Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:

Ірі инфрақұрылымдық жобаларды инвестициялауға дейінгі тікелей, соның ішінде, шағын және орта бизнесті инвестициялау


1. Бағдарлама мәнін баяндау (атауы, іске асырушылар, жобаға қатысушылар қандай жетістікке қол жеткізеді).

Бұл бағдарлама Сізге Қазына Капитал Менеджмент (ҚКМ) және халықаралық инвесторлар құрған Тікелей инвестициялар қорлары (ТИҚ) қаражаттарын тартуға көмектеседі.

ТИҚ әр түрлі инвестициялар ұсынады:

· қарыздық инвестициялар;

· акционерлік капиталға инвестициялар;

· мезониндік қаржыландыру – қаржыландырудың бұл түрі ҚР аз танымал және борыштық қаржыландыру түріне жатады. Мезониндік борыштар инвесторларға оларды акционерлік капиталға айналдыруға мүмкіндік беретінін айту қажет.

Жобаға 40-тан астам тікелей инвестициялар қорлары қатысады. ҚКМ бағалауы бойынша,олардың ішінде біздің нарықта мыналар белсенді жұмыс істейді:

· ADM Capital CEECAT Recovery Fund;

· Aureos Central Asia Fund;

· Baring Vostok Private Equity III;

· CITIC Kazyna Investment Fund I;

· CVCI Growth Fund I;

· East Capital Financials Fund;

· Fаlah Growth Fund;

· Great Circle Fund;

· Kazakh Compass Fund;

· Kazakhstan Growth Fund;

· Macquarie Renaissance Infrastructure Fund;

· Sigma Bleyzer V;

· Tau Capital.

2. Бағдарламаға кім қатыса алады/кім қатыса алмайды

2.1. Бағдарламаға кім қатыса алады:

Сіз бағдарламаға келесі жағдайдларда қатыса аласыз:

· Сіздің компанияңызда кәсіби білікті менеджерлер жұмыс істесе;

· Сізде айрықша бәсекелестік артықшылықтарыңыз болса, компанияның елеулі әлеуетті дамуы, акционерлік капиталдың қорғалуын қамтамасыз ететін меншік құрылымы болса;

· Сіз енгізілген капиталға қатысты жоғары табыс алу әлеуетіне ие болсаңыз және Сізде бизнестің тиімді тұжырымы бар болса.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!! Сіздің компанияңызда қаржылық ашықтық, корпоративтік басқарудың биік деңгейінің қағидалары сақталуы тиіс және компанияның жылдам өсуге ынталылығы болуы тиіс.

2.2. Бағдарламаға кім қатыса алмайды:

Егер сіздің компанияңыз қаруды, нашақорлық заттарды өндірумен және сатумен, ойын бизнесімен шұғылданса және Сіз девелопмент және real-estate саласында жұмыс істесеңіз, бағдарламаға қатысуға жол берілмейді.

3. Бағдарламаға қатысу жолдары – толтыру үлгілері, байланыс ақпараты, қажетті құжаттардың тізілімі бар сатылы нұсқаулық.

Кәсіпкер ТИҚ-на бірінші рет жүгінген кезде:

· Қорға өзінің басқарушылық есебін және акционерлер туралы ақпаратты уақытылы ұсынуы;

· Мына мәселелер көзделген teaser (қысқаша анықтама) әзірлеуі тиіс:

- бизнес туралы жалпы ақпарат;

- акционерлік капитал құрылымы;

- өнімнің және қызметтің сипаттамасы;

- бәсекелестер мен нарықтың қысқаша талдауы;

- қаржылық болжам;

- инвестициялардың қажетті көлемі.

ТИҚ мекенжайларын және байланыстарын сілтеме бойынша қараңыз.

4. Бағдарламаға қатысуды мерзімінен бұрын тоқтату шарттары. Бағдарламаға қатысушылардың жауапкершіліктері.

Портфельді компаниядан шығудың әр түрлі әдістері бар:

· Стратегиялық инвесторға үлесін сату

Ірі және кішігірім компаниялар бірін-бірі жиі толықтырады және олардың одақтастығы стратегиялық артықшылықты қамтамыз етуге мүмкіндік береді.

· Алғашқы акционермен немесе менеджментпен үлесті сатып алу

Егер компания үздіксіз ақша ағымдарына кепілдік бере алса және жеткілікті кредиттерді жұмылдыра алса, бұл инвестициялық және басқару командасы үшін өте тартымды жол;

· IPO (Қор биржасында алғашқы орналастыру)

Ең алдымен, компания корпаративтік мәдениеттегі елеулі өзгерістерге және және басқару стиліне дайын болуын ұғыну маңызды. Қор нарығында орналасу, нарықта ұзақ мерзімді перспективалары бар қарқынды дамудағы компанияларға лайық.

IPO кезінде бірқатар жағымды тиімділіктер бар:

· сатып алу мен өсу үшін қажыландыруға қолжетімділік;

· беделдің артуы;

· қаржылық инвесторларға шығу мүмкіндігі.

5. Бағдарламаға қатысушылардың алдында ашылатын жаңа мүмкіндіктер.

6. Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ - парақ)

7. Бағдарлама бойынша статистика (Іске қосылғаннан бері қатысушылардың жалпы саны, аяқталған жобалардың саны, игерілген қаражаттардың ақшалай көлемі, жиынтық экономикалық тиімділік, компания көлемі (шағын/орта/ірі бизнес) және аймақтар бойынша қатысушылар статистикасы.


Назад

ҚР ҰБ валюта бағамы
  • USD АҚШ доллары 339.68
  • EUR Евро 401.13
  • CNY Қытай юані 51.26
  • RUB Ресей рублі 5.9
  • GBP Ағыл. фунты 457.14
Хабарландыру тақтасы