Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:
Қашықтықтан оқыту системасы

«Аға сеньорлар» жобасы


Сұрақтарыңыз бар ма?
Көмек көрсетуге ризамыз:
8 (727) 244-55-66
E-mail: info@fund.kz

1. Жобаның мәнін баяндау (атауы, іске асырушылар, жобаға қатысушылар қандай жетістікке қол жеткізеді) .

« Аға сеньорлар » жобасы Сізге өзіңіздің қызметкерлеріңізді оқытуға және әртүрлі бизнес-міндеттердің шешімдерін табуға мүмкіндік береді. Аталған жобада жаттықтырушылар ретінде халықаралық компанияларда басқару, өндіру, жұмыс саласында үлкен тәжірибесі бар кәсіпқойлар қатысады. Жобаның аясында кәсіпкерлер үшін қазақстандық және халықаралық сарапшылардың кеңестері мен семинарлар көзделген.

Сіз өз компанияңызға сарапшыны келесі мақсаттар үшін шақыра аласыз:

· қызметкерлерді оқыту және олардың біліктілігін арттыру;

· өндірісті басқару бойынша тәжірибемен алмасу;

· өнімнің сапасын арттыру ;

· жаңа стандарт тарды енгізу ;

· маркетинг стратег ияларын және бизнес- жоспарларды әзірлеу ;

· техни калық , экономи калық немесе ұйымдастырушылық міндеттерді шешу .

Сарапшы, сондай-ақ шетелдік сарапшы, ағымдағы сұрақтарды шешуде көмек көрсету үшін, өз тәжірибесімен бөлісу үшін тікелей Сізге келеді. Сонымен қатар, «Аға сеньорлар» жобасы Сізге жаңа бизнес-серіктерді табуға көмектеседі.

Жобаны келесілер іске асырады :

· «Даму» Қоры

· ҚР Өңірлік даму министрлігі нің Кәсіпкерлікті дамыту комитеті

· Аға сеньорлардың қызметін үйлестіретін халықаралық ұйымдар – Canadian Executive Service Organization CESO / SACO (Канада)

2. Жобаға кім қатыса алады/кім қатыса алмайды .

2.1 С із келесі жағдайларда жобаға қатыса аласыз :

· « Б изнес тің жол картасы 2020» аясында басқа бағдарламалардың қатысушысы болып табылған жағдайларда ;

· Қызметтері экономиканың басым секторларына жататын шағын және орта бизнес кәсіпорындарының жоғарғы және орта буын басшысы болып табылған жағдайларда ( http://www.damu.kz/9633 )

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ !!! Шетел сарапшыларының ұшуы бойынша шығындарды төлеу және қызметтерді төлеуді мемлекет жүзеге асырылады. Көлік және тәулік шығындары, сондай-ақ Қазақстан аумағында тұру Сіздің өз қаражатыңыз есебінен жүзеге асырылады.

3. Жобаға қатысу жолдары – толтыру үлгілері, байланыс ақпараты, қажетті құжаттардың тізілімі бар сатылы нұсқаулық.

3.1. Сіз шетел мамандарын тарту үшін өтінім бересіз . Өтінім нысаны : http://www.damu.kz/content/files/FormaZayavkiNaUchastieVProekteStarshieSenory.doc

· 3.2. «Даму» Қоры өтінімдерді іріктеп, жұмыс органына – Қ азақстан Р еспубликасы Өңірлік даму министрлігі нің Кәсіпкерлікті дамыту комитетіне келісу үшін жолдайды (Комитет Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің құзыреті шеңберінде және Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік қызметті дамыту саласында бақылау және іске асыру қызметін жүзеге асырады );

3.3. Жұмыс орган ы шетел мамандарын тарту үшін келісілген қатысушылар тізімін «Даму» Қорына жолдайды ;

3.4. «Даму» Қоры «Аға сеньорлар» жобасының іске асырылуын қадағалайды ;

3.5. Халықаралық және шетелдік ұйымдар «Даму» Қорына шетелдік мамандардың жұмысы нәтижелері туралы есепті жолдайды .

4. Бағдарламаға қатысушылардың алдында ашылатын жаңа мүмкіндіктер

Бағдарламаға қатысқаннан кейін Сіз жаңа іскерлік серіктерді табу, бизнес саласында өз құзыреттерініңзді кеңейту, алдағы қатардағы компаниялардың тәжірибелерімен танысу және технологиялық және басқарушылық ноу-хауларды енгізу бойынша кеңестер алу мүмкіндігіне ие боласыз.

5. Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ- парақ ).

Сұрақ : « Егер де менің компаниям «БЖК-2020» бағдарламаларына қатыспаған болса, мен бағдарламаға қатыса алам ба ?»

Жауап : Иә, егер Сіздің к омпания ңыз экономиканың басым салаларының біріне жататын болса, бағдарламаға қатыса аласыз . ( http://www.damu.kz/9633 )

6. Бағдарлама бойынша с татистика ( іске қосылған сәттен бастап қатысушылардың жалпы саны , аяқталған жобалардың саны, игерілген қаражаттардың қаржылық көлемі, жиынтық экономикалық тиімділік, аймақтар мен компаниялардың көлемі бойынша қатысушылардың статистика сы ( шағын/орта/ірі бизнес).

2013 жылға арналған жобаның б юджет і 45 220 мың те ң ге ні құрайды . Жоба іске қосылған сәттен бастап Қазақстанның барлық аймақтарынан жобаға қатысу үшін 109 өтінімдер жиналған. 2013 жылдың соңына дейін 30 мисси яны жүзеге асыру жоспарланған.


«БЖК-2020» бағдарламасы
Бағдарлама бағыттары
Табыстылар тағылымы
% мөлшерлемелерді субсидиялау
Несиелерді кепілдендіру
Гранттық қаржыландыру
Бизнес-оқыту
Кәсіпкерлер үшін сервистік қолдау
«Іскерлік байланыстар» жобасы
«Топ – менеджментті оқыту» жобасы
«Аға сеньорлар» жобасы
«БЖК-2020» бағдарламасына қатысушы серіктес банктер
Құжаттардың нысандары мен үлгілері
«БЖК-2020» бағдарламасы аясындағы нормативтік-құқықтық актілер
Бағдарламаны орындау барысы туралы есеп

ҚР ҰБ валюта бағамы
  • USD АҚШ доллары 324.98
  • EUR Евро 378.34
  • CNY Қытай юані 48.01
  • RUB Ресей рублі 5.53
  • GBP Ағыл. фунты 422.7
Хабарландыру тақтасы