Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:
Қашықтықтан оқыту системасы

Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС-ң жобаларды инвестициялау бағдарламасы


1. Бағдарлама мәнін баяндау (атауы, іске асырушылар, жобаға қатысушылар қандай жетістікке қол жеткізеді)

Сіздің инвестициялық жобаңыз бәсекеге қабілетті тауарлар өндіруге бағытталса немесе шикізатты қайта өңдеумен байланысты болса, мемлекет қолдау көрсетуге дайын. Сіздің тауарларыңыздың және қызметтеріңіздің көлемдерін ұлғайтуға немесе сапасын жақсартуға инвестиция алу мүмкіндігіңіз бар. Инвестор жоба капиталына қатысып, кейіннен компаниядан шығады. Инвестициялар мерзімі 5 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімді құрайды.

Қызмет операторы:

«Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС.

2. Бағдарламаға кім қатыса алады/кім қатыса алмайды

2.1. Бағдарламаға кім қатыса алады:

Бағдарламаға отандық және шетелдік компаниялар қатыса алады.

2.1.1. Бірлесіп іске асырылатын басым жобалар:

· еліміздің экономикасын индустрияландыруға және әртараптандыруға, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының сатып алуларының қазақстандық мазмұнын ұлғайтуға бағытталған;

· «нөлден» құрылған шағын және орта бизнес жобалары;

· ірі индустриялық және инфрақұрылымдық жобалар;

· жұмыс істеп тұрған қорлармен кооперациядағы және инвестициялық жоба қатысушыларының тәуекелін бөлуге арналған даму институттарының белсенділігін ынталандыратын жобалар;

· бәсекелестікке қабілетті өнімдер мен қызметтерді шығаратын жұмыс істеп тұрған немесе жаңадан құрылған компаниялар. Бұл кәсіпорындардың кейіннен қор компаниялары тобымен өзара тиімді шарттар бойынша ынтымақтастығы;

· шикізатты тереңдете қайта өңдеу, жаңа технологиялар мен құрал-жабдықтарды қолдану, сондай-ақ өнімдер мен қызметтер көлемін ұлғайту және сапасын арттырумен байланысты жеке сектор бастамаларына қолдау көрсету;

2.2. Бағдарламаға кім қатыса алмайды:

· қару-жарақ, алкоголь, темекі өнімдерін шығарумен;

· ойын бизнесін ұйымдастырумен;

· оқу, медициналық, қоғамдық-ойын-сауық кешендерінің және тұрғын үй қорының, АӨК және ауыл шаруашылық кәсіпорындарының құрылысымен байланысты жобалармен айналысатын кәсіпорындарға қолдау көрсетілмейді.

3. Бағдарламаға қатысу жолдары – толтыру үлгілері, байланыс ақпараты, қажетті құжаттардың тізілімі бар сатылы нұсқаулық.

· Сізге бағдарламаға қатысу өтінімін толтырып, «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС жолдау қажет: Қаржыландыруды алуға өтінім нысаны.

· Сіз өтінімді жіберіп, толық ақпаратты төмендегі мекен-жайдан алуыңызға болады: Астана, Қонаев көшесі 8, «Изумрудный квартал» ғимараты, Б блогы, 35қабат; Тел: 8(7172) 559740: Факс: 8 (7172) 559741; mail: info@skinvest.kz: http//www.skinvest.kz/.

4. Бағдарламаға қатысуды мерзімінен бұрын тоқтату шарттары. Бағдарламаға қатысушылардың жауапкершіліктері.

5. Бағдарламаға қатысушылардың алдында ашылатын жаңа мүмкіндіктер.

· «Самұрық-Қазына» АҚ-ның еншілес ұйымдарынан ұзақ мерзімді келісімшарттар алу мүмкіндігі;

· қолдау және дамытудың мемлекеттік бағдарламаларына енгізілу;

· даму институтары тарапынан арзан қаржыландыруға қолжетімділік;

· шетелдік стратегиялық және институционалдық инвесторларға кепілдеме беру;

· акционерлер құрылымында СҚИ бар болу есебінен беделді арттыру.

6. Жиі қойылатын сұрақтар (ҒAQ-парақ)

Сұрақ: «СҚИ қандай міндеттер мен жұмыстарды орындайды?»

Жауап:

СҚИ міндеттері келесілерді қамтиды:

· Инвестициялық ұсыныстардың қаржылық-экономикалық талдамасы және «Самұрық-Қазына» қоры мен оған кіретін компаниялардың қарауына шығаруға дайындық;

· инвестициялық ұсыныстарды, идеялар мен шешімдерді іздестіру және әзірлеу; жобаның қаржылық және ұйымдастырушылық мүмкіндіктерін сараптау және талдау, оларды жүзеге асырудағы Қордың қатысу нысанын және көлемін анықтау;

· «Самұрық-Қазына» АҚ инвестициялық жобаларының қатысушыларын және басқа да мүдделі заңды тұлғаларды анықтау; активтерді сатып алу немесе сату бойынша инвестициялық ұсыныстардың сараптамасы және талдауы;

· «Самұрық-Қазына» АҚ және Еншілес Тәуелді Ұйымдардың (ЕТҰ) барлық инвестициялық жобаларын қаржыландыруы және қоса қаржыландыруы;

· «Самұрық-Қазына» АҚ және ЕТҰ активтерінің құрылымын оңтайландыру бойынша ұсыныстарды әзірлеу, талдау және сараптау;

· капитал құрылымын оңтайландыру және компания құнын ұлғайту.

СҚИ жобаларды талдау аясында келесілерді өткізеді:

· инвестициялық жобалардың Қормен және оның еншілес және тәуелді компанияларымен іске асырылуының экономикалық қажеттілігін қарастыру;

· жобаларды іске асыруға қорландыруды тартудың оңтайлы шешімдерін іздестіру бөлігінде ұсыныстар дайындау;

· жобаларды жүзеге асыру мониторингі;

· өз салаларында технологиялық және инновациялық шешімдерге ие болатын халықаралық масштабтағы стратегиялық серіктестерді тарту;

· халықаралық серіктестермен ынтымақтастық.

Стратегиялық инвесторлармен одақтарда СҚИ өз құзыреті шегіндегі салаларда бастамашылықты өзіне алатын серік ретінде қатысады:

· «Самырұқ-Қазына» компаниялары тобымен серіктестік қарым-қатынас орнату;

· тәуекелдерді, корпоративтік қаржыны басқару, стратегиялық басқару мәмілелерін өткізу;

Әдетте стратегиялық инвестор операциялық, салалық және технологиялық салаларда жетекші рөл атқарады.

2012 жылдан бастап компания жеке және шетелдік инвесторлармен бірлесіп жобаларды тікелей инвестициялауды жүргізеді.

7. Бағдарлама бойынша статистика (Іске қосылғаннан бері қатысушылардың жалпы саны, аяқталған жобалардың саны, игерілген қаражаттардың ақшалай көлемі, жиынтық экономикалық тиімділік, компания көлемі (шағын/орта/ірі бизнес) және аймақтар бойынша қатысушылар статистикасы.

2011 жылы Компаниямен Қордың және оның ЕТҰ жалпы сомасы $ 8 млрд құрайтын 19 инвестициялық жобалары қарастырылды. СҚИ ұсыныстарының нәтижесі бойынша Қордың Инвестициялық-инновациялық Комитетімен 10 жоба мақұлданды.


Назад

ҚР ҰБ валюта бағамы
  • USD АҚШ доллары 326.88
  • EUR Евро 364.9
  • CNY Қытай юані 47.85
  • RUB Ресей рублі 5.47
  • GBP Ағыл. фунты 413.96
Хабарландыру тақтасы