша қысқаша анықтама» инвестициялық жоба немесе экономикалық негіздеме үлгісі.

3.3. Кешенді жоспарларға қойылатын талаптар:

Инвестициялық жобаның кешенді жоспарын өтінім берушінің өзі немесе Бағдарлама администраторы бекіткен тізілімдегі консалтингтік компаниялардың бірін тартумен жасауға болады. Жоспар келесі көрсеткіштерге жетуді көздеу керек:

- инвестициялық жобаның қаржылық өтімділігі;

- еңбек өнімділігінің екі есе артуы, бірақ жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жанғырту жобалары бойынша орташа салалық деңгейден 1,5 еседен кем емес артуы, жаңа инвестициялық жобалар бойынша орташа салалық деңгейден 3 есе артуы;

- өнімнің бәсекеге қабілеттілігі (ішкі және сыртқы нарықтарда сұранысқа ие).

3.4. Инвестициялық жобаларға қойылатын талаптар:

«Қазақстанның даму банкі» АҚ инвестициялық жобаларды келесі талаптарға сәйкес іріктейді:

· «Қазақстанның даму банкі» АҚ инвестициялық басымдықтарына сәйкес болу;

· Жобаны іске асырудың нәтижесінде шығарылатын өнімді өткізуді, шикізат қорының жеткіліктілігін қамтамасыз ету;

· Жобалық шешімдердің және қаржылық лизинг нысандарын алудың технологиялық және техникалық негізделуі;

· Экологиялық талаптарды орындау;

· Жобалық құжаттардың сапасы мен толықтылығы;

· Институттық тыңғылықтылық, мамандандырылған басқарудың болуы;

· Қарыз алушыға қойылатын талаптардың орындалуы (несие төлеу қабілеттілігі, төлем қабілеті, қаржылық тұрақтылық, оң несие тарихының және/немесе жағымды беделдің бар болуы,жобаны жүзеге асыру саласында тәжірибесінің бар болуы және т.б. );

· Жобаны инвестициялауға өтінім берушінің өзінің қатысуы;

· Тартылған қаржылар мен бюджетке төлемдер бойынша берешегі жоқ болуы;

· Тиімділік пен өтімділік;

· Банктен берілетін қарыздар мен кепілдіктер кепілзат, кепілдік және Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған міндеттерді орындаудың басқа да түрлерімен қамтамасыз етілуі тиіс. Қамтамасыз ету Өтінім берушінің қарызы (негізгі борыш, жеңілдік кезеңге сыйақы және басқа да шығындар) бойынша барлық міндеттерін жылжымайтын және жылжымалы мүлік түрінде, немесе жобаның бизнес-жоспары немесе техникалық-экономикалық негіздемеге сәйкес болашақта түсетін мүлік түрінде қамту керек. Қамтамасыз етудің құнын Даму банкінің кепілдік құн есептеу әдістемесінің қолданылуымен тәуелсіз бағалау компаниясы анықтайды.

4. Бағдарламаға қатысуды мерзімінен бұрын тоқтатудың шарттары. Бағдарламаға қатысушылардың жауапкершілігі

Бағдарламаға қатысушылардың жауапкершілігі, бағдарламаға қатысуды мерзімінен бұрын тоқтатудың шарттары қарыз алушылар мен «Қазақстанның даму банкі» АҚ арасында жасасқан банктік қарыз шарттарында қарастырылады.

5. Бағдарламаға қатысушылардың алдында ашылатын жаңа мүмкіндіктер

Қазіргі таңда Банк ірі және ұзақ мерзімді инвестициялық жобаларды несиелендіруге қадала көңіл аударуда (құны $30 млн. асатын жобалар). Банктен берілетін несие қаражаты әсіресе қазіргі кезде жүзеге асырылып жатқан Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында өте тартымды қаржы көзі болып табылады.

6. Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ-парақ)

Сұрақ: «Қазақстанның даму банкі» АҚ инвестициялық басымдықтары қандай?»

Жауап: Даму банкінің басымдықтары болып келесілерді өндірістерді құруға және/немесе дамытуға бағытталған инвестициялық жобалар және/немесе лизингтік мәмәлелер:

· инфрақұрылым нысандары (энергети калық, көліктік, телекоммуникациялық, туристік );

· инвестициялық жоба аясында шикізатты өндіру және/немесе сатып алу, оны тасымалдап, қайта өңдеп, дайын өнімді сатуды қамтитын өндірістік кәсіпорындар;

· инвестициялық жоба аясында шикізатты өндіру және/немесе сатып алу, оны тасымалдап, қайта өңдеп, дайын өнімді сатуды қамтитын ауылшаруашылық кәсіпорындары;

· қызмет көрсету саласындағы нысандар (коммерциялық негізде): туристік, экологиялық, оқу, спотты-сауықтыру және мейманханалық;

· Қазақстан Республикасының инфрақұрылымының, транзиттік әлеуетінің дамуына, қазақстандық тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердың экспортына ықпалын тигізетін және ше елдерде жүзеге асырылатын жобалар.

Сұрақ: «Мен қай жерден қосымша ақпарат ала аламын/қай жерге құжаттарды тапсыра аламын? »

Жауап: Құжаттарды өткізу мәселесі мен қосымша ақпарат алу үшін көрсетілегн телефон нөмірлеріне хабарласыңыздар:

· Астана:Ес і л ауданы, Орынбор көшесі, 10 үй («Қ азына Тауэр» ғимараты )

Телефон ы +7 (7172) 79 26 00

Call - орталық 8 800 080 555 9

Банктің Басқарма төрағасы, қабылдау бөлмесі +7 (7172) 79 26 88

Басқарма төрағасының жобалар бойынша орынбасары Қ илыбаев Д. А.,

қабылдау бөлмесі +7 (7172) 79 26 97

Факс +7 (7172) 79 26 38

Басқарма төрағасының инвесторлармен жұмыс бойынша орынбасары Мадиев Ж. Х.,

қабылдау бөлмесі +7 (7172) 792604

№1 жобалық дирекция

Химия, нефтехимия, фармацевтика, туризм

Телефон ы +7 (7172) 79 26 32

№2 жобалық дирекция

Электроэнергетика және өңдеуші өнеркәсіп

Телефон ы +7 (7172) 79 26 80

№3 жобалық дирекция

Транспорт және логистика, телекоммуникации, құрылыс материалдары

Телефон ы +7 (7172) 79 26 31

№4 жобалық дирекция

Тау металлургиясы, машино жасау

Телефон ы +7 (7172) 79 26 68

· Алматы:050010, Алматы қ., Зенков к., 80 үй, 5 қабат

E - mail: almaty @ kdb. kz

Ресей Федераци ясындағы өкілдік:

Москва қ., 125047, 1- ші Тверская-Ямская к., 1 құрылым

Тел: +7 (499) 251 83 79, +7 (499) 251 51 24

E - mail: office @ kdb - moscow. ru

7. Бағдарлама бойынша статистика (іске қосылған сәттен бастап қатысушылардың жалпы саны, аяқталған жобалардың саны, игерілген қаражаттардың ақшалай көлемі, жиынтық экономикалық тиімділік, аймақтар мен компаниялардың көлемі бойынша қатысушылардың статистикасы (шағын/орта/ірі бизнес)).

Банк 2001 жылы экономиканың шикізаттық емес салаларын дамыту, экономикаға инвестициялар тарту мақсатымен құрылған болатын. Ашылған күннен бастап 2013 жылдың 1 қазанына дейін Банк 95 инвестициялық жобаны (жалпы сомасы $11,7 млрд, Банктің қатысуымен $6,6 млрд.) қаржыландыруға мақұлдады, оның 60% «гринфилд» жобалар. Сонымен қатар 85 экспорттық операциялар мақұлданды (жалпы сомасы $1,4 млрд., Банктің қатысуымен $0,8 млрд.). Банктің қаржылай қолдауымен республикада 21,7 мың жұмыс орындары ашылған 72 жоба (жалпы құны $4,2 млрд., Банктің қатысуымен $2,2 млрд.) іске қосылды.

2013 жылдың 1 қазанындағы жағдайда Индустриаландыру картасындағы әрбір алтыншы ірі жоба Банктің талаптарына сәйкес келсе, Банкпен қаржыландырылады. Банктің қолдауымен үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі бағдарламаның жалпы құны $2,5 млрд. 21 жобасы қаржыландырылды.


Назад

ҚР ҰБ валюта бағамы
  • USD АҚШ доллары 335.33
  • EUR Евро 395.49
  • CNY Қытай юані 50.75
  • RUB Ресей рублі 5.7
  • GBP Ағыл. фунты 450.28
Хабарландыру тақтасы