Колл-центр:1408 (Тегін қоңырау шалу)

«Еңбек» бағдарламасы оралдық кәсіпкерге кәуап бизнесіне жол ашты

 «Еңбек» бағдарламасы оралдық кәсіпкерге кәуап бизнесіне жол ашты

Тарихтан хабары аз адамдар кәуапты Кавказ халықтарының ғана тағамы, тек сол елге ғана тән деген пікірде. Бұл мүлдем дұрыс емес. Кәуапты әлемнің көптеген елінде жасайды. Бүгінгі күні дәмді кәуап жеу үшін ет таңдап, маринадтап, көкке шығып, от жанып, шоқ түскенін күтудің қажеті жоқ. Ең жақын жердегі кәуапханаға барсаңыз жетіп жатыр. Ерекше дәмді тағамдарымен ел назарына іліккен сондай орындардың бірі - Орал қаласындағы @barashek_in_the_sky рестобары. Онда дәмді кәуаптардан басқа, хачапури, хинкали секілді Грузия тағамдары бар.

Кәуапхана ашу оңай шаруа емес, дегенмен, пайдасы да мол. Шоққа қақталған ет – халықтың күнде тұтынатын тағамына жатпайды. Сондықтан келушілердің саны сыпайы қызмет, сапалы өнім, орналасқан жерінің қолайлылығы, дәмді және буы бұрқыраған тамақ, жарнамаға байланысты. Сергей Гарский келушілердің барлығының көңілінен шығатын кәуапхана ашқысы келді.

Алдымен мейрамхананы толық іске қосуға қажеті құрал сатып алу мақсатында «Сбербанкке» несие үшін жүгінді. Жоба «Даму» Қорының кепілдігімен «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» бойынша жылына 6%-дық мөлшерлемемен мақұлданды.

Сергейдің кафе-барының бірінші қабатына 50 адам, екінші қабатына 80 адам сияды. 10-12 адамға арналған VIP-бөлмелері бар. Кафе-бар қаланың әкімшілік және тұрғын ауданында орналасқан. Адам көп жүретін жерде, әрі айналада 25 тұрғын үй орналасқан. Қазір мейрамханаға келушілер аз емес. Себебі BARASHEK

Дереккөз:
Қарап шыққандар саны:
2076
(Нет голосов)
Мәтінде қате табылған жағдайда, оны бөліп көрсетіңіз де «Ctrl + Enter» басыңыз