Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:

Несиелерді кепілдендіру


1. Бағдарламаның мәнін баяндау (атауы, іске асырушылар, жобаға қатысушылар қандай жетістікке қол жеткізеді)

Несиелерге кепілдік беру бағдарламасы кәсіпкерлер үшін, тіпті олардың кепілдік мүлігі жеткіліксіз болған жағдайларда да, банктен қаржыландыруды алуға мүмкіндік береді. «Даму» Қоры Сіз үшін несие сомасының 70% дейін қайтаруға кепілдік береді. Кепілдік беру жаңа жобаларды іске асыру үшін және қолданыстағы жобалардың өндірісін жетілдіру және өндірісті кеңейту үшін, банктер несие беру кезінде ұсынылады. Бағдарлама қызметін жаңадан бастаған және әрекет етуші кәсіпкерлер, шағын және орта бизнес субъектілері үшін арналған. Бағдарламаны «Даму» Қоры және банктер жүзеге асырады. «Даму» Қоры бағдарламаның операторы болып табылады, банктер несие беруді жүзеге асырады.
Кепілдіктер тиімді жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру үшін, сонымен қатар модернизациялау мен өндірісті кеңейтуге бағыттауға берілген жаңа несие бойынша ғана тағайындалады. Олардың қатарына жататын жобалар:  табыстың өсуін қарастыратын,  орта жылдық жұмыс орнының ұлғаюы, яғни зейнетақылық жарна міндетінде, әлеуметтік аударымда және 2 қаржылық жылдан кейін бюджетке 10 % салық төленгенде.

Кепілдендіруге айналым қаржысын толықтыруға немесе ағымдағы міндетін қайта қаржыландыру үшін  БЖЗҚ есебінен берілген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің несиелері жатады

КЕПІЛДІК АЛУДЫҢ ЖАЛПЫ ШАРТТАРЫ

БИЗНЕС АЯЛАРЫ

«БЖК-2020» Бірыңғай бағдарламасының басым салалары немесе МИИДБ аясындағы өңдеу өнеркәсібінің басым салалары

Ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлер үшін салалық шектеусіз.

Ауылдық елді мекендер, моно және шағын қалалардағы кәсіпкерлер үшін салалық шектеусіз.

ҚАРЫЗ АЛУШЫҒА ҚОЙЫЛАТЫН ҚАРЖЫЛЫҚ ТАЛАПТАР

Өзге несиелер мен лизингтік мәмілелер бойынша ағымдағы қарыздарының жоқтығы.

Салық, зейнетақы жарнасы және бюджетке әлеуметтік аударымдар (10 АЕК көп емес берешекке рұқсат етіледі) бойынша қарызының жоқ болуы.

Алған кепілдік түрлерінің шарттарына сәйкес кәсіпкердің жобаға өзіндік қатысуы (төменге қараңыз).

ҚОР КОМИССИЯСЫ

Кепілдік мерзіміне байланысты

2 жылға дейінгіні қоса санағанда —

Кепілдік сомасынан 0,05%.2 жылдан асса —

Кепілдік сомасынан 0,1%.

КЕПІЛДІК БЕРУ МЕХАНИЗМІ

1 Кәсіпкер бизнес-несие алу үшін өтініммен банкке жүгінеді

 2 Жоба мақұлданған бойда банк, Кәсіпкердің құжаттарын «Даму» Қорына жібереді

 3 «Даму» Қоры кепілдік бойынша шешім қабылдайды

 4 Кәсіпкер, банк және «Даму» Қоры кепілдік Шартына қол қояды

 5 Кәсіпкер банктен қаржы алады

ІСІН ЖАҢА БАСТАҒАН ЖАС КӘСІПКЕРЛЕР ҮШІН ЖЕДЕЛ-КЕПІЛДІКТЕР

Ісін жаңа бастаған жас кәсіпкер* – мемлекеттік тіркеу мерзімі жеке кәсіпкер ретінде банкке несие алуға жүгінген сәті 3 (үш) жылға жетпейтін, 29 жасқа (қоса санағанда) дейінгі жеке кәсіпкер.

Кепілдіктің максималды өлшемі

Несие сомасынан 85% дейін

Кепілдік мерзімдері

5 жылға дейін;

3 жылға дейін –100% айналым қаражатын толықтыруға бағытталатын несие бойынша

Кепілдік құны

2 жылға дейінгі кепілдік мерзімін қоса санағанда бір жолғы кепілдік сомасынан 0,05%;

2 жылдан асатын кепілдік мерзіміне бір жолғы кепілдік сомасынан 0,1%.

Қорда жобаны қарау мерзімі

5 жұмыс күні

Несиенің нысаналы мақсаты

инвестициялауға;

негізгі құрал-жабдықты жаңалауға және/немесе жаңартуға;

айналым қаражатын толықтыруға;

жоғарыдағы пункттер бойынша құрамдастырылған кез-келген үйлесім

Несиелеу түрлері (құралдары)

банктік қарыз;

жаңартылмайтын/жаңартылатын несие желісі.

Жобаға меншікті қатысуы

Жобаны жүзеге асыруда кәсіпкердің меншікті қаражаты талап етілмейді.

Кепілдіктің максималды өлшемі

20 млн. теңгеге дейін

Несие бойынша % мөлшерлемесі

ЕДБ үшін жылдық 19% аспайды;

Даму банкі үшін 13% аспайды.

Несие валютасы

теңге

Несие мерзімі

Банктердің несиелендіру шарттарына сәйкес

Банктік комиссиялар

комиссиясыз, алымдар және өзге төлемдерсіз

ІСІН ЖАҢА БАСТАҒАН КӘСІПКЕРЛЕР ҮШІН ЖЕДЕЛ-КЕПІЛДІКТЕР

Ісін жаңа бастаған кәсіпкер* – мемлекеттік тіркеу мерзімі жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға санатында банкке несиемен жүгінген кезі 3 жылдан аспайтын кәсіпкер.

Кепілдіктің максималды өлшемі

Несие сомасынан 85% дейін

Кепілдік мерзімдері

5 жылға дейін;

3 жылға дейін –100% айналым қаражатын толықтыруға бағытталатын несие бойынша

Кепілдік құны

2 жылға дейінгі кепілдік мерзімін қоса санағанда бір жолғы кепілдік сомасынан 0,05%;

2 жылдан асатын кепілдік мерзіміне бір жолғы кепілдік сомасынан 0,1%.

Қорда жобаны қарау мерзімі

5 жұмыс күні

Несиенің нысаналы мақсаты

инвестициялауға;

негізгі құрал-жабдықты жаңалауға және/немесе жаңартуға;

айналым қаражатын толықтыруға;

жоғарыдағы пункттер бойынша құрамдастырылған кез-келген үйлесім

Несиелеу түрлері (құралдары)

банктік қарыз;

жаңартылмайтын/жаңартылатын несие желісі.

Жобаға меншікті қатысуы

Жобаны жүзеге асыруда кәсіпкердің меншікті қаражаты талап етілмейді

Кепілдіктің максималды өлшемі

20 млн. теңгеге дейін

Несие бойынша % мөлшерлемесі

ЕДБ үшін жылдық 19% аспайды;

Даму банкі үшін 13% аспайды.

Несие валютасы

теңге

Несие мерзімі

Банктердің несиелендіру шарттарына сәйкес

Банктік комиссиялар

комиссиясыз, алымдар және өзге төлемдерсіз

ЖҰМЫС ІСТЕП ТҰРҒАН КӘСІПКЕРЛЕР ҮШІН ЖЕДЕЛ-КЕПІЛДІКТЕР

Кепілдіктің максималды өлшемі

Несие сомасынан 50% дейін

Кепілдік мерзімдері

5 жылға дейін;

3 жылға дейін –100% айналым қаражатын толықтыруға бағытталатын несие бойынша

Кепілдік құны

2 жылға дейінгі кепілдік мерзімін қоса санағанда бір жолғы кепілдік сомасынан 0,05%;

2 жылдан асатын кепілдік мерзіміне бір жолғы кепілдік сомасынан 0,1%.

Қорда жобаны қарау мерзімі

5 жұмыс күні

Несиенің нысаналы мақсаты

инвестициялауға;

негізгі құрал-жабдықты жаңалауға және/немесе жаңартуға;

айналым қаражатын толықтыруға ;

жоғарыдағы пункттер бойынша құрамдастырылған кез-келген үйлесім

Несиелеу түрлері (құралдары)

банктік қарыз;

жаңартылмайтын/жаңартылатын несие желісі.

Жобаға меншікті қатысуы

Жобаны жүзеге асыруда кәсіпкердің меншікті қаражаты талап етілмейді

Кепілдіктің максималды өлшемі

180 млн. теңгеге дейін

 Несие бойынша % мөлшерлемесі

ЕДБ үшін жылдық 19% аспайды;

Даму банкі үшін 13% аспайды.

Несие валютасы

теңге

Несие мерзімі

Банктердің несиелендіру шарттарына сәйкес

Банктік комиссиялар

комиссиясыз, алымдар және өзге төлемдерсіз

АЙНАЛЫМ ҚАРАЖАТЫН ТОЛЫҚТЫРУҒА ЖЕДЕЛ-КЕПІЛДІКТЕР

Кепілдіктің максималды өлшемі

Несие сомасынан 50% дейін

Кепілдік мерзімдері

3 жылға дейін

Кепілдік құны

2 жылға дейінгі кепілдік мерзімін қоса санағанда бір жолғы кепілдік сомасынан 0,05%;

2 жылдан асатын кепілдік мерзіміне бір жолғы кепілдік сомасынан 0,1%.

Қорда жобаны қарау мерзімі

5 жұмыс күні

Несиенің нысаналы мақсаты

айналым қаражатын толықтыруға

Несиелеу түрлері (құралдары)

банктік қарыз;

жаңартылмайтын/жаңартылатын несие желісі.

Жобаға меншікті қатысуы

Жобаны жүзеге асыруда кәсіпкердің меншікті қаражаты талап етілмейді

Кепілдіктің максималды өлшемі

60 млн. теңгеге дейін

 Несие бойынша % мөлшерлемесі

ЕДБ үшін жылдық 19% аспайды;

Даму банкі үшін 13% аспайды.

Несие валютасы

теңге

Несие мерзімі

Банктердің несиелендіру шарттарына сәйкес

Банктік комиссиялар

комиссиясыз, алымдар және өзге төлемдерсіз

ЖҰМЫС ІСТЕП ТҰРҒАН КӘСІПКЕРЛЕР ҮШІН ЖЕКЕ КЕПІЛДІКТЕР

Кепілдіктің максималды өлшемі

360 млн.теңгеге дейінгі жобалар бойынша несие сомасынан 50% аспайды;

1 850 млн.теңгеден аса жобалар бойынша несие сомасынан 20% аспайды.

Кепілдік мерзімдері

360 млн.теңгеге дейінгі жобалар бойынша - 5 жылға дейін;

360 млн.теңгеден асатын жобалар бойынша - 3 жылға дейін;

100% айналым қаражатын толықтыруға бағытталатын, 60 млн.теңгеге дейін несие бойынша – 3 жылға дейін

Кепілдік құны

2 жылға дейінгі кепілдік мерзімін қоса санағанда бір жолғы кепілдік сомасынан 0,05%;

2 жылдан асатын кепілдік мерзіміне бір жолғы кепілдік сомасынан 0,1%.

Қорда жобаны қарау мерзімі

15 жұмыс күні

Несиенің нысаналы мақсаты

инвестициялауға;

негізгі құрал-жабдықты жаңалауға және/немесе жаңартуға;

айналым қаражатын толықтыруға;

Несиелеу түрлері (құралдары)

банктік қарыз;

жаңартылмайтын/жаңартылатын несие желісі.

Жобаға меншікті қатысуы

180 млн.теңгеден аса сомадағы несие(лер) бойынша кәсіпкер, жоба сомасынан 10% мөлшерде меншікті қаражатымен (ақшалай, жылжитын/жылжымайтын мүлікпен) жобаны жүзеге асыруға қатысуға тиіс

Кепілдіктің максималды өлшемі

360 млн. теңгеге дейін  экономиканың басым секторларындағы жобалар бойынша;

1 850 млн. теңгеге дейін  МИИДБ белгіленген өңдеу өнеркәсібінің басым салаларының жобалары бойынша

Несие бойынша % мөлшерлемесі

ЕДБ үшін жылдық 19% аспайды;

Даму банкі үшін 13% аспайды.

Несие валютасы

теңге

Несие мерзімі

Банктердің несиелендіру шарттарына сәйкес

Банктік комиссиялар

комиссиясыз, алымдар және өзге төлемдерсіз

 2. Бағдарламаға кім қатыса алады/кім қатыса алмайды?

2.1 Сізге келесі жағдайларда кепілдік берілу мүмкін, егер Сіз:

· экономиканың басым секторларында жұмыс істесеңіз;

· несие/кепілдік алу үшін жүгінген күндегі жағдай бойынша ағымдағы несиелер, лизинг шарттары бойынша мерзімнен өткен борыштарыңыз болмаса;

· салықтар, зейнеттік жарналар және бюджетке 10 АЕК асатын әлеуметтік аударымдар бойынша борыштарыңыз болмаса (1 АЕК = 1 731 теңге);

· Бұдан бұрын жария етілген жаңа жобаны іске асыру үшін несие алмасаңыз.

Айналым қаражатын толықтыруға берілген несиенің жартылай кепілдігі айналым қаражатын қаржыландыру мына жағдайда берілгенде іске асырылады:

 1)           негізгі қаражатты модернизациялауға немесе өндірісті кеңейтуге алынған немесе бағытталған несиелер, айналым қаражаты несие сомасының 30 % асып кетпеуі керек;

2)           БЖЗҚ қаржысы

2.2. Сізге келесі жағдайларда кепілдік берілмейді, егер Сіз:

· Алкоголь, спирт құрамдас, темекі өнімдерінің шығаруын жүзеге асырсаңыз;

· Қазақстанның даму банкін қоспағанда, Сіздің тікелей несие беруші мемлекеттік даму институттары болып табылса (мысалы, «КазАгро» Ұлттық басқарушы холдинг» АҚ және оның еншілес ұйымдары және құрылтайшысы мемлекет болып табылатын басқа да қаржылық институттар) ;

· Сіздің компанияңыз ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1771 қаулысымен белгіленген тізімге енгізілген болса ( http://online.zakon.kz/Document/?doc_id=31313739 );

· Сіз кепілдік беру бағдарламасының көмегімен бұдан бұрын алынған несиені жапқыңыз келсе;

· Сізге Ауыл шаруашылық министрлігінің бағдарламасы аясында қаржылық қолдау көрсетіліп жетса;

· Банкпен жобаның аясында несие бойынша қаржыландыру жүзеге асырылған болса.

3. Бағдарламаға қатысу жолдары – толтыру үлгілері, байланыс ақпараты, қажетті құжаттардың тізілімі бар сатылы нұсқаулық.

Несиелерге кепілдік беру бағдарламасына қатысу үшін Сіз келесі талаптарды орындауыңыз қажет:

3.1. банктердің біреуіне несие алу үшін өтінішпен жүгіну (Бағдарламаға қатысатын банктердің тізімі: http://www.damu.kz/3144 ; өтініш нысаны: http://www.damu.kz/2637 );

Банк несиені мақұлдаған соң жоба бойынша құжаттарды «Даму» Қорына жолдайды. «Даму» Қоры 5-15 жұмыс күндері ішінде Сіздің жобаңыз бойынша шешім қабылдап, банкке хабарлама жібереді.

Келесілерді ескеру қажет:

Кепілдік беру, Қазақстан даму банкінен алынған несиелерді қоспағанда, сыйақының номиналдық мөлшерлемесі жылдық 14 % аспайтын банктердің несиелері бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Кепілдік беру жүзеге асырылатын несиелер бойынша Қазақстан даму банкінің сыйақы мөлшерлемесі жалдық 13 % аспауы тиіс. Келесі жағдайларды қоспағанда, барлық банктер ешбір қосымша төлемдерді (комиссияларды) талап етпейді:

· Сіз несиелеу шарттарын өзгертуге ниет білдірген жағдайда;

· Сіз несиені уақытылы төлемеген жағдайда.

3.2. Бұдан соң, Банкке кепілдіктің қажетті сомасын көрсете отырып, несиенің шарттары туралы сұрау салып, хатты алу қажет;

Келесілерді ескеру қажет:

Егер де Сіз қызметті жаңадан бастаған кәсіпкер болып табылсаңыз (Банкке жүгінген кезде тіркеу мерзімі 1 жылдан аспаса) және Сізге 20 млн. теңге мөлшеріне дейінгі несие қажет болса:

· Қор кепілдігінің ең жоғары көлемі несие сомасының 70 % аспауы тиіс (қызметін жаңадан бастаған кәсіпкерлер үшін). Сонымен бірге, Сіз кепілдікке құны кемінде несие сомасының 30 % құрайтын қамтамасыз етуді ұсынасыз. Кепілдік ретінде басқа несиелер бойынша кепілдік қамтамасыз ету болып табылатын қамтамасыз етуді ұсынуға жол берілмейді;

· несие бойынша кепілдік беру мерзімі 5 жылдан аспайды;

· айналым қаражаттарын толығымен толтыру үшін бағытталған ( 100 % көлемінде ) несие бойынша кепілдік беруге жол беріледі (еңбек ақы, салық және басқа міндетті төлемдер, несиелерді, қарыздарды немесе лизинг шарттарын қамтамасыз ету бойынша ағымдағы төлемдерді төлеу бойынша есеп айырысуды және бастаушы кәсіпкердің негізгі қызметті жүзеге асыруымен байланысты басқа да мақсаттарды қоспағанда). Осы несиелер бойынша кепілдік беру мерзімі 3 (үш) жылдан аспауы тиіс.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Екі банкте – «Қазақстан халық банкі» АҚ және «Банк ЦентрНесие» АҚ несиелерге кепілдік беру бағдарламасы аясында "Damu Start Up" - бөлек бағыт ретінде шығарылған,20 млн. теңге мөлшеріне дейінгі несиелер бойынша қаржыландырудың басқа шарттары қарастырылған. Аталған банктердің несие беру шарттарымен Сіз келесі жерде таныса аласыз:

http://bcc.kz/smallbiz/credit/damustartup/ ,

http://halykbank.kz/ru/business/lending/damu .

Егер де Сізге 60 млн. теңге мөлшеріне дейінгі несие қажет болса:

· Қор кепілдігінің ең жоғары көлемі несие сомасының 50 % аспауы тиіс. Сонымен бірге, Сіз кепілдікке құны кемінде несие сомасының 50 % құрайтын қамтамасыз етуді ұсынасыз. Кепілдік ретінде басқа несиелер бойынша кепілдік қамтамасыз ету болып табылатын қамтамасыз етуді ұсынуға жол берілмейді;

· Несие бойынша кепілдік беру мерзімі 5 жылдан аспайды;

· Айналым қаражаттарын толығымен толтыру үшін бағытталған ( 100 % көлемінде ) несие бойынша кепілдік беруге жол беріледі (еңбек ақы, салық және басқа міндетті төлемдер, несиетерді, қарыздарды немесе лизинг шарттарын қамтамасыз ету бойынша ағымдағы төлемдерді төлеу бойынша есеп айырысуды және бастаушы кәсіпкердің негізгі қызметті жүзеге асыруымен байланысты басқа да мақсаттарды қоспағанда). Осы несиелер бойынша кепілдік беру мерзімі 3 (үш) жылдан аспауы тиіс.

Егер де Сізге 60-300 млн. теңге аралығындағы мөлшерге дейінгі несие қажет болса:

· Қор кепілдігінің ең жоғары көлемі несие сомасының 50 % аспауы тиіс. Сонымен бірге, Сіз кепілдікке құны кемінде несие сомасының 50 % құрайтын қамтамасыз етуді ұсынасыз.

· Сізге Жобаның іске асырылу құнының кемінде 10 % құрайтын өзінің ақша қаражаты есебінен немесе Жобаның іске асырылуына қатысатын жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен енгізуіңіз қажет, және оның құны жоба құнының 20% кем болмауы тиіс. Егер де қарыз алушы Жобаның іске асырылуына үшінші тұлғаларға тиесілі мүлікпен қатысқан жағдайда, бұл мүлік несие бойынша қамтамасыз ету үшін ұсынылуы тиіс.

· Несие бойынша кепілдік беру мерзімі 3 (үш) жылдан аспайды;

· Несиенің жалпы сомасының 30 % аспайтын көлемдегі несие инвестицияларға, техниканы, құрал-жабдықты сатып алуға және/немесе жаңғыртуға бөлінген жағдайларды қоспағанда, айналым қаражаттарын толтыру үшін берілген несие бойынша Кепілдік берілмейді.

3.3. Сіз Банктің хатын алғаннан соң, құжаттардың келесі тізімін дайындауыңыз тиіс:

· Әкімдік жанындағы Аймақтық Үйлестіруші Кеңеске ұсынылатын өтініш

· Сіздің компанияңыздың мемлекеттік тіркелуі туралы куәлігі;

· лицензия – егер қызмет түрі лицензиялануға жатса (кәсіпкердің мөрімен/қолымен расталған көшірмесі);

· компанияның жарғысы, құрылтай шарты (компанияның бір құрылтайшысы болған жағдайда, құрылтай шарты қажет емес, егер де бірнеше құрылтайшы болған жағдайда – акциялар эмиссиясының проспекті және акционерлер реестрінен көшірме (кәсіпкердің мөрімен/қолымен расталған көшірмесі) қосымша ұсынылады;

· несие алу үшін өтінішпен жүгінген күнге дейін 30 күнтізбелік күннен кешіктірілмей салық комитетімен берілген бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша борыштардың бар/жоқтығы туралы анықтама;

· дебиторлық және несиелік борыштар (соның ішінде, борыштың сомасы, пайда болу уақыты және тауарлар мен қызметтердің атауы) нақтыланған салық декларациясының көшірмесі қосымша ретінде тіркелген, компанияның басшыларымен расталған компанияның соңғы қаржылық жыл бойынша қаржылық есептерінің көшірмесі және/немесе компанияның WEB-сайтында орналастырылған, оның қаржылық жағдайы туралы талдау жасауға мүмкіндік беретін ақпаратты ұсынуға болады;

· Сіз жүгінген банктің, кепілдік сомасы есептелген, кәсіпкерге несие беру мүмкіндігі туралы оң шешімі көзделген хаты;

· «Даму» Қорының кепілдік беру мүмкіндігі туралы оң шешімі көзделген хатының көшірмесі (банктің мөрімен расталған);

· Жобаның іске асырылу мерзімдерін, шарттарын құрайтын Сіздің жобаңыздың бизнес-жоспары

3.4. Содан соң, Сіз Әкімдік жанындағы Аймақтық Үйлестіруші Кеңеске кепілдік беру бойынша өз жобаңызды және дайындалған құжаттарды жолдайсыз (3.3. т. қараңыз). АҮК 2 жұмыс күн ішінде банкке және «Даму» Қорына жобаны мақұлдау жөніндегі хаттаманы жолдайды. «Даму» Қоры 1 жұмыс күн ішінде банкке алдынала кепілдік беру хатын жолдайды.

Келесілерді ескеру қажет:

Банк «Даму» Қорынан алдынала кепілдік беру хатын алғаннан кейін және үш жақты шартқа қол қойғанға дейін Сіз кепілдік беру мерзіміне байланысты «Даму» Қорына кепілдік беру үшін комиссияны төлейсіз: 2 (екі) жылды қосқандағы мерзімге дейін – кепілдік сомасының 0,5%, 2 (екі) жалдан жоғары - кепілдік сомасының 1 %.

3.5. А лдынала кепілдік беру хатын алғаннан кейін Сіздің, банктің және «Даму» Қорының арасында үш жақты кепілдік шартын жасасу қажет. Шарттың жобасын әзірлеудің барлық рәсімдерін банктің және «Даму» Қорының қызметкерлері жүзеге асырады.

4. Бағдарламаға қатысуды мерзімнен бұрын тоқтату шарттары. Бағдарламаға қатысушылардың жауапкершілігі.

«Даму» Қоры мерзімділік негізінде алынған несиені мақсатты пайдалану мониторингін жүзеге асырады. Несиені мақсатты пайдаланбау фактілері анықталған жағдайларда, «Даму» Қоры берілген кепілдікті кері қайтарып алуға құқылы.

5. Бағдарламаға қатысушылардың алдында ашылатын жаңа мүмкіндіктер Несиелерге кепілдік беру бағдарламасына қатысу Сізді «Даму» Қорының төменде көрсетілген басқа қаржылық және қаржылық емес бағдарламаларын пайдалану құқығынан айырмайды: субсидиялау, қаржылық лизинг, Қордың тұрақтандыру, сервистік және басқа бағдарламалары.

6. Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ-парақ)

Сұрақ: Бағдарламаға қатысу үшін кепілдік қамтамасыз ету ретінде не болуы мүмкін?

Жауап: Кепілдік қамтамасыз ету ретінде Банкпен қамтамасыз ету үшін қабылданатын жылжымалы және жылжымайтын мүліктің кезкелген объектісі болуы мүмкін.

Сұрақ: Берілген ақшаны пайдалану бойынша қандай шектеулер бар?

Жауап : Міндетті талап – бөлінген қаражаттарды мақсатты пайдалану .

7.Жоба бойынша статистика ( іске қосылған сәттен бастап қатысушылардың жалпы саны , аяқталған жобалардың саны, игерілген қаражаттардың қаржылық көлемі, жиынтық экономикалық тиімділік, аймақтар мен компаниялардың көлемі бойынша қатысушылардың статистика сы ( шағын/орта/ірі бизнес).


«БЖК-2020» бағдарламасы
Бағдарлама бағыттары
Табыстылар тағылымы
% мөлшерлемелерді субсидиялау
Несиелерді кепілдендіру
Гранттық қаржыландыру
Бизнес-оқыту
Кәсіпкерлер үшін сервистік қолдау
«Іскерлік байланыстар» жобасы
«Топ – менеджментті оқыту» жобасы
«Аға сеньорлар» жобасы
«БЖК-2020» бағдарламасына қатысушы серіктес банктер
Құжаттардың нысандары мен үлгілері
«БЖК-2020» бағдарламасы аясындағы нормативтік-құқықтық актілер
Бағдарламаны орындау барысы туралы есеп

ҚР ҰБ валюта бағамы
  • USD АҚШ доллары 334.94
  • EUR Евро 393.96
  • CNY Қытай юані 50.52
  • RUB Ресей рублі 5.83
  • GBP Ағыл. фунты 441.38
Хабарландыру тақтасы