Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:

«Іскерлік байланыстар» жобасы


Сұрақтарыңыз бар ма?
Көмек көрсетуге ризамыз:
8 (727) 244-55-66
E-mail: info@fund.kz

1. Жобаның мәнін баяндау (атауы, іске асырушылар, жобаға қатысушылар қандай жетістікке қол жеткізеді)

«Іскерлік байланыстар» жобасына қатысу жаңа бизнес-байланыстарды орнатуға, іскерлік серіктерді, соның ішінде шетелдік серіктерді табуға, шетелдік компанияларда тағылымдамадан өтуге көмектеседі. Сонымен қатар, Сіз жаңа тәжірибе алу және алдыңғы қатардағы технологиялармен танысу мүмкіндігне ие боласыз.

Жобаның аясындағы оқу екі кезеңнен тұрады:

I. Отандық және шетелдік мамандардың басшылығымен тегін үш апталық бизнес-тренингтер. Оқудың бірінші екі аптасы – күндізгі оқу. Тренингтер Астана және Алматы қалаларында өткізіледі. Оқудың үшінші аптасы – сырттай оқу (соның ішінде онлайн-семинарлар мен кеңес берулер).

II. Германияда ұзақтығы 4 апталық және АҚШ 3 апталық тағылымдамадан өту.

Жобаны келесілер іске асырады :

· Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі

· «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ

· «Назарбаев Университет» ААҚ

· Қазақстандық оқу мекемесі

· Халықаралық және шетелдік ұйымдар ( USAID және GIZ )

2. Жобаға кім қатыса алады/кім қатыса алмайды:

Сіз келесі жағдайларда «Іскерлік байланыстар» жобасына қатыса аласыз :

· Сіздің кәсіпорныңыз кәсіпкерліктің шағын немесе орта субъектісі болып табылған жағдайларда ;

· Сіздің кәсіпорныңыз экономиканың басым секторларының бірінде жұмыс істеген жағдайларда ( қараңыз : http://www.damu.kz/9633 )

· Сіздің лауазымыңыз – басшы орынбасарынан төмен болмаған жағдайларда.

Шетел компанияларында тағылымдамадан өтуге үміткерлерге қойылатын талаптар :

· тағылымдама мақсаттарын нақты құрастыру ;

· әлеуетті серіктер мен жеткізушілер туралы ақпаратқа ие болу ( АҚШ және Германи яда );

· өкілдік ететін компанияның атынан келісім-сөздерді жүргізуге және шарттарға қол қоюға өкілеттілікке ие болу ;

· «Назарбаев Университет» ААҚ Бизнестің жоғарғы мектебі негізінде «Шағын және орта бизнестің топ-менеджментін оқу» Жобасын және Жобаның бірінші кезеңін аяқтау туралы сертификатқа ие болу .

3. Жобаға қатысу жолдары – толтыру үлгілері, байланыс ақпараты, қажетті құжаттардың тізілімі бар сатылы нұсқаулық.

« Іскерлік байланыстар» жобасы бойынша оқу кестесін мұнда көруге болады: http://www.damu.kz/content/files/GrafikObucheniyaPoProektudelovyeSvyazi2013.docx

« Іскерлік байланыстар» жобасы бойынша оқу жоспарын мұнда көруге болады : http://www.damu.kz/content/files/UchebniyPlanPoProektudelovyeSvyaziV2013g.docx

1 кезең

· Компанияның топ-менеджері (немесе кәсіпкер) «Іскерлік байланыстар» бағдарламасына қатысу үшін «Даму» қорына (электрондық адрес пен и өтінім беру телефондары мына жерде: http://www.damu.kz/7415 )

өтінім береді (өтінімнің үлгісін мұнда алуға болады: http://www.damu.kz/content/files/ZayavkaNaUchastieVProekteDelovyeSvyazi2013g.docx )

· Алматы және Астана қалаларында 2 апталық оқудан және 1 апталық сырттай оқудан өтеді .

· С ертификат алады .

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ ! 1-кезеңдегі оқу тегін. Тренингтердің қатысушылары тек тренинг өтетін жерге дейін жұмсалатын көлік шығындарын, сондай-ақ тұру үшін жұмсалатын шығындарын төлейді.

2 кезең

· Компанияның топ-менеджері (немесе кәсіпкер) «Іскерлік байланыстар» бағдарламасы бойынша АҚШ және Германияда тағылымдамадан өту үшін өтінім береді:

· Конкурстық тапсырма мен қажетті жобалық құжаттама туралы ақпаратты алады.

· Бірлескен комиссия (қазақстандық-американдық және қазақстандық-германдық) тағылымдамалар үміткерлерінің іріктеуін және Жобаға қатысудың мақсаттары туралы сұхбат жүргізеді. Жоба тапсырмасына баға береді және конкурстық құжаттаманың талдауын жүргізеді.

· Шетелде мамандандырылған кәсіпорында тағылымдамадан өтеді: Германияда ұзақтығы 4 апталық және АҚШ-да 3 апталық.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Жобаның қатысушылары үшін шетелдегі тағылымдама ТЕГІН.

Қазақстаннан тағылымдама өтетін елге және кері ұшу үшін, сонымен қатар, тұру үшін шығындарды қатысушы төлемейді (Қазақстаннан ұшу жеріне дейін қатысушы өз қаражаты есебінен жетеді).

4. Жобаға қатысуды мерзімнен бұрын тоқтату шарттары. Бағдарламаға қатысушылардың жауапкершілігі.

Бағдарламаға қатысушының оқуға келмеуі.

5. Жобаға қатысушылардың алдында ашылатын жаңа мүмкіндіктер.

Жаңа білімді, жұмыс әдістерін меңгеру . Жаңа технологи яларға қол жеткізу – өндіріс саласында және б изнес- үдерістерінде . Серіктерді, сондай-ақ шет елдерде серіктерді табу.

6. Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ- парақ ).

Сұрақ 1: Қатысушы тағылымдама өтетін елге және кері ұшу үшін қаржылық шығындарды төлейді ме ?

Жауап 1: Қазақстаннан тағылымдама өтетін елге және кері ұшу үшін, сонымен қатар, тұру үшін шығындарды қатысушы төлемейді. Қазақстаннан ұшу жеріне дейін қатысушы өз қаражаты есебінен жетеді .

7. Жоба бойынша с татистика ( іске қосылған сәттен бастап қатысушылардың жалпы саны , аяқталған жобалардың саны, игерілген қаражаттардың қаржылық көлемі, жиынтық экономикалық тиімділік, аймақтар мен компаниялардың көлемі бойынша қатысушылардың статистика сы ( шағын/орта/ірі бизнес).

Жыл

Жұмыс бағыты

Қатысушылар саны

2012

Іскерлік байланыстар, бірінші кезең

621


Шетелдегі тағылымдама

101

2011

Іскерлік байланыстар

501


Шетелдегі тағылымдама

58


«БЖК-2020» бағдарламасы
Бағдарлама бағыттары
Табыстылар тағылымы
% мөлшерлемелерді субсидиялау
Несиелерді кепілдендіру
Гранттық қаржыландыру
Бизнес-оқыту
Кәсіпкерлер үшін сервистік қолдау
«Іскерлік байланыстар» жобасы
«Топ – менеджментті оқыту» жобасы
«Аға сеньорлар» жобасы
«БЖК-2020» бағдарламасына қатысушы серіктес банктер
Құжаттардың нысандары мен үлгілері
«БЖК-2020» бағдарламасы аясындағы нормативтік-құқықтық актілер
Бағдарламаны орындау барысы туралы есеп

ҚР ҰБ валюта бағамы
  • USD АҚШ доллары 315.15
  • EUR Евро 340.05
  • CNY Қытай юані 45.74
  • RUB Ресей рублі 5.53
  • GBP Ағыл. фунты 391.73
Хабарландыру тақтасы