Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:

«Шағын және орта бизнес топ-менеджментін оқыту» жобасы


Сұрақтарыңыз бар ма?
Көмек көрсетуге ризамыз:
8 (727) 244-55-66
E-mail: info@fund.kz

1. Жобаның мәнін баяндау (атауы, іске асырушылар, жобаға қатысушылар қандай жетістікке қол жеткізеді)

«Шағын және орта бизнес топ-менеджмент ін оқыту» жобасы Сіздің компанияңыздың бәсекелестікке қабілеттілігін, айналымын, тұрақты нығаюын арттыру мақсатында, бизнесті құру мен жүргізудің жаңа үлгілері туралы білім алуға, біліктілікті және кәсіби басқарушылық дағдыларды арттыруға ықпалын тигізеді. Оқыту тегін жүзеге асырылады.

Жобаның аясында келесілер қамтылады: :

· Астана қаласында «Назарбаев Университет» бизнестің жоғарғы мектебі негізінде Дьюк Университетімен (АҚШ) бірлесіп 3-күндік бизнес-курс тар және 3-күндік онлайн семинар лар өткізу . Әрбір оқу күнінің ұзақтығы 8 академиялық сағаттан артық емес. Бизнес-курстар аяқталғаннан кейін бір ай ішінде «Назарбаев Университет» АҚ Жобаға қатысушылар үшін онлайн семинарларды (webinars) ұйымдастырады. Онлайн семинардың ұзақтығы – 3 күн;

· бизнес-курстар аяқталғаннан кейін жобаның қатысушылары өз кәсіпорындарында 1 айдың ішінде бизнес-жоспарды әзірлеп бітіреді.

· Қатысушылар оқуды сәтті аяқтағаннан соң сертификат алады.

Жобаны келесілер іске асырады :

· «Даму» Қоры ;

· «Назарбаев Университет» АҚ бизнестің жоғарғы мектебі ;

· «Назарбаев Университет» бизнестің жоғарғы мектебі жанындағы шетелдік оқу орталықтары .

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Егер де Сіз шетелдік кәсіпорындарда тағылымдамаға қатысуға («Іскерлік байланыстар» жобасының екінші кезеңі аясында) ниет білдірсеңіз, «Шағын және орта бизнес топ-менеджментін оқыту» жобасы бойынша оқу және сертификат алу міндетті шарт болып табылады.

2. Жобаға кім қатыса алады/кім қатыса алмайды?

С із келесі жағдайларда жобаның қатысушысы бола аласыз : :

· Сіз – жоғарғы және орта буын басшысы болған жағдайларда (Топ-менеджер);

· Сіздің кәсіпорныңыз кәсіпкерліктің шағын немесе орта субъектісі болып табылған жағдайларда ;

· Сіздің кәсіпорныңыз экономиканың басым секторларының бірінде жұмыс істеген жағдайларда

· Бір кәсіпорынның атынан бір үміткерден аспауы тиіс .

3. Жобаға қатысу жолдары – толтыру үлгілері, байланыс ақпараты, қажетті құжаттардың тізілімі бар сатылы нұсқаулық .

Оқуды өту үшін Сізге келесілерді орындауыңыз қажет:

· Жобаға қатысу үшін өтінімді «Даму» Қорының менеджерлерімен хабарласып алу. Аймақтық филиалдардың байланыстар ақпараты

· Өтінімді толтырып, оны «Даму» қорының менеджерлеріне жолдау. Сіз қатысушыға қойылатын талаптарға сәйкес келсеңіз Қордың менеджері Сізді тіркейді және тіркелуіңізді растайды, сонымен қатар, оқу өтетін мекен-жай мен уақытты хабарлайды. НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ ! Бір кәсіпорынның атынан бір үміткерден аспауы тиіс ;

· Астана қаласына «Назарбаев Университет» бизнестің жоғарғы мектебіне оқу үшін белгіленген күні және уақытта келу . НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ ! Оқу өтетін жерге келу және кері қайту жолын, және тұруды қатысушы өз қаражаты есебінен төлейді ;

· Дьюк Университетімен (АҚШ) бірлесіп «Назарбаев Университет» бизнестің жоғарғы мектебінде 3-күндік бизнес-курс тарға және 3-күндік онлайн семинар ларға қатысу .

· 1 ай мерзім ішінде бизнес-жоспар әзірлеп, кеңесшілер мен шетелдік серіктердің тарапынан баға алу үшін оны электрондық нысанда «Даму» қорының менеджерлеріне ұсыну ;

· Оқуды толық және сәтті аяқтаған соң сертифик ат алу .

2. Жобаға қатысуды мерзімнен бұрын тоқтату шарттары. Бағдарламаға қатысушылардың жауапкершілігі.

Жобаға қатысушының оқуға келмеуі.

4. Жобаға қатысушылардың алдында ашылатын жаңа мүмкіндіктер.

Жоба қатысушылары «Іскерлік байланыстар» жобасы бойынша шетелде тағылымдамаға қатысу үшін бизнес-жоспарларды ұсына алады.

Жобаға қатысуға қойылатын талаптар:

·         Компонентке экономиканың басым секторларында әрекет етіп жүрген шағын және орта бизнес кәсіпорнының жоғары және орта буын басшылары қатыса алады;

·         Компонент қатысушылары оқу өтетен жерге барып-қайту жолақысын, сонымен қатар оқу кезеңіндегі жатын жайға өздері төлейді;

·         Оқу бойынша қатысушылардың шығыны республикалық бюджет есебінен төленеді.

ОҚЫТУ ҮДЕРІСІ:

Шағын және орта кәсіпкерлік топ-менеджментіне оқыту 3 кезеңнен тұрады:

1 КЕЗЕҢ

 30 ҚАТЫСУШЫДАН (14 ТОП) АУДИТОРИЯЛАРДА ТОПТАП ҮШ КҮНДІК ІШТЕЙ ОҚЫТУ.

 Негізгі тақырыптар (Оқыту бағдарламасы):

 1 КҮН

 МҮМКІНДІКТЕРДІ АНЫҚТАУ.

Табысты және өскелең бизнесті құру моделін енгізу;

Әлеуетті бизнес мүмкіндіктерді анықтауға арналған өлшемдер;

Бизнестің негізі – модельдерді (бизнес-кейстерді қарастыру) зерделеу;

Нарықтық іске асушылық жоспарын құру.

 2 КҮН

 РЕСУРСТАРДЫ ПАЙДАЛАНУ.

Адамдық, ақпараттық, қаржылық ресурстарды, активтер мен бизнес-жоспарларды пайдалану мүмкіндіктері;

Үнемді ұйым құрудың қағидаттары;

Ұйым қорларын ысырап қылатын көздерді қалай анықтау және онымен күрес жүргізу;

Ұйымның қаржылық тұрақтылығы үшін ақша ағынын басқару;

Қызмет көрсетуге бағдарланған ұйым құрудың әдістері;

Бизнесті дамыту мен қаржы бойынша шеберлік сабағы;

 3 КҮН

АДАМДАР ЖӘНЕ БОЛАШАҚ.

Табысты бизнес жоспарды әзірлеу;

Көшбасшылық. «Менеджмент» пен «жетекшілік» арасындағы айырмашылық;

ШОК ұйымдастырудағы көшбасшының ролі;

Бизнесті бағалаудың әдістемелері;

Табысты бизнес жоспарды жазу және оны таныстыру;

Тренингтік веб-сайт жұмысы бойынша нұсқама;

Оқытудың одан әрі барысын түсіндіру.

 2  КЕЗЕҢ

 ОНЛАЙН-СЕМИНАРЛАР   

(ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МАМАНДАРДЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН)

1 Кәсіпкерліктегі құқықтық мәселелері.

2 Капитал тартудың әдістері.

3 Табысты бизнес жоспар таныстырылымы.

3 КЕЗЕҢ

 БИЗНЕС ЖОСПАРДЫ ӘЗІРЛЕУ МЕН БАҒАЛАУ

 1 Нарықтық іске асушылық жоспары мен табысты бизнес жоспарын құру.

 2 Құжаттарды ағылшын тіліне өз бетімен аудару.

 3 Материалдар оқытушыларға электронды түрде жіберіледі.

Барлық түсіндірмелер мен бағалауларды қосқанда, тексерулерден соң, бизнес жоспарлар әзірлеушілерге жіберіледі.

 Компоненттер аяқталған соң кәсіпкерлерге Назарбаев Университетінің Дьюк Университетімен біріккен оқу курсын табысты бітіргендігі жөнінде сертификат беріледі.   

Онан әрі сертификат, бизнес жоспармен қоса кәсіпкердің «Бизнестің жол картасы-2020» іске асыру аясындағы «Іскерлік байланыстар» құралы бойынша шетелде тақырыптық бизнес-тағылымдамадан өтуге өтінім беруіне құқық береді.

«Шағын және орта кәсіпкерлік топ-менеджментін оқыту» компонентіне қатысушыларға қойылатын талаптар:

 ·         Өтінім беруші кәсіпорында жоғары және орта буын басшысы қызметінде болуы тиіс.

·         Кәсіпорын шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі болуы тиіс.

·         Кәсіпорынның ағымдағы әрекеті «Бизнестің жол картасы 2020» Бірыңғай бағдарламасындағы экономиканың басым салаларының тізбесіне сәйкес болуы тиіс.

«БЖК-2020» бағдарламасы
Бағдарлама бағыттары
Табыстылар тағылымы
% мөлшерлемелерді субсидиялау
Несиелерді кепілдендіру
Гранттық қаржыландыру
Бизнес-оқыту
Кәсіпкерлер үшін сервистік қолдау
«Іскерлік байланыстар» жобасы
«Топ – менеджментті оқыту» жобасы
«Аға сеньорлар» жобасы
«БЖК-2020» бағдарламасына қатысушы серіктес банктер
Құжаттардың нысандары мен үлгілері
«БЖК-2020» бағдарламасы аясындағы нормативтік-құқықтық актілер
Бағдарламаны орындау барысы туралы есеп

ҚР ҰБ валюта бағамы
  • USD АҚШ доллары 340.11
  • EUR Евро 407.93
  • CNY Қытай юані 51.61
  • RUB Ресей рублі 5.91
  • GBP Ағыл. фунты 461.22
Хабарландыру тақтасы