Колл-центр:1408 (Тегін қоңырау шалу)

Астаналық жас кәсіпкер стартап жобасына мемлекеттен қолдау алды

 Астаналық жас кәсіпкер стартап жобасына мемлекеттен қолдау алды

Демегенов Диас Бағытұлының «W-Productions» ЖК иелігіндегі стартап жобасы фото және видео түсірумен айналысады. Халықаралық ақпарат технологиялары университетін бітірген 25 жастағы кәсіпкер видео және фото түсіруге қызығып, осы саланы зерттей бастады. Оқып жүрген кезінде де университетте өтетін шараларға белсене қатысып, фото және видео түсірілім бойынша қызмет көрсететін. Кейіннен оны телеарналарға түсірілімге шақыра бастады.

Бұл салада сұраныс жоғары болғандықтан, Диас жеке мектебін ашпақ болды.

«Алдымен жекеменшік мектептердің бірінде оқу сыныбын ашуды ойладым. Шағын кабинетті жалға алып, аптасына бірнеше рет сабақ өткізіп тұрам дедім. Бірақ бұл ойым бірден жүзеге аса қоймады де іс ұзаққа созылып кетті. Уақыт өте келе, Даму Қоры арқылы мемлекеттен қолдау алуға болатынын естідім. Бұл кезде жоба дизайны, үй-жай таңдау жұмыстарымен айналысып жатқанмын. «Даму» Қоры туралы білген кезде несие алуға тырысып, банк талап еткен құжаттарды жинауға бел будым», - дейді Диас.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ жас кәсіпкердің жобасын қолдап, «Астана Бизнес-2» өңірлік бағдарламасы аясында 5 жылға 8,5%-бен несие берді. Стартап жобаға «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша «Даму» Қоры кепілдік берді.

Несие қаражатына кәсіпкер дыбыс жазу мектебіне арнайы жабдықтар сатып алып, жөндеу жұмыстарын жүргізді.

Мектепте фото және видео түсіруді оқытып, кадр монтаждауды үйретеді. Фото-видео, дыбыс жазу студиясы, компьютер сыныбы бар. Яғни, оқушылар бұл жерде ролик түсіріп, дубляж жасап, монтаж жасай алады. Біздің мектептің бірегейлігі - ыңғайлылығында. Барлық жабдықтар бар, тек келіп, оқып, үйрену ғана қалады.

«Render School» мектебі:

* Фото түсіру

* Фидео түсіру және монтаждау

* Визуалды әсерлеу (vfx)

* 3D модельдеуді үйретеді.

Жақын арада компания Графика дизайны бойынша сынып ашуды жоспарлап отыр.

Мекенжайы: Нұр-Сұлтан қ., Қонаев к-сі 12/1; тел.: +7 (701) 735 62 26, +7 (775) 577 05 45; Instagram: render.astana 

Дереккөз:
Қарап шыққандар саны:
685
(Нет голосов)
Мәтінде қате табылған жағдайда, оны бөліп көрсетіңіз де «Ctrl + Enter» басыңыз