Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:

Тауарлар, жұмыс, қызмет және оларды жеткізушілер туралы мәліметтер базасы


1. Бағдарлама мәнін баяндау (атауы, іске асырушылар, жобаға қатысушылар қандай жетістікке қол жеткізеді)

Мемлекеттік сатып алуға қатысуға дайын кәсіпорындар бағдарлама шеңберінде отандық өндіруші ретінде тіркеле алады. Бұл үшінтауарлар, жұмыс, қызмет және оларды жеткізушілер туралы мәліметтер базасынатіркелу керек.

Заңға сәйкес мәліметтер базасына тіркелген отандық өндірушілер шетел тасымалдаушылары алдында да басымдылыққа ие болады.

Мәліметтер базасы арқылы берілетін мемлекеттік қолдау шараларына келесілер жатады:

· Әлемдік стандартқа сәйкес сапа менеджменті жүйесін енгізуге кеткен отандық өндірушілердің шығынының бөлігін қайтару;

· Ұлттық компаниялардың кепілдік тапсырыс беруі.

Республикалық Индустриализациялау картасы жобаларына жергілікті қамту бойынша сараптаманы жүргізу барысында осы Базаға енгізілген қазақстандық тауарлар, жұмыстар мен қызметтер туралы ақпарат пайдаланылатын болады.

Бағдарлама операторы:

АҚ «NADLoC мазмұнын дамыту жөніндегі Ұлттық агенттік»

2. Бағдарламаға кім қатыса алады/кім қатыса алмайды?

Ішкі нарықта отандық өңделген тауарлар, жұмыс және қызметтерді жүзеге асыратын кәсіпкерлер.

3.Бағдарламаға қатысу жолдары – толтыру үлгілері, байланыс ақпараты, қажетті құжаттардың тізілімі бар сатылы нұсқаулық

3.1. Мәліметтер базасына ену үшін отандық жеткізуші ерікті түрде институтқа мемлекеттік және орыс тілдерінде электронды түрде келесі құжаттарды жібереді:

3.1.1. Ережеде көрсетілген 1, 2 Қосымшаға сәйкес формада жеткізуші сауалнамасы;

3.1.2. 3 Қосымшадағы формаға сәйкес тауар жөнінде ақпарат және 4 Қосымшаға сәйкес жұмысы мен қызметі туралы ақпарат;

3.1.3. Тауарлар туралы құжаттама:

· Сәйкестік сертификаты өнімнің талапқа сәйкестігін нақтылайтын құжат;

· 2009 жылғы 22 қазан № 1647 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген тауардың шығуы жөніндегі сертификаттың берілуі, тауардың шығуы мен рәсімделуін нақтылаудағы сараптама актісін беру, тауардың шыққан елін анықтау жөніндегі ережеге сәйкестігін, қажетті өңдеумен қайта өңдеуден өткендігін нақтылауда рәсімделетін «CT-KZ» формасындағы тауардың шығуы жөніндегі сертификат;

3.1.4. Тауар жеткізушілер ұсынатын құжаттар:

· Жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгенін/қайта тіркелгенін куәландыратын құжат.

· Жеткізуші мәліметтер базасына енгізбек тауарлар ҚР заңына сәйкес лицензияланған қызмет болса.

3.1.5. Қызмет және жұмыс жеткізушілері ұсынатын құжаттар:

· Жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның тіркеуден / қайта тіркеуден өткенін куәлендіретін құжат;

· Көрсетілетін жұмыс қызмет түріне лицензия, егер жеткізуші мәлімет базасына еңгізбек мұндай қызмет түрі ҚР заңына сәйкес лицензияланған болса қызмет не жұмыс түріне лицензия.

· Жүйе сертификаты мемлекеттік стандарттың сапа менеджменті талаптарына сәйкестігі туралы құжат;

· ҚР резиденті болып табылатын жұмыс қызмет жеткізушісінің жұмысты орындау, қызмет көрсету барысында осы ережелердегі №5 қосымшаға сәйкес жергілікті еңбек ресурстарының кемі 95% қолданатыны туралы ақпарат.

Назар аударыңыз!!! Осы бөлімде көрсетілген барлық қағаз құжаттар электронды түрде де берілуі керек.Онлайн-тіркеу туралы қосымша акпаратты мәліметтер базасы сайтынан алуға болады.

3.2. Бағдарлама жүргізушісі жеткізушіден қажетті құжаттарды алған соң талапқа сай екенін мемлекеттік ақпарат жүйесін қолдана отырып анықтайды.

3.3. Тексеру қорытындысы бойынша екі күн ішінде:

· Құжаттар пакетінің, тауар, жұмыс және қызметтің және оларды жеткізушінің бекітілген ережелерге сәйкестігі анықталса, бұларды мәліметтер базасына еңгізіп, жеткізуші анкетасында көрсетілген электронды адреске жібереді, әрі алынған мәліметтердің мәліметтер базасына қосылғандығын, берілген нөмірін көрсеткен растау жібереді.

· Құжат пакеті толық немесе дұрыс толтырылмаған жағдайда, не жеткізушінің тауар, жұмыс, қызмет түрінің сәйкессіздігі анықталған жағдайда мәліметтер базасына еңгізілмеу дәлелдерін электронды адреске жібереді.

3.4. Жұмыс, тауар, қызмет және оларды жеткізуші туралы мәліметтер базасына еңгізілген мәліметтерді жаңарту, өзектілендіру жеткізуші ұсынған құжат не/немесе тауар, жұмыс, қызмет және жеткізушілері туралы ақпарат негізінде жүреді.

3.5. Мәліметтер базасына енгізуге негіз болған құжаттардың мерзімі өткен соң 10 күннен асырмай, жеткізуші жаңалап құжаттардың мерзімін белгілеу үшін өзектілендіру институттарына жібереді.

3.6 Отандық жеткізуші актуализациялау институтына жаңартылған құжаттар мен мәліметтерді жылына бір рет және жыл уақытынан 10 күннен артық асырмай жіберіп отырады. Жаңартылған мәліметтер базасына еңгізуге негіз болады.

3.7. Жеткізуші 1,2 және 3 қосымшада көрсетілген ережелердің өзгерген мәліметін 10 жұмыс күнінен қалдырмай институтқа жібереді.

4. Бағдарламаға қатысуды мезгілінен бұрын тоқтату шарттары. Бағдарламаға қатысушылар жауапкершілігі.

Мәліметтер базасынан тауарларды, жұмысты, қызметті және олардың жеткізушісін шығаруды институт 10 күн мерзімнен қалдырмау істеуі төмендегі жағдайларда болады.

· Жеткізуші қызметі тоқтатылғаны/аяқталғаны туралы ақпарат алғаннан кейін;

· Жеткізушінің өз тілегі бойынша;

· Жыл өтіп, мәліметтер мерзімі біткен соң 10 күн ішінде мәліметтер базасына негіз болатын құжаттар мен мәліметтердің еңгізімеуі себепті;

· Мәліметтер базасына енгізуге негіз болған құжаттар мен мәліметтердің мәліметтер базасына енгізілгеніне бір жыл өткеннен соң өзектілігі жойылған кезде;

· Жеткізуші, жұмыс, тауар, қызмет туралы мәліметтер базасына еңгізілген өтірік деректер мен мәліметтер анықталған жағдайда;

· Институт жеткізушінің анкетада көрсеткен электронды мекен жайына оның мәліметтер базасынан шығарылғаны туралы ескерту жібереді.

5. Бағдарламаға қатысушылардың алдында ашылатын жаңа мүмкіндіктер.

6. Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ-парақ).

7. Бағдарлама бойынша статистика (іске қосылған сәттен бастап қатысушылардың жалпы саны, аяқталған жобалардың саны, игерілген қаражаттардың ақшалай көлемі, жиынтық экономикалық тиімділік, аймақтар мен компаниялардың көлемі бойынша қатысушылардың статистикасы (шағын/орта/ірі бизнес)).

2012 жылдың І жартыжылдығы бойынша мониторинг субъектілерінің жергілікті мазмұны туралы ақпарат.

ҚР Үкіметінің 2009 жылдың 20 наурызында бекітілген №366 қаулы бойынша, мемлекеттік сатылымдар объектілері тура не жанама түрде Ұлттық Басқарушы холдингке қарасты ұлттық холдингтер мен ұлттық компаниялар есебі бойынша мемлекеттік тауар сатылымы, жұмыс және қызмет көрсету 5101,2 млр теңгені құраған. Соның ішінде отандық жеткізушілер – 2744,7 млр теңге болса, тауарды, жұмысты және қызметті жергілікті қамту үшін үлесі 53,8%.

Соның ішінде:

· Сатып алынған тауар құны 2036,3 млр теңгені құраса, соның 668,3 млрд.теңгесі Қазақстандық тауарларды сатып алуға жұмсалған, Қазақстандық тауарлардың үлесі 32,8%;

· Сатып алынған жұмыс 1238,1 млрд.теңге, соның ішінде қазақстандық жеткізушілерден 705,7 млрд. теңгеге сатып алынған, қазақстандық жұмыстың үлесі – 57,0%;

· 1826,7 млрд.теңгеге қызмет көрсетілсе, қазақстан жеткізушілері 1370,7 млрд.теңгеге қызмет көрсеткен, қазақстандық қызмет үлесі 75 %.

2012 жылдық І жартыжылдығындағы тауар, жұмыс, қызмет сатылымының жалпы көлемі үлесі


Назад

ҚР ҰБ валюта бағамы
  • USD АҚШ доллары 330.29
  • EUR Евро 387.27
  • CNY Қытай юані 49.8
  • RUB Ресей рублі 5.56
  • GBP Ағыл. фунты 437.27
Хабарландыру тақтасы