Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:

Маркетинг және сатулар


Маркетинг дегеніміз кәсіпорындардың тұтынушыларының қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған, ал соңғы нәтижесінде пайда табуды көздейтін нарықтығы әрекеті.

Сату  — кез келген коммерциялық қызметті, жалпы бизнесті сипаттайтын бизнес ұғым. Сату көп жағдайда коммерциялық кәсіпорынның бизнес-циклының қорытынды кезеңі болып табылады. Заманауи ұғымда сату маркетингпен үздіксіз байланыста болады, компанияда жүргізілетін маркетинг жұмыстарының логикалық жалғасы, тәжірибелік нәтижесі және дұрыстығының растауы болып табылады. Маркетинг ұғымының өзі сатудан пайда болған және оның қандай да бір теориялық түсіндірмесі болып табылады.

Сатуды жіктеудің түрлері өте көп: көтерме және бөлшек сату, B2B және B2C сегменттерінде сату, белсенді сату, тікелей сату, көп деңгейлі сату, «ұзыннан» сату, мобильді сату, тауарлар мен қызметтерді сату, жан-жақты салалық сату (тағам өнімдері, құрылыс материалдары және т.б.).

Сату маркетингі  - бұл тауарды сату неғұрлым көп пайда әкелетіндей ұйымдастырылатын қызмет түрі. Маркетинг құралдарын қолдану арқылы сату маркетингі тауарды өткізуді, сату көлемін арттыруды, әр түрлі тауарлар үшін мақсатты аудиторияны анықтауды, тауарды белгілі сегменттерге орналастыруды, бәсекелестер орындарын талдауды қарастырады.

Сату маркетингі – фирманың дамуының кепілі. Компания табысты жұмыс жасау және оны дамыту үшін компанияның барлық бөлімшелері бір ырғақпен жұмыс жасауы керек, себебі сату сәтті болған жағдайда маркетинг оған лайықты қолдау көрсете алмағанда немесе керісінше маркетинг жақсы дамыған жағдайда сапалы өнімге кепілдік бере алмайтын болса, үйлестіру дағдарысы орын алады. Осындай дағдарыстан шығу жолы – компанияның арнайы бөлімін құру және оның негізгі міндеті ретінде сату маркетингін белгілеу болып табылады. Сату маркетингі – мақсатты тұтыну аудиториясын таңдау мақсатында сегменттерге жіктеу, әлеуетті клиенттер іздеу; перспективті бағыттарға назар аудару; дұрыс өткізу стратегиясын таңдау;  компанияның, өнімдер мен тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін талдау; Парето ұстанымына сәйкес сатуға талдау жасауды жүзеге асырады, бұл компанияға маңызды жағдайларға негізделуге, өнімнің маңызын арттыруға, сұранысты басқаруға; белгілі кезеңдерде маркетингтік ақпараттың жүйе арқылы сату деңгейін болжауға, ішкі есеп жүйесін қарастыруға, іскерлік бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Сату маркетингі бизнес үшін аса маңызды. Сауатты маркетинг саясаты болмаған жағдайда компанияның тауарлары мен қызметтеріне қызығушылық танытатын клиенттерді табу қиын, ал сатуды тиімді басқару болмаған жағдайда компания пайда ала алмайды. Сату маркетингінің міндеті тұтынушының өнімді сатып алуға мұқтаж екенін түсіндіру және оған қажетті өнімді сатып, сенімді тұлғааралық байланыс қалыптастыру болып табылады.


ҚР ҰБ валюта бағамы
  • USD АҚШ доллары 330.29
  • EUR Евро 387.27
  • CNY Қытай юані 49.8
  • RUB Ресей рублі 5.56
  • GBP Ағыл. фунты 437.27
Хабарландыру тақтасы