Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:
Қашықтықтан оқыту системасы

Франчайзинг


Франчайзинг – кәсіпкерлік қызметінің танымал түрлерінің бірі, коммерциялық және коммерциялық емес кәсіпорындардың табысты модельдерін жүйелік қайталау түрі.

Әртүрліліктегі бірегейлік – франчайзингті дәл осылай сипаттауға болады. Әр түрлі континенттер мен құрлықтардағы бір сауда белгісі, тауар немесе қызмет түрі.

Әлем негізгі құралы франчайзингтің мегабрендтері болып табылатын жаһандандыруға жылжып барады. Франчайзинг – болашақтың бизнесі. Сарапшылар болжамы бойынша 21 ғасырда әлем бизнесінің 50% франчайзинг жүйесімен жұмыс істейтін болса, екінші жартысы оның жеткізушісі болады. Қазірдің өзінде елдегі франчайзинг күйі осы елдегі экономиканың даму деңгейі көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Сондықтан да көптеген елдер франчайзингті дамытуға осы қарым-қатынастарды реттейтін арнайы заңдар қабылдау арқылы көп көңіл бөледі, дамыту және қолдау бағдарламаларын жүзеге асырады, нарық қатысушыларына арнайы жеңілдіктер ұсынады.

Франчайзинг адал кәсіпкерлікті дамытудың, халықты жұмыспен қамтудың, әлеуметтік мәселелерді шешудің, бизнестің айқындылыған жоғарылатып, салық салынатын негізді ұлғайтудың тиімді құралы болып табылады. Сондықтан да франчайзингті компанияны дамытудың мінсіз түрі ретінде мемлекеттік және мемлекеттік емес деңгейлерде дәріптеу әр түрлі бастамаларда орын алады.

Отандық нарықта шетелдік компаниялардың франчайзинг жұйесі арқылы қатысу үлесі өсу үстінде, франчайзинтік компаниялар ұсынатын тауарлар мен қызмет түрлері көбеюде: дәмханалар, химиялық тазалау орталықтары, шаштараздар, қонақ үйлері, оқу орталықтары және т.б. Франчайзинг термині әлдеқашан шетелдік абстрактілі терминнен күнделікті нақтылыққа айналды.

Терминнің анықтамасын кез-келген классикалық экономикалық сөздіктен табуға болады. Сонымен қатар әр елдердегі әр түрлі заңдық түсіндірмелерін де атап өткен жөн. Егер франчайзингтің ХФА (Халықаралық Франчайзинг Асоциациясы) анықтамасына негізделген халықаралық мәндік анықтамасы халықаралық бизнеске әмбебап болып табылса да, әр елдегі ресми терминологияға мән берген қажет. Бұл франчайзингтік қарым-қатынастарды сәйкес нормативтік-құқықтық реттеу мен заңды келісім-шарттарды дұрыс жасау үшін өте маңызды.

Қазақстанда франчайзинг туралы заң 2002 жылдың 24 маусымында қабылданған. Ол -Қазақстан Республикасының франчайзингке айтарлықтай дұрыс анықтама (кешенді кәсіпкерлік лицензиясы) берілген «Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) туралы» заң.


ҚР ҰБ валюта бағамы
  • USD АҚШ доллары 322.01
  • EUR Евро 362.42
  • CNY Қытай юані 47.26
  • RUB Ресей рублі 5.46
  • GBP Ағыл. фунты 410.31
Хабарландыру тақтасы