Колл-центр:1408 (Тегін қоңырау шалу)

Ақтөбе облысында жол бойындағы қызмет көрсету нысандары дамып келеді

Ақтөбе облысында жол бойындағы қызмет көрсету нысандары дамып келеді

Ақтөбе облысында дамып келе жатқан бизнес бағыттарының бірі - жол бойындағы сервис. Ақтөбе облысының Хобда ауданы Самара-Шымкент тас жолының бойында «Маяк» атты кемпинг ашылды. Нысан аудан орталығына жақын жерде орналасқан. Халықаралық стандарттарға сай келетін кемпингте 40 орындық қонақ-үй және 100 орындық асхана және «стандарт», «отбасылық» және «люкс» санатты қонақ бөлмелері бар. Әр бөлмеде интернет және спутник теледидар қойылған. Құны - тәулігіне екі мыңнан бес мыңға дейін.

Кемпинг иесі Амантай Берденов «Даму» қорының ежелгі клиенттерінің бірі, мол тәжірибесі бар кәсіпкер. Бұған дейін ол дәл осындай жобаны Қордың қолдауымен Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында жүзеге асырған болатын.

Бұл жолы «Банк Центр кредит» АҚ арқылы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында алған несиесін субсидиялап, Қордың кепілдігін пайдаланды. Нәтижесінде 40 адамға жұмыс орны ашылды.

Кемпинг жаңында жүк көліктеріне арналған үлкен тұрақ бар. Жақын уақытта көлік тұрағы кеңейтіліп, жанармай бекеті, жанармай құю станциясы, дөнгелек жөндеу, көлікке қызмет көрсету станциялары салынады. Ауданда осындай кемпингтердің оншақтысы жұмыс істеп тұр және олардың басым бөлігі «Даму» қорының қолдауымен іске қосылған.


Дереккөз:
Қарап шыққандар саны:
215
(Нет голосов)
Мәтінде қате табылған жағдайда, оны бөліп көрсетіңіз де «Ctrl + Enter» басыңыз