Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:

Жергілікті қамту бойынша сараптама


1. Бағдарламаның мәнін баяндау (атауы, іске асырушылар, жобаға қатысушылар қандай жетістікке қол жеткізеді)

Егер Сіз компанияңызды республикалық индустриализациялау картасына енгуге қызығушылық білдірсеңіз, Сізге жергілікті қамту бойынша сараптамадан өту қажет. Бұл сараптама республикалық бюджет қаражаттары есебінен жүзеге асырылатын жобалар үшін де қажет. Бұдан басқа, республикалық индустриализациялау картасына енгізілген барлық жобалар қазақстандық өнімдерді өткізу нарығын ұлғайтатын қазақстандық тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді міндетті түрде қолданумен жүзеге асырылады.

Жергілікті қамту бойынша сараптамадан Сіз «NADLoC жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ көмегімен өте аласыз.

Бағдарламаның өкілетті органы:

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі

Операторы:

«NADLoC жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ

2. Бағдарламаға кім қатыса алады/кім қатыса алмайды

2.1. Бағдарламаға кім қатыса алады:

Бағдарламаға экономиканың басымдық секторларында индустриялық-иновациялық жобаларды жүзеге асыратын жеке және/немесе заңды тұлғалар қатыса алады. Өтінім беруші төмендегі талаптарға сәйкес келуі тиіс.

· инновациялық – экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету есебінен жаңа немесе жетілдірілген өндірістер, технологиялар, тауарлар және қызмет көрсетулер құру жолдарымен қызметтің экономикалық тиімділігін жоғарлатуға бағытталуы;

· бәсекеге қабілеттілік – экономикалық және әлеуметтік тиімділікке жету деңгейімен айқындалып, оны алу шығындарына жету эффектісіне қатысты анықталатын, ұқсас индустриялық-инновациялық жобалармен салыстырудағы артықшылық;

· ауқымдылық – Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың жобасын жүзеге асыру маңыздылығы.

3. Бағдарламаға қатысу жолдары – толтыру үлгілері, байланыс ақпараты, қажетті құжаттардың тізілімі бар сатылы нұсқаулық

3.1. Жергілікті қамту бойынша сараптаманы бағдарлама операторы жүргізеді.

Сараптаманы өткізуге арналған материалдар (бұдан әрі - материалдар) республикалық және аймақтық индустрализациялау картасындағы жобаларға енгізудің бекітілген ережелері тәртібімен өкілетті органдарға бағытталады. Ережелер және матералдарды ұсыну формасымен келесі сілтемеге өту арқылы таныса аласыз: 1 және 2 қосымшалар.

3.2. Индустриялық-инновациялық жобаның сараптамасы өкілетті органнан материалдарды алған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі және индустриялық-инновациялық жобаның жергілікті қамтуды анықтаудан тұрады;

3.3. Жергілікті қамтуды дамыту саласындағы ұлттық дамыту институты талдама жүргізу үшін бірыңғай тауарлар, жұмыстар және қызмет көрсетулерді іздестіру мақсатында материалдарды тауарлар, жұмыстар және қызмет көрсетулер жөніндегі ақпараттармен салыстыралы. Бірегей тауарлар, жұмыстар және қызмет көрсетуге іздестіру жүргізу қортындысы бойынша жергілікті қамтуды дамыту саласындағы ұлттық дамыту институты жергілікті шығу тегі үлесінің пайыздық құрамына есеп жүргізеді.

3.4. Мәліметтер базасынан бірнеше бірегей тауарлар табылған жағдайда жергілікті мазмұндағы тауарлардың орташа үлесі бекітіледі.

3.5. Мәліметтер базасында бірнеше жұмыс немесе қызмет көрсетуді жеткізіп берушілер болған жағдайда, жергілікті мамандар, жұмыс немесе қызмет көрсетуді жеткізіп берушілердің еңбек ақы қорының орташа үлесі бекітіледі;

3.6. Жергілікті қамту бойынша сараптама нәтижесі - жергілікті қамтуды дамыту саласындағы ұлттық дамыту институтының фирмалық бланклерінде мазмұндалған сараптамалық қортынды болып табылады. Бұдан әрі Сіз бұл қортындыны бизнес-мақсатыңызға сәйкес пайдалана аласыз.

4. Бағдарламаға қатысуды мерзімінен бұрын тоқтату шарттары. Бағдарламаға қатысушылардың жауапкершіліктері.

5. Бағдарламаға қатысушылардың алдында ашылатын жаңа мүмкіндіктер.

Сараптама мәліметтерін алғаннан соң, Сіз жергілікті қамту нормаларын сақтауды қарастыратын мемлекеттік сатып алулар және басқа да қызмет түрлеріне қатысу үшін, республикалық индустрализациялау картасына енгізуге тапсырыс беру барысында қолдана аласыз.

6. Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ-парақ)

Сұрақ: ««Жергілікті қамту» ұғымы нені білдіреді?»

Жауап: Жергілікті қамту – индустриялық–инновациялық қызмет субьектісінің индустриялық–инновациялық жобаны жүзеге асыруда қолданылатын, бекітілген тауар, жұмыстар және қызмет көрсетулердің тауарлар, жұмыстар және қызмет көрсетулердің жалпы сомасынан берілген жоба бойынша және/немесе жергілікті шығу тегі үлесі құны бойынша, еңбекті төлеудің жалпы қорынан есептелетін Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбек ақы бағасының пайыздық құрамы.

Сұрақ: «Индустриялық-инновациялық жоба» ұғымы нені білдіреді?»

Жауап: Индустриялық-инновациялық жоба – технологиялар трансфертіне, белгілі бір уақыт мөлшерінде жүзеге асырылатын жаңа немесе жетілдірілген өндірістер, технологиялар, тауарлар, жұмыстар және қызметтер құруға бағытталған іс-шараларының кешені.


Назад

ҚР ҰБ валюта бағамы
  • USD АҚШ доллары 315.55
  • EUR Евро 338.93
  • CNY Қытай юані 45.73
  • RUB Ресей рублі 5.53
  • GBP Ағыл. фунты 391.09
Хабарландыру тақтасы