Табыстылар тағылымы


Өмірге құштарлық жеңіске жетелейді

Өткен жылы шаһарда ерекше медициналық массаж орталығы ашылған болатын. Орталықтың ерекшелігі сол, массаж кабинетінің директоры елімізден шыққан алғашқы арнайы кәсіби білімді маман Ербол Сейітқұлов та, орталықта кызмет ететін басқалар да мүмкіндігі шектеулі жаңдар. Ербол Нұраханұлы қызылша ауруының салдарынан 4 жасыңда көруден қалады және есту қабілеті төмендейді. Тағдырдың салғанына көнген ол 8-сыныпта адамдарды уқалап-сылаушы боламын деп шешеді. Осы ойына жету үшін білім алады. Бірақ, оқуын бітірген жас мамаңды көп жерлер мүмкіндігі шектеулі болғандықтан жұмысқа ала қоймапты. Мұны байқаған Ербол зағип болса да мүмкіндігі мол екенін көрсеткісі, дәлелдегісі келді. Тынымсыз енбектің нәтижесінде 2009 жылы республикалық медицина колледжіңде зағиптарға арналған «медициналық массаж» бөлімін ашады. Сөйтіп, Ербол мүмкіндігі шектеулі азаматтардың медициналық білім алып, жұмысқа орналасуына ез үлесін қосады. Ақыры, 20 жылдық тәжірибесі бар Ерболдың ойлағаны орындалып, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның «Даму-Көмек» бағдарламасы аясында Алмалы ауданыңда жеке медициналық массаж орталығын ашады. Орталықта казіргі таңда 13 адам кызмет етеді, оның үшеуі мүмкіндігі шектеулі азаматтар. Бұл ретте Ербол Сейітқұловтың өзі күніне оннан астам науқас қабылдайды. Оның шипалы алақанының көмегімен талай жан ауруынан айығып кетеді. Сөйтіп, орталыққа келушілер қатарының өсуіне орай оның Бостандық ауданыңда тағы бір филиалының тұсауы кесілді. Қала тұрғындарына кәсіби емдік-профилактикалық көмек көрсетуді басты мақсат тұтқан медициналық орталықтың кызметкерлері массаж — денсаулықты нығайту мен сақтаудың әдісі дейді. Қазір медициналық орталық жанына дауа іздеген адамдарды емдеумен катар, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға шағын несие де беріп келеді. Соған орай орталық директорын «Несие беруші дәрігер» деп те атап кеткен. Туғанынан еңбекті сүйген, айналасындағыларға көмек қолын созуға әдеттенген шипагер Ербол «Адамдар біз секілді зағиптардың қолынан көп нәрсе келе бермейді деп ойлайды. Мүмкіндігі шектеулі адамдардың да көбі ерік-жігері мықты, талпынысы жоғары болып алдына үлкен мақсат қоя біледі. Менің де ұстанымым солай. Мақсат болса, жұмыс та болады. Маңыздысы — жеңіс емес, адамдарға көмек беру» дейді. Көзі көрмесе де, құлағы ауыр естісе де Ербол Нұраханұлы өмірде көп адамдарға қарағанда талай жетістікке қол жеткізе білді, басына түскен қайғыға мойымай, білім алады. Бүгінде он екі мүшесі сау адамдардан қалыспай, кәсібін дөңгелетіп отыр. Отбасын құрып, үш баланың әкесі болды.


«Жұлдыздарға қара» талай мүмкіндігі шектеулі жандарға үміт сыйлады.
«Әрекет болмай — берекет жоқ». Аталы сөздің мәні терең. Тек талпыныс толағай табысқа жетелейді. Қол қусырмай, қам-қаретке кіріскендер бүгінде өз шаруаларын дөңгелетуде.
Біреуге алақан жаймай, мықтылығыңды өзіңе дәлелдеу қажет. Тек талпыныс пен тынымсыз еңбек жаныңа қуаныш ұялатады.
Денсаулығыңда кінәрат болса, салыңды суға салма. Ақсәулет Куватова жігерімен және еңбексүйгіштігімен талайдың алдын орайды. Қол қусырмайтын оңтүстікқазақстандық нәзік жан өзінің ептілігін түрлі салада сынайды. Той салоны, шаштараз, саңырауқұлақ өсіру – оның бір парасы. 2016 жылы Шымкент қаласының 66 жастағы тұрғыны «Даму» қорының «Даму-Көмек» бағдарламасына жүгінді. І топтағы мүмкіндігі шектеулі жанға жомарт кәсіпкер қолғабыс етті. Сыйға берілген тігін машинасы кәсіптің көзін ашты. Оның қолынан шыққан төсек жабдықтары мен жаңа туған балаға арналған киімдер сұранысқа ие. Жаялықтарға, жөргектерге, жейделерге, бас киімдерге тапсырыс берушілердің қарасы қалың.
«Даму-Көмек» - мүмкіндігі шектеулі жандар үшін теңдессіз бағдарлама. Игі бастама тағдырдың тауқыметін тартқан адамдардың үмітін оятты. Демеудің арқасында олар кәсіпкерлікте бақтарын сынап, жандарына жақын сүйікті істерімен айналысуына жол ашылды. Бұл өз кезегінде талай жаңа жұмыс орындарының ашылуына түрткі болғаны хақ.
«Даму-көмек» бағдарламасы тағдырдың тауқыметін тартқан жандарға үміт отын сыйлайды. 2011 жылы қолға алынған ізгі бастаманың арқасында талай қазақстандық қолдаудың шапағатына бөленді. Олар сүйікті істерімен айналысып, тұрақты табыс көзіне кенелуде. Жомарт жандардың жанашырлығы арқасында бірі шаруасын дөңгелетсе, екіншілері кәсібін кеңейтті. Бағдарламаның шарапатын сезінген еліміздің барлық өңірлеріндегі мүмкіндігі шектеулі жандар сезінді.
Жол-көлік апатынан есту қабілетінен айрылған Мөлдір Мұханбетова тағдырдың жазуына налымайды. Жігерін жасытпаған жан қол қусырудан гөрі кәсіпкерлікте бағын сынауға кірісті. Атырау облысы Исатай ауданының тұрғыны ауылдастарына құжаттардың көшірмесін жасау қызметін ұсынуды ұйғарды. Оның көкейіндегі арманына «Жұлдыздарға қара» қайырымдылық жобасы жан бітірді. «Даму» Қорының атсалысуымен қолға алынған игі бастама мүмкіндігі шектеулі жандарға сүйікті іспен айналысып, жеке кәсіп ашуға мүмкіндік береді.
«Шебердің қолы алтын» демекші, Юлия Плискина бүгінде жерлестерінің алғысына бөленуде. 27 жастағы нәзік жан тоқыма өнерінің қыр-сырын жете меңгерген. Кестелеп тігілген, оюлап тоқылған күртелер, кеудешелер, шұлықтар, бас киімдер – Юлияның қолынан шыққан бұйымдардың бір парасы. Бояуы қанық киім-кешектер балалармен қатар ересектер үшін де тоқылады. Түрлі-түсті жіптерден тоқылған бұйымдар Зырян қаласы тұрғындарының көңілінен шығуда.
«Жан қиналмай жұмыс бітпес, талап қылмай мұратка жетпес». Аталы сөздің өміршеңдігіне Радмила Боранбаева көз жеткізген. Алматы облысының тұрғыны өзінің асқақ арманына берік. Қолөнермен айналысуды діттеген нәзік жан «Жұлдыздарға қара» жобалар байқауында бағын сынауды ұйғарған. «Даму» қорының атсалысуымен ұйымдастырылған бәйгеде Талдықорғандық арудың бағы жанды. Радмила 300 мың теңге көлеміндегі қайтарымсыз гранттың иегері атанды.

1 2 3 4 5 ... 8 >

ҚР ҰБ валюта бағамы
  • USD АҚШ доллары 374.2
  • EUR Евро 420.34
  • CNY Қытай юані 53.78
  • RUB Ресей рублі 5.52
  • GBP Ағыл. фунты 482.27
Хабарландыру тақтасы