Колл-центр:1408 (Тегін қоңырау шалу)

Қазақстанда жоғары сапалы кілемдер тоқылады

Қазақстанда жоғары сапалы кілемдер   тоқылады

Кілемсіз үйді елестету қиын. Ал көп қазақстандық «интерьердің бұл элементі елде шықпайды, тек шеттен тасымалданады, сол себепті қымбат болуы керек» деген пікірде. Шын мәнінде, олай емес. Шымкенттік «БалТекстиль» компаниясы 2013 жылдан бастап кілем шығарып келеді және осы өте қысқа мерзім ішінде қолжетімді, өте сапалы өнім шығарушы ретінде танылды.

«БалТекстиль» компаниясы көзің жауын алатын алуан түрлі кілем шығарады. Кілем дизайнының бес жүзден астам нұсқасы бар және күннен күнге көбейіп келеді. Компания шығаратын өнім сапасын арттыру үшін өндіріс құралдарын үнемі жаңартып отырады. Еуропа сапасындағы құралдарда шығатын кілемдердің құны төмен болуы үшін іс барысынжа өздері шығаратын жіпті пайдаланады.

Компания өзінің әр клиенті мен тапсырыстарына жеке назар аударып, жеткізіп беруді мұқият қадағалайды. Жылына 5 млн шаршы метр кілем өндіріледі.

«Бал Текстиль» құрылтайшылары фабриканың құрылысына 1,2 млрд теңге өз қаражатын салды. Алдымен компания жалпы ауданы 15 мың шаршы метр болатын жабық жай, екі цех пен әкімшілік ғимарат салды. Төрт тоқыма станогын сатып алды. Екінші кезеңді жүзеге асыру үшін «Даму» қоры арқылы 6 жылға 2,2 млрд теңге несие алды. Ол қаржыны айналым қаражатына салып, тағы үш станок пен құны 1,8 млн еуро болатын Oerlikon Neumag атты полипропилен жіп иіретін неміс құрылғысын сатып алды. Қазақстан үшін бұл бірегей өндіріс саналады. Республика бойынша еш жерде кілемге жіп шығарылмайды. Кешен тәулігіне 10 тонна жіп шығарады. Бұл - өнімнің өзіндік құнын 20%-ға арзандатуға мүмкіндік береді», - дейді кәсіпорын директоры Талғат Исхаков.

Компанияның миссиясы: адамдардың әл-ауқатын жоғарылатып, бақытты өмір сүруіне қол жеткізуге ықпал ете отырып, жоғары сапалы кілемдер мен кілем бұйымдарын ақылға қонымды бағамен өндіру.

Талғат мырза өзінің табыс құпиясымен бөліседі:

1.   Уақытыңызды тиімді пайдаланыңыз. Басымдықтарды анықтап, барынша дамуға қол жеткізуге болатын нәрсеге назар аударыңыз.

2.   Тиімді келіссөз жүргізіп үйреніңіз. Сіздің өз ісіңізге деген құмарлығыңыз басқаларды сізге көмектесуге шабыттандырсын.

3.   Шешім қабылдай біліңіз. Қолда бар ақпаратқа сүйене отырып, шешім қабылдаңыз және осы бағытта сенімді қадам жасаңыз.

4. Ашық болыңыз. Өз сананызды балама идеяларға толтырыңыз.

5. Жауапкершілікті болыңыз. Назар аударыңыз, алаңдамаңыз, істі кейінге қалдырмаңыз.

Дереккөз:
Қарап шыққандар саны:
2028
(Нет голосов)
Мәтінде қате табылған жағдайда, оны бөліп көрсетіңіз де «Ctrl + Enter» басыңыз