Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:

Экспорт / импорт


Қазақстан Республикасының «Валюталық реттеу және валюталық бақылау» Заңына сәйкес экспорт дегеніміз – резиденттің бейрезидентке тауарларды сатуы, жұмыстарды орындауы, қызмет көрсетуі. Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасына сәйкес «экспорт болып Кедендік одақ тауарлары Кедендік одақ аумағынан шығарылып, сол жақта тұрақты түрде қалдыру мақсатында рәсімделетін кедендік процедура табылады».

Тауарлар мен қызметтер экспортының басты артықшылықтары

– сату көлемінің ұлғаю – ішкі сатудың сенімді өсумен қатар, экспорт сату нарығын ұлғайтудың бір түрі болып табылады.

– кірістің өсуі – егер компанияның бекітілген шығындарды ішкі сатулар есебінен немесе басқа да қаржыландыруды жүзеге асыру арқылы жабу мүмкіндігі болса, экспортық операциялардан түскен пайда тез өсуі мүмкін.

– ауқымда үнемдеу – өндірістің толық қуатымен жұмыс істеуі қолдағы бар ресурстарды дұрыс пайдаланып, үлкенірек өткізу нарығына шығу кезінде ауқымда үнемдеуге мүмкіндік береді.

– осалдықты төмендету – нарықтардың алуан түрлілігі тауарлар мен қызметтердің жалғыз өткізу нарығына тәуелділігінен арылуға көмектеседі. Мысалы, егер жоғары сұранысы бар кәсіпорынның басқа да өткізу нарықтары болса, ішкі нарықта экономикалық белсенділіктің бәсеңдеуі кәсіпорынға қатты әсер етпейді.

– жаңа білім мен тәжірибе – жаһандық нарықта өнімді өткізудің жаңа идеялары, амал-тәсілдері мол.

– жаһандық бәсекелестік – қазіргі компаниялар жаңа шетелдік нарықтарды игеруде. Бірегей халықаралық тәжірибе кәсіпорындарға әлем нарығында бәсекелесуге қабілетті болып қалуға мүмкіндік береді.


ҚР ҰБ валюта бағамы
  • USD АҚШ доллары 333.03
  • EUR Евро 392.61
  • CNY Қытай юані 50.54
  • RUB Ресей рублі 5.82
  • GBP Ағыл. фунты 442.86
Хабарландыру тақтасы