Колл-центр:1408 (Тегін қоңырау шалу)

Ақтөбеде газ өңдеу зауыты ашылды

Ақтөбеде газ өңдеу зауыты ашылды

Gas Processing Company» ЖШС 2016 жылы құрылған. Компания Ақтөбе облысы Байғанин ауданының «Қожасай» кен орнында ілеспе газын кәдеге жарататын зауыт құрылысы жобасын қолға алды. 2017 жылы Компания «Банк ВТБ» АҚ ЕБ арқылы құрылыс-монтаждау және негізгі құралдарды алуға жалпы құны 4,5 млрд теңге несие рәсімдеді. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша жалпы 15,27% пайыздың 10%-ы субсидияланды.

Газөңдеу зауыты өткен жылдың соңында іске қосылды. Индустриаландыру күніне арналған дәстүрлі телекөпір кезінде мемлекет басшысы тікелей эфир арқылы ірі зауыттың жұмысын бастауға рұқсат берді. Сонымен қатар зауыттың ашылу салтанатына Ақтөбе облысының Әкімі Бердібек Сапарбаев та қатысты.

«Gas Processing Company» ЖШС кәсіпорны салған ілеспе мұнай газын кәдеге жарататын заманауи зауыттың жаңа қондырғысы жылына 226 текше метр тауарлы газ, 37 тонна пропан-бутан қоспасын, 5,4 мың тонна газ конденсатын, 10,5 мың тонна түйіршіктелген күкірт шығаруға мүмкіндік береді. Газды кешенді дайындау қондырғысы шикізат базасын ұтымды пайдалануға, ілеспе мұнай газын қайта өңдеуді арттыруға және зиянды заттардың атмосфераға шығуын едәуір азайтуға мүмкіндік береді.

Жаңа кәсіпорында 200 –дің үстінде жаңа жұмыс орындары ашылды және жеті жылдың ішінде өңірлік және республикалық бюджетті 10 млрд теңгеден астам салық түсімдерімен толтырады деп жоспарланып отыр.

Дереккөз:
Қарап шыққандар саны:
10789
(Голосов: 1, Рейтинг: 5)
Мәтінде қате табылған жағдайда, оны бөліп көрсетіңіз де «Ctrl + Enter» басыңыз