Колл-центр:1408 (Тегін қоңырау шалу)

Алматы облысында «YAM-E-E-E» балы шығады

Алматы облысында «YAM-E-E-E» балы шығады

Соңғы жылдары Алматы облысында омарташылар  көбейіп келеді. Отарташы үшін ең қиыны - бал алу емес, оны сату.
Жаңа өнімдерді насихаттау тәжірибесі бар жас кәсіпкер өз идеясын бизнес-жобаға айналдырып, 2017 жылы «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша грант ұтып алды. Текелідегі моноқалашықта инновациялық орамасы бар «YAM-E-E-E» атты бал пайда болды.
«Стиктер - тек қана бірінші қадам. Болашаққа деген жоспарларымыз үлкен. Ол бойынша омарта жұмысын стандарттап, экспорттауды қамтымақпыз. «YAM-E-E» компаниясы дұрыс тамақтанудағы қазіргі заманғы үрдістерге балдың сәйкес келетінін түсіне отырып, сату, маркетинг және менеджменттің мол тәжірибесі негізінде құрылды. Ең бастысы үлкен қалада бал тұтынушылар қатарын көбейткіміз келеді», - дейді компания басшысы Айбек Баширов.

«YAM-E-E» сауда белгісі бар бар компания өзіңізбен бірге алып жүруге ыңғайлы қаптамадағы бал шығарады. Себебі құтыдағы, шыны ыдыстағы балды көтеріп жүру ыңғайлы бола бермейді. Сондықтан олар балды стик пакеттерге салып сатуды бастады. Соның арқасында табиғи бал жол жүргенде, демалыста немесе жұмысқа барарда алып шығуға ыңғайлы болды.

Дереккөз:
Қарап шыққандар саны:
358
(Нет голосов)
Мәтінде қате табылған жағдайда, оны бөліп көрсетіңіз де «Ctrl + Enter» басыңыз