Колл-центр(Тегін қоңырау шалу):
1408+7 (800) 080 18 90

Қостанайда «Патриот» атты асхана желісі ашылды

 Қостанайда «Патриот» атты асхана желісі ашылды

Қостанайда жаңа асхана мен аспаздық ашылды. «Патриот» - бұл ресейлік желі. Франшизаны кәсіпкер Екатерина Анциферова сатып алып, Қазақстанда алғашқы болып жүзеге асыруда. Сонымен қатар, Катерина балалар киімін сатып, қаладағы сауда орталықтарының бірінде балалар ойын алаңын ұсынумен де айналысады.

Бизнестің жаңа бағытына жол салған «Патриот» асхана мен аспаздық желісі - бүкіл отбасы жиналатын заманауи формат, үйдегідей дәмді тамақ. Тағамдар сөреде ұзақ жатпайды, тек таңертең ғана емес, күні бойы тоқтаусыз пісіріледі. Қазір желі бойынша 16 асхана бар. Атап айтқанда: 15-і Челябинск қаласында және біреуі Екатеринбург қаласында. 2 аспаздық, 1 «Патриот» өндірістік-тарату орталығы және 6 франшизаның құрылысы жүргізілуде. Қазақстанда бұл франшиза тұңғыш рет тек Қостанай қаласында ашылды.

Жобаны іске асыру үшін ауданы 726,5 ш.м. ғимарат сатып алу керек болғанда Екатерина «Forte Bank» АҚ арқылы «Еңбек» бағдарламасы бойынша 6%-бен несие алды. Кәсіпкер өз қаражатына ғимаратты жөндеп, жабдық, жиһаз бен арнайы киім сатып алды.

«Қазір жұрт қоғамдық тамақтандыру орындарына ұдайы барады. Бірақ күнделікті дәмхана немесе мейрамханада түстенуді көпшіліктің қалтасы көтермейді. Бизнес-ланч мәзірі де тез жалықтырады. Көп адам дәмді және сапалы тағамды қолайлы бағада сатып алғысы келеді. Мысалы үйде анасы, әжесі, әйелі жасағандай сіңімді болса дейді. Біз мұздатылған, жартылай дайын тағамдарды пайдаланбаймыз. Біз соя мен басқа да химия, табиғи емес қоспаларды пайдаланбаймыз. Алкоголь сатылмайды. Өйткені «Патриот» - отбасылық форматтағы асхана. Біз үшін ең бастысы - қонақтарымыздың, соның ішінде ересектер, балалар мен қарттардың жайлы демалысы мен қауіпсіздігі. Біздің өз аспаздығымыз бар. Сондықтан да сөреде әрқашан жаңа піскен нан, тоқаш, күлшелер мен бәліш, тәттілер болады. Ересектер түстеніп отырғанда балалар алаңында сәбилер көңіл көтеріп, ойнай алады. Біздің «Патриотымыз» қала және облыс тұрғындары арасында танымал болады деп сенеміз. Сіздерге қош келдіңіз дейміз»,-дейді Екатерина.

 

Дереккөз:
Қарап шыққандар саны:
281
(Нет голосов)
Мәтінде қате табылған жағдайда, оны бөліп көрсетіңіз де «Ctrl + Enter» басыңыз
Оған қоса мыналарды да қараңыз