Колл-центр:1408 (Тегін қоңырау шалу)

Микрокредиттік ұйымдарға (МКҰ) кейінгі несие беру үшін екінші деңгейдегі банктерге (ЕДБ) қаражаттарды шартты орналастыру бағдарламасы


1. Бағдарламаның мәнін баяндау (атауы, кім іске асырады, бағдарламаға қатысушылар неге ие болады).

Бағдарламаның көмегіменекінші деңгейдегі банктер (ЕДБ) арқылы ҚР заңнамасына сәйкес тіркелген және қызметін жүзеге асыратын микрокредиттік ұйымдар (МКҰ) қаржыландырылады.

Бағдарламаны іске асырушылар:

· «Даму» Қоры;

Екінші деңгейдегі банктер:

· «АТФ Банк» АҚ;

· «Цесна Банк» АҚ;

· «Е у рази ялық Банк» АҚ.

Несие келесі шарттар негізінде беріледі:

· қаражаттарды нысаналы пайдалану – микрокредиттерді ұсыну үшін МКҰ айналым қаражаттарын толтыру;

· жылдық тиімді мөлшерлеме – жылдық 14% аспайды;

· қарыз бойынша несие беру мерзімі – 60 айға дейін;

· қарыз валюта сы – те ң ге;

· қаржыландыру лимит і - 750 млн. те ң ге ге дейін, сонымен бірге сұралған несие сомасы ағымдағы күндегі белсенді несиелік портфелі көлемінен аспауы тиіс. МКҰ белсенді қарыз портфелі 120 000 АЕК кем болмаған жағдайда, сұрау салынған қарыз сомасы ағымдағы күндегі белсенді несиелік портфелінің көлеміне қатысты 3:1 ара-қатынасынан аспауы тиіс;

· айналым қаражаттарын толтыру үшін берілген қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу үшін жеңілдікті кезең – 12 айға дейін;

· МК Ұ әртүрлі банктерден, қаржылық ұйымдардан бір мезгілде бағдарлама қаражаты есебінен қарыздар ала алмайды;

· басқа талаптар банком- серіктеспен белгіленеді.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ !!! Осы бағдарламада кәсіпкерлердің қызмет салалары бойынша қандай-да болмасын шектеулер жоқ (Қазақстан Республикасы заңнамасымен тиым салынған қызметтен басқа).

2. Бағдарламаға кім қатыса алады/кім қатыса алмайды.

2.1. Бағдарламаға кім қатыса алады:

· белсенді қызмет мерзімі кемінде 1 жыл болуы тиіс микрокредиттік ұйымдар;

· қарыз портфелінде бір қарыз алушыға келетін тәуекел коэффициенті 0,25 аспайтын микрокредиттік ұйымдар.

2.2. Сіз бағдарламаға келесі жағдайда қатыса алмайсыз:

· егер де қарыз алудың мақсаты МКҰ ішкі және сыртқы қарыздарды қайта қаржыландыру болып табылған жағдайда;

· банк-серіктеспен өзара байланысты МК Ұ үшін.

3. Бағдарламаға қатысу жолдары – толтыру үлгілері, байланыс ақпараты, қажетті құжаттардың тізілімі бар сатылы нұсқаулық.

4. Бағдарламаға қатысуды мерзімнен бұрын тоқтату шарттары. Бағдарламаға қатысушылардың жауапкершілігі.

5. Бағдарламаға қатысушылардың алдында ашылатын жаңа мүмкіндіктер.

6. Жиі қойылатын сұрақтар ( FAQ - парағы )

7. Бағдарлама бойынша статистика (іске қосылған сәттен бастап қатысушылардың жалпы саны, аяқталған жобалардың саны, игерілген қаражаттардың ақшалай көлемі, жиынтық экономикалық тиімділік, аймақтар мен компаниялардың көлемі бойынша қатысушылардың статистикасы (шағын/орта/ірі бизнес).

Бағдарлама қаражаттарының жалпы сомасы 1 800 млн. те ң ге ні құрайды.


Назад