Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:

Арнайы экономикалық аймақтар


«Арнайы экономикалық аймақ, әдетте, дәл белгіленген шекаралары бар, арнайы басқару режимі қолданылатын, бір ұйыммен басқарылатын, АЭА-қа өз бизнестерін орналастыратын компанияларға мемлекет тарапынан құрылымдалған ынталандырма кешенін (кедендік баж салығынан босату, жеңілдетілген кедендік режим, т.б.) ұсынатын географиялық ауыздықталған жер телімі».(The World Bank)

Қазақстандағы арнайы экономикалық аймақтар

«Арнайы экономикалық аймақ - қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру үшін арнайы экономикалық аймақтың арнайы құқықтық режимі қолданылатын, дәл белгіленген шекаралары бар Қазақстан Республикасы аумағының бір бөлігі».( Қазақстан Республикасындағы «Арнайы экономикалық аймақтар туралы» Заңы 2011 жылдың 21 шілдесі)

АЭА-ң қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілер (НҚА)

Қазақстанда АЭА-ң қызметі келе НҚА-мен реттеледі:

• Салық кодексі – АЭА қатысушыларына салық салу жағынан

• «Арнайы экономикалық аймақтар туралы» Заң – АЭА-ң қызметін реттейтін негізгі заң

• Кедендік одақтың аумағындағы еркін (арнайы, айрықша) экономикалық аймақтар мәселелері жайында және еркін кедендік аймақтың кедендік процедуралары туралы келісім-шарт – АЭА-ң кедендік реттеуі жағынан (2017 жылдың 1 каңтарына дейін уақытша қолданылады)

АЭА жұмыс істеуі

АЭА құру туралы ұсыныс

АЭА құру туралы ұсынысты Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне (ИЖТМ) жергілікті немесе орталық атқарушы органдар, кәсіпкерлер ассоциациясы, заңды тұлғалар енгізеді.

АЭА басқару

«Астана - жаңа қала» АЭА-н қоспағанда, басқа АЭА басқарушы компаниялармен басқарылады.

Басқару компаниясы Қазақстанның үкіметі, әкімдіктер (ЖАО) және шетелдікті қоса алғанда жеке заңды тұлғалармен құрыла алады. АЭА мемлекеттік органдардың бастамасымен құрылған жағдайда осы компанияның дауыс құқығын беретін акцияларының кем дегенде 50% мемлекетке тиесілі болуы тиіс. АЭА жеке заңды тұлғалардың бастамасымен құрылған жағдайда, осы компанияның дауыс құқығын беретін акцияларының кем дегенде 26% мемлекетке тиесілі болуы тиіс. Осылайша АЭА қызметіне қатысқысы келетін жеке инвесторлар (шеделдіктерді қоса алғанда) басқарушы компанияның құрылтайшысы ретінде қатыса алады. Осылайша олар өз әрекеттерін ықпалын тигізетін шешімдерді қабылдауға қатысуға мүмкіндік алады. Басқарушы компания АЭА қатысушыларына «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көсетеді, бұл - өтініш берушінің құжаттарды жинау мен дайындауға қатысуын барынша азайтуды және олардың мемлекеттік қызметтер көрсету субъектілерімен тікелей байланысын шектейді.

АЭА басқару органының функцияларына:

1) арнайы экономикалық аймақтардың жұмыс істеуі мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасасу;

2) жер учаскелерін кейінгі жер пайдалануға (қосалқы жалға) беру және қызметтің қосалқы түрлерін жүзеге асыратын тұлғаларға инфрақұрылым объектілерін жалға (қосалқы жалға) беру;

3) қызметті жүзеге асыру туралы шарттарды жасасу және бұзу;

4) арнайы экономикалық аймаққа қатысушылардың жыл сайынғы есептерінің негізінде уәкілетті орган белгілеген тәртіппен арнайы экономикалық аймақ қызметінің нәтижелері туралы есептілікті уәкілетті органға ұсыну;

5) арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларын тарту;

6) инфрақұрылым объектілерін салу үшін және арнайы экономикалық аймақтың өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін инвестициялар тарту;

7) арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларына берілмеген жер учаскелерінде бекітілген техникалық-экономикалық негіздемеге сәйкес инфрақұрылым объектілерін салуды жүзеге асыру;

8) халыққа қызмет көрсету орталығының «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істеуі үшін қабылдау орнын ұйымдастыру;

9) арнайы экономикалық аймақтарды құру мақсаттарына сай келетін қызметті жүзеге асыру кезінде әкелінген тауарлардың нақты тұтынылуын растау;

10) қызметті жүзеге асыру туралы шарттар талаптарының орындалуына мониторинг жүргізу жатады.


АЭА қызметін реттейтін органдар

Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі

- «Арнайы экономикалық аймақтар туралы» Заңға сәйкес АЭА дамыту және реттеу саласындағы уәкілетті орган болып табылады.

Басқарушы компания

- АЭА басқару үшін басқарушы компания құрылады.

АЭА аумағындағы салық органы

- АЭА салықты реттеу жағынан Қарды министрлігі Салық комитетінің тиісті бөлімшесі.

АЭА аумағындағы кедендік орган

- АЭА кедендік реттеу жағынан Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің тиісті бөлімшесі.

АЭА аумағындағы жеңілдіктер

АЭА аумағындағы жеңілдіктер Қазақстан Республикасының «Салық кодексінде» және «Арнайы экономикалық аймақтар туралы» Заңында қарастырылған.

Салықтық жеңілдіктер

АЭА қатысушылары үшін келесі жеңілдіктер қарастырылған:

• корпоративтік табыс салығынан босату;

• жер салығынан босату;

• мүлікке салынатын салықтан босату;

• АЭА аумағында АЭА-ты құру мақсаттарына сәйкес келетін қызмет ету барысында толығымен пайдаланылатын тауарларды сатуға қосымша құн салығы нольдік мөлщерлемемен салынады;

«Астана – жаңа қала» және «Инновациялық технологиялар паркі» АЭА қатысушылары үшін қосымша салықтық жеңілдіктер қарастырылған.

«Астана – жаңа қала» АЭА үшін:

• «Астана – жаңа қала» АЭА аумағында құрылыс үшін қажетті шетел машиналарын, механизмдерін және жабдықтарды әкелгенде, сонымен қатар әкімшілік, тұрғын үй кешендері, әлеуметтік-мәдени объектілері және инфрақұрылымның салынуы мен пайдалануға беру үшін қажетті тауарлар мен материалдар, машиналар мен жабдықтар үшін қосымша құн салығы төленбейді.

«ИТП» АЭА үшін:

• 5 жылға дейін әлеуметтік салықтан босату (жылдық табыстың 50% кем емесі жұмыс ақысын төлеуге кетсе, жұмыс ақысын төлеу шығындарының 90% Қазақстан резиденттеріне кетсе).

Қазақстанда тіркеліп, бірақ «ИТП» АЭА аумағынан тыс жерде тұрған ұйым келесі жағдайларда 2015 жылдың 1 қаңтарына дейін АЭА мүшесі ретінде саналады:

1) құрылымдық бөлімдері жоқ болса;

2) жиынтық табыстың 70% кем емесі өз тауарларын, қызметтерін (жобалау, жасау, енгізу, бағдарламалық қамтамасыздандырулардың тәжірибелік өндірісі және енгізілуі, ақпараттық технологиялардың құралдары, онлайн-қызметтер және т.б.), сату арқылы алынса немесе алуға көзделсе.

Басқа жеңілдіктер

Шетелдік жұмыс күшін тартудың жеңілдетілген тәртібі

Шетел жұмыс күшін тартуға рұқсат беру жергілікті атқарушы органдармен Қазақситан Республикасының заңына сәйкес, бірақ жеңілдетілген тәртіппен ішкі жұмыс күші нарығынан кандидатура іздемей беріледі.

10 жылға дейін тегін пайдалануға берілетін жер телімі

АЭА қатысушыларына 10 дейінгі мерзімге тегін пайдалануға болатын жобаны іске асыруға арналған жер телімі беріледі.

Жеңілдіктерді алу шарттары:

1) АЭА аумағында салқ төлеуші ретінде тіркелу

2) АЭА аумағынан тыс жерде құрылымдық бөлімшелерінің болмауы

3) жиынтық табыстың кем дегенде 90% («ИТП» АЭА үшін 70%) АЭА аумығандағы басым бағыттар бойынша өзі өндірген тауарлар мен қызметтерді сатудан түскен пайда болуы тиіс.

Қазақстандағы арнайы экономикалық аймақтар

Сыртқы экономикалық байланыстарды жандандыру, аймақтарды тез дамыту, экономика салаларын қолдау және әлеуметтік мәселелерді шеші, инвестициялар, технологиялар, қазіргі заманғы менеджмент тарту, жоғары тиімдік және бәселестік қабілеті бар өндірістер құру мақсаттарында Қазақстан Республикасында 9 арнайы экономикалық аймақ құрылды:

  1. «Астана – жаңа қала» Астана қаласында;
  2. «Ақтау теңіз порты» Маңғыстау облысында;
  3. «Информациялық технологиялар паркі» Алматы қаласында;
  4. «Оңтүстік» Оңтүстік Қазақстан облысында;
  5. «Ұлттық индустриалды мұнай-химиялық технопаркі» Атырау облысында;
  6. «Бурабай» Ақмола облысында;
  7. «Павлодар» Павлодар қаласында;
  8. «Сарыарқа» Қарағанды облысында;
  9. «Қорғас – Шығыс қақпасы» Алматы облысында.
  10. «Химиялық парк Таразы» Тараз қаласында


Әлемдік тәжірибе АЭА құру халықаралық тауар айналымының өсуі, инвестициялардың шоғырландыруы, экономикалық процестердің тереңделуі нәтижесінде экономиканың қарқынды өсуіне әсер етеін факторлардың бірі болып табылады.

Аталған АЭА шартты түрде 3 топқа бөлуге болады:

1) өнеркәсіптік-өндірістік аймақтар – «Ақтау теңіз порты», «Оңтүстік», «Ұлттық индустриалды мұнай-химиялық технопаркі», «Павлодар», «Сарыарқа»,  «Астана – жаңа қала», «Химиялық парк Таразы»;

2) қызметтік – «Бурабай», «Астана – жаңа қала», «Қорғас – Шығыс қақпасы»;

3) техникалық-енгізбелік – «Информациялық технологиялар паркі».

АЭА ортақ өзіндік белгісі – кедендік және салықтық жеңілдіктері бар қолайлы инвестициялық климаты


ҚР ҰБ валюта бағамы
  • USD АҚШ доллары 315.55
  • EUR Евро 338.93
  • CNY Қытай юані 45.73
  • RUB Ресей рублі 5.53
  • GBP Ағыл. фунты 391.09
Хабарландыру тақтасы